Жарты жылдық есебі » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
26
февраль
2020

Жарты жылдық есебі

С.Шәкіров  атындағы орта мектебі
 Әлеуметтік педагогтың ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен
 жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық есебі

 
 
 
2019-2020 оқу жылында мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде мониторинг және бракераждық комиссиясы құрылған, бұйрықпен бекітілген, сонымен қатар арнайы іс шаралар жоспары бойынша жұмыс жүргізіледі. Комиссия әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алады. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалайды. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылайды. Барлық сараптама нәтижелері арнайы бракераждық журналдарға толтырылады, айына бір рет комиссия отырысы болады. «Мектеп асханасы» республикалық акциясы барысында ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы мектепте перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы бақылау жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесі мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесінің талапқа сай жүргізілгенін көрсетті.
 С.Шәкіров атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар және 27 ақпан аралығында  «Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілу мақсаты: оқушылардың сапалы тамақтандыруын ұйымдастыру, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, күнделікті ас мәзірін  нормаға сай берілуіне бақылау жұмыстарын жүргізу. 
Мектепте  тегін ыстық тамақпен қамтылған 26оқушы бар. I тоқсанда оқушылардан «Тағамға балалардың көзқарасы» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың мектеп асханасындағы тамақтандырудың талапқа сай екендігі анықталды.
«Тағамға балалардың көзқарасы» анкетасы
1. Мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнайды ма?
а) иә -100%
б) жоқ
2. Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың?
а) күнделікті-100%
б) кейде
в) асханаға бармаймын, қымбат;
3. Қандай тағамның түрлері саған өте ұнайды?
Ас мәзіріндегі берілетін тағам түрлерінің барлығы ұнайды. 
4.Ыстық тағам сенің оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба?
а) иә -100%
б) жоқ
5.Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе, олардың атауларын келтір:
              Анемия, асқазан аурулары, әлсіздік т.б  
Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде
Мектеп медбикесі А.Адильбаева және әлеуметтік педагог К.Егешев бірлесе отырып 1сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқып, талқылап, интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты суреттер мен бейнероликтер көрсетілді.
Оқушылармен қарапайым тамақтану ережелерінен бастап, нақты тамақтанудың гигиеналық талаптарын жан-жақты сөз етті. Таныстырылым соңында оқушылар барлығы бірлесіп, ортақ тамақтану гигиенасын құрды. Денсаулық адамның өз қолында екендігі ескертіліп, салауатты өмір салты насихатталды. Жас ерекшеліктеріне қарай зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері жайлы айтылды. Спортпен шұғылданып, денсаулықты күту әр адамның өз қолында.
II тоқсанда оқушылардын сауалнама алынды. Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру.
 Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу.
 Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.
 
 Сауалнаманың нәтижесі:
 1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен?
 Иә – 100 %
 Жоқ
 2.Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма?
 Иә- 100%
 Жоқ
 3.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?
 Иә - 82%
 Жоқ – 18%
 4.Асханаға көңіліңіз толады ма?
 Иә -100%
 Жоқ
 5.Асхана тәртібі ұнайды ма?
 Иә- 100%
 Жоқ
 6.Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма?
 Иә -100%
 Жоқ
 7.Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз?
 Жоқ -100%
Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жоғары деңгейде
Ашық есік күні ата-аналар келіп, мектеп асханасының талапқа сай екендігін, ас мәзірі, кезекшілік кестесі, санитарлық жағдайымен танысып, қанағаттанды. 
Акция барысында мектеп психологы М.Спанова «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің өткізілу мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс тамақтануға, жеке бас гигиенасын сақтауға, тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Оқушылар арасында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.   
Қорыта келе, халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болып, тамақтану ережесін сақтаған жөн. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив