Бракераж комиссиясы туралы » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
31
март
2021

Бракераж комиссиясы туралы

С.Шәкіров атындағы мектепте 2020-2021 оқу жылы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы

Анықтама

      Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселеленің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам-бұл қажетті қуат пен заттектектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. 

Мектепте 2021 жылдың 25желтоқсандағы  №67 қаулысына сәйкес жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында 5 адамнан тұратын комиссия құрылды. Комиссия мүшелері аптасына 1рет тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің (азық-туліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығы негізінде медбике А.Адильбаева асханадағы ыстық тамақ бірілетін күн сайын ағымдағы жылдың қыркүйектің 12-е дейін бракераж журналына жазу арқылы тағамның сапасына органалептикалық бағалау жүргізсе, күнделікті оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуеметтік педагог К.М.Егешевке жүктелген. 

Мектепте 1-11 сынып оқушыларынан жалпы 347 бала, оның 49 аз қамтылған   (1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушыларынан аз қамтамасыз және копбалалы  етілген отбасы балалары) мектепте сәуір айының басынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған. 

2020 оқу жылы басынан тамақтандыру карантиндік режимге байланысты болған жоқ. Сонымен  қатар асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау бойынша бракераж, рейдтік іс-шаралар  жүргізілді. 

«Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы: ас үйде 10 үстел, 40 орындық, 6 қол жуғыш талапқа сай қойылған, гигиеналық талаптар сақталған. Тексеру барысында қоймалық бөлмелерде шикі, азық-түліктердің сапасын бақылау журналы бар, сонымен қатар қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Бір күндік тамақ сынамасы тоңазытқышта тәулік бойы сақталған, ас мәзірінде тамақтың әр түрлі  болуы мен дайындалу технологиясын қатаң қадағалауда. Мектепте оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін, әр балаға ыдыстардың  жеткіліктігі талапқа сай болғанмен әліде толықтыру керектігі айтылды. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Тексеру барысында  тамақтан уланудың алдын алу  мақсатында балалар тамағына қолдануға тыйым салынатын тағамдар: пастерленбеген сүт, қаймақ, майға қуырылған бәліш, тоқаштар, майонез қосылған салаттар, газды сусындар, чипстер, кептірілген нан т.б. өнімдерін мектеп асханасына мүлде қолдануға болмайтыны ескертілді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив