02
сентябрь
2024
Ыстық тамақ туралы
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде Асханада пайдаланылатын тамақтық шикізат пен өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
- Аспазшы Жанбирбаева Айгерим Сарсенгалиевна (Сертификат 2023ж.), ЖШС «Мар-Нур» колледжді бітірген білімі бар, аспазшы медициналық тексерістен уақытылы өткен.
- Күнделікті тамақтың сапасы мен бір балаға арналған тамақтану мөлшері (норма) сақталған. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай. Тағамдарда дәрумендері бар жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі.
- Аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен нысандардың сәйкестігіне берілген қорытындысы бар, мектепішілік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында мониторингтік комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Аптасына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекция жасап отырады. Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған.
- Асханада тоңазытқыштар жұмыс істеп тұр, ыдыстарды жууға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар осы Санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес қолданылады.
- Жергілікті бюджеттен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі бекітілген. Мұғалімдер кезекшілік кестесі бекітіліп асхана бұрышында ілінген. Тамақтану кестесі бекітілген. Тамақтану туралы айлық есептер орындалып отыр.
Мектеп асханасының жұмысын тамақтандыру сапасының мониторингі
2024-2025 оқу жылында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 39 оқушы және 1 сынып оқушылары « Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту» қорынан бөлінген қаржыға мектеп асханасының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуына басшылықпен бақылау жасау кезінде бұйрық шығарылған, төмендегі мониторинг топ құрамы бекітілді.
- Мектеп директоры: К.Ж. Иманкулова
- Ата-аналар комитетінің мүшесі Л.Қ.Сатыбалдиева
- ДТІЖО: М.К.Спанова
- Мектеп медбикесі: А.Э.Адильбаева
- Әлеуметтік педагог: К.М.Егешев
Тексеру барысында анықталды:
- Ас мәзірі бойынша барлық тағам қамтылған
- Азық-түлік сақтайтын, көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру орындары санитарлық талаптарға сай.
- Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген.
- Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.
- Асханадағы ауыз су режимі дұрыс жолға қойылған. Уақытылы ауыстырылып тұрады.
- Әкелінген азық-түлік сапалы, жарамдылық мерзімі өтпеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай.
- Бекітілген ас мәзірі бойынша тамақты нормаға сай, балалардың денсаулығына пайдалы, әрі дәмді дайындалады.
- Азық-түліктер уақытылы жеткізіліп тұрады.