Қамқоршылық кеңес есебі » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
14
февраль
2019

Қамқоршылық кеңес есебі

Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдықта атқарған жұмыстар туралы ЕСЕБІ


Сәду Шәкіров атындағы орта мектеп әдістемелек кеңестің 2017 жылы тамыз айының № 4 бұйрығына сәйкес мектепте бастауыш сынып мұғалімдер бірлестігі, гуманитарлық пәндер бірлестігі, жаратылыстану бірлестігі құрылды. Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі - Р.Сауранбаева, гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі – Н.Жұмақұлова, жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі- Г.Байсұлтанова болып бекітілді.
Әдістемелік бірлестіктеріндегі ортақ тақырып- оқушының ізденушілік, шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқу процесі барысында жеке тұлға дамуын қамтамасыз ету .
Мақсаты – білім мазмұнын жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру.
Мұғалімдер пәндік жетілдіру курстарын, педагогикалық технологиялар бойынша (СТО, ҮӘЖ) курстарынан өткен.
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында курстан өткен мұғалімдер: К.Жақыбаева бірінші (ілгері) деңгейі, А.Ниязбекова-бірінші (ілгері) деңгей, М.Мырзаханова- бірінші (ілгері) деңгей, тренер.
М.Мырзаханованың тренерлігімен төмендегі ұстаздар 100 сағатты «Тәжірбиедегі рефлекция» курсынан өтті. Ұжымда 23 мұғалім сертификат алды.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында курстан өткен мұғалімдер :
1. Елемесов Б- орыс тілі пәні мұғалімі , жоғарғы санат
2. Ибраемжанова К- биология пінң мұғалімі, жоғарғы санат
3. Умирзакова А- бастауыш сынып мұғалімі, І санат
4. Оспанова Қ- бастауыш сынып мұғалімі , ІІ санат
5. Ниязбекова А- география пәні мұғалімі , жоғарғы санат
6. Мұхитқызы Б- ағылшын тілі пәні мұғалімі, санаты жоқ
7. Нұрмаханбет М- математика пәні мұғалімі, санаты жоқ
8. Алибаева К- бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санат
9. Сауранбаева Р- бастауыш сынып мұғалімі , жоғарғы санат
10. Тлеумбетова Р- бастауыш сынып мұғалімі, І санат.
Мектеп мұғалімдері аттестациядан өту кестелеріне сәйкес біліктілігін арттырып, растап отырады. Ұжымда санаты бар мұғалімдер : жоғарғы санат- 18 мұғалім, І санат- 7 мұғалім, ІІ санат- 2 мұғалім, санаты жоқ – 16 мұғалім.
Оқушылар ғылыми жобаларға қатыстырылып отырады. Тұтқышбай А- «А.Байтұрсынов – тіл негізін қалаушы », Жұмабек Ж- «Латын әліпбиіне көшудің стратегиялық маңызы» (ІІІ орын), Тұрғынбай А- «Болашақ маман иесімін» (ІІІ орын).
Аудандық зерттеу жұмысынан орын алған оқушылар:
1. Амантай Елдар 3 сынып – ІІ орын
2. Асанбек Інжу 2 сынып – ІІІ орын
3. Ермекова Жәмиля 7 сынып – ІІІ орын
4. Тоқтағұл Қарақат 7 сынып – ІІІ орын.
Мектепте мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мен дарынды , қабілетті балалардың қаламын ұштай түсу басты назарда.
Ұстаздар жетістігі: Алибаева К- «Ұстаздық еткен жалықпас» Республикалық онлайн байқау дипломмен марапатталды,Умирзакова А, Балқыбекова Д, Асанбаева Н, Байдовлетова Р, Алибаева К «Пони» халықаралық байқауының дипломымен марапатталды. Балқыбекова Д, Тоқтасынова А, Сауранбаева Р., Оспанова Қ, Асанбаева Н- бастауыш сыныптар пәні бойынша өткен республикалық олимпиаданың «Алғыс» хатымен марапатталды. Жұмақұлова Н- КИО қашықтықтан оқыту олимпиадасында ауданнан І орын , облыстан ІІІ орын, республикалық ІІІ орын иеленген. Жапсарбаев Ғ- КИО ауданнан ІІІ орын, Байтүлекова Қ- аудандық ІІІ орын , Мұхитқызы Б- «Қазақстан ұстазы » қашықтықтан оқыту олипиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дарынды балалар жетістігіне тоқталатын болсақ, аудандық көлемде танылғандар: Жұмабек Ж, Тұрғынбай А, Көктеубай Б – әдебиет бағытында, облыстық республика көлемінде – Қуандық Н, Бостанов А- спорт бағытында, халықаралық интелектуалық ойындардың жеңімпаздары : Серікбай М, Асанбек І орын, Шорман А, Айхынбаева Н, Байтен А, Жарқынбек Ж, Қамшыбай С, Дүйсенбай Б, Тұрғынбай С, Алмаходжаева М. Республикалық «Ақбота » интелектуалдық марафонына қатысып 20 оқушы дипломмен марапатталды.
Мектеп мұғалімдері БАҚ- пен тығыз байланыста. Сабақтары, сыныптан тыс сабақтары баспасөз беттеріне жарияланды :
1. Тоқтасынова А. - бастауыш сынып мұғалімі
2. Балқыбекова Д. - бастауыш сынып мұғалімі
3. Жұмақұлова Н.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. Жапсарбаев Ғ. - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5. Байдовлетова Р. - бастауыш сынып мұғалімі
6. Шонмұрынова Г. - мектепалды даярлық топ мұғалімі
7. Байтулекова Қ. - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алдағы уақытта жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті жетілдіру басты назарда болып отыр.
2017-2018 оқу жылының І жартыжылдықта 310 оқушы білім алды.
2-11 сыныптар бойынша 65 оқушы үздік, 100 оқушы екпінді, 112 оқушы оқушы орташа оқып бітірді. Үлгермеуші оқушы жоқ, орташа білім сапасы 60%, үлгерім 100%.
Тәрбие жұмысы бойынша І жарты жылдықта 310 оқушы оқып білім алды. Оның 161 қыз,149 ұл бала. Мектепалды даярлық тобы -2
Мұғалімдер саны - 39
Сынып жетекшілердің жалпы құрамы – 20
Ыстық тамақпен қамтылғаны -13
С.Шәкіров мектебінің мөлтек ауданы бойынша үйден оқитын оқушы-3.
Қазақстан Республикасының білім берудегі тәрбиенің негізгі мақсаты жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, конституцияға және қоғамға қарама – қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
2 қыркүйек білім күніне орай «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Алғашқы қоңырауға Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, Желтоқсан зерттеушісі Мәкен Уақтегі, Төле би ауылдық округінің әкімінің орынбасары Б.Асатов қатысты. Мерекелік іс-шарадан кейін «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қазан айында ұстаздардың төл мерекесіне орай «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт өткізілді. Жолда жүру ережесіне байланысты аудандық «Асфальтта сурет салу» байқауы өтіп, мектебіміздің 5 «а» сынып оқушысы Тұрсатай Нұрдаулет Айдаулетұлы белсене қатысқаны үшін марапатталды.
«Аймақтық шығармашылық іздемпаздықтың кілті» атты шығармашылық жұмыс қорғау байқауына белсене қатысқаны үшін 5 «а» сынып оқушысы Жанатқызы Дана «Алғыс хатпен» марапатталды. Елбасымыздың мақаласы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткен «Туған жерім, байлығым» атты тақырыбында сурет байқауында 6 сынып оқушысы Мұсақұл Қарақат І орынды, 5 сынып оқушысы Жанатқызы Дана ІІІ орынды иеленіп мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Қараша айында аудандық «Өнерге қанат қаққандар» атты ән-би және өнер байқауында «Сурет» номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Нүпбай Азамат жүлделі ІІ орынды иеленіп, аудандық дипломмен марапатталды.
Қараша айында «Бақытты отбасым» атты топтар арасында сурет байқауы өткізілді. І орынды- 3-ші топ оқушылары; ІІ орынды- 1-ші топ оқушылары; ІІІ орынды- 2-ші топ оқушылары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
6 «а» сынып оқушысы Исмаил Сымбат ІІІ – орынды иеленді. 2017 жылдың 17 қарашасында Елбасымыздың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен «Жүз ағаш, жүз есім» атты акция болып өтті. Аталған іс-шараға экотоп мүшелері атсалысты.
Қазақстан Республикасы «Тұңғыш Президенті» күніне орай 2004-2005 жылғы жасөспірімдер ұлдар арасында турнирде 7 «а» сынып оқушысы Сәметұлы Елібай І орынды иеленіп марапатталды.
5 желтоқсанда Балалар жсөспірімдер орталығында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы» атты аудандық жас суретшілер байқауында 6 «ә» сынып оқушысы Мұсақұл Қарақат ІІ орынды иеленді, 6 «а» сынып оқушысы Исмаил Сымбат мақтау қағазымен марапатталды.
16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Балалар аңсаған тәуелсіздік» атты аудандық қылқалам шеберлері байқауында 5 «ә» сынып оқушысы Жанатқызы Дана ІІ орынды иеленіп, марапатталды.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аймақтық «Ел болашағы-Рухты жастардың қолында!» атты тақырыбындағы пікірсайыс турнирінде «Ұшқырлар» фракциясы ІІІ орынды иеленіп, марапатталды.
Қаңтар айында өткен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер-тұнғкан тарих!» тақырыбында бейнероликтер байқауында 8 «а» сынып оқушысы Тастемір Алина мақтау қағазымен марапатталды.
Ақпан айында Елбасымыздың мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: білім және бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында конференцияға 9 «а» сынып оқушысы Әбітай Асель «Рухани жаңғырудың жарқын жолы- Тәуелсіздік идеясының алтын қазығы» тақырыбында өз шығармашылығында баяндама түрінде жазып, қорғап, сертификатқа ие болды. 7 «а» сынып оқушысы Тоқтағұл Қарақат «Жұлдызды сәт» тақырыбында интеллектуалды ойынға қатысып, аудандық байқауға жолдама алды.
Наурыз айында өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Әжелер-көңілдің ажары, немере- өмірдің базары» атты аудандық байқауында Л.Сатыбалиева мен 3 «ә» сынып оқушысы Әскербек Алтынай ІІІ орынды иеленіп, марапатталды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудандық «Менің Отаным-Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтар слетіндегі «Ең жас қатысушы команда» номинациясымен І орынды иеленіп, мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде оқу жылының басында мектеп инспекторы, полиция капитаны А.Пирматов ай сайын кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында әр түрлі кездесулер мен әңгімелесулер өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық зор байлық», «Денсаулық фестивалі» мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен, «Баланың бас ұстазы» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Г.Ибраемжанова баяндама жасады. Мектеп бітірушілердің ата-аналарымен ҰБТ туралы, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында жиналыстар өткізілді. Қамқоршылық кеңесі өзінің қызметінің қамқоршылық кеңесі құрудан бастап, бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранмен өткізілуде. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы қатар өткендіктен аулалар мен пәтерлер араланып мектеп жасындағы балалар есепке алынды. Акция барысында көмекке мұқтаж отбасыларының балаларының жеке тізімдері жасалынды. Баланың мектепке баруға қажетті заттарын алуға материалдық көмек көрсету мақсатында демеушілер тартылды.
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде осы акцияға байланысты әкімшілік жоспар құрылып, қамқорлық -қайырымдылық акциясына арналған ақпараттық қабырға газеттері ілінді. Мектеп ұстаздары бекітілген мөлтек
аудан бойынша оқушылар мен жеткіншектерге рейдтер жүргізді. Оқудан тыс
қалған, мектепке бармай жүрген балалар анықталған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, ауырып қалған оқушылардың анықтамасын жеке іс-қағаздарына тіркеді.1-11 сыныптар аралығында «Жүректен жүрекке» тәрбие сағаттары өткізілді.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 13 оқушы мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Көмекті қажет ететін және аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық көмек ұйымдастырылып, ауыл азаматтарын игі іске тартып, киім-кешек, аяқ-киіммен, оқу құралдармен қамтамасыздандырылды. Мектеп ұжымы материалдық көмек көрсетті. Атап айтсақ: Сатыбалдиева Л.,Сыдыкова Г., Еженхан Б., Нуриева И., МолдабековаЖ., Даурембекова М. әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Толкумбаева Грияда 6 оқушыға қайырымдылық жасап, демеушілік көрсетті. Жалпы сомасы -82000 теңге. Қаңтар айында мектеп оқушыларының қатысуымен сан алуан тәттілер пісіріліп «Тәтті жәрмеңке» өткізілді, ата-аналар қауымдастығы бұл іс-шараға тартылды, 7 400 теңгеге тәтті өнімдер сатылды. Түскен қаржыға аталмыш санаттағы балаларға түрлі-түсті қағаздар, фломастерлер, калам-қарындаштар, дәптерлер сыйға тартылды.
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде 14-27 ақпан аралығында «Алғыс айту күніне» орай «Қамқорлық ел» акциясы бойынша көмекке мұқтаж, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «Қайырымды ел» акциясының өткізілуіне мектеп ұстаздары белсене атсалысты. Әр сыныпта алғыс айту плакаттары, қорапшалары ұйымдастырылып, әр оқушы жеке тұлға ретінде өз жүректерінен орын ала білген абзал жандарға жылы лебіздерін білдіріп, хаттар ұйымдастырды. Ұстаз, ана, отанға, достарына, көршілеріне деген алғысын білдірту мақсатында мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» тақырыбында ән-кеші ұйымдастырылды. 6-10 сынып оқушылар арасында алғыс айту күніне арналған айтулы тақырыптар бойынша шығарма, эссе жазу байқаулары ұйымдастырылып, үздіктері жүлделі орындарды иеленіп, марапатталды. «Қайырымды ел» акциясында мектеп мұғалімдері көпбалалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасы балаларына өздерінің қайырымдылық қолын созып, мектепке қажетті оқу құралдарын және киім-кешектерін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Атап айтқанда: мектептің педагог-ұйымдастырушысы Г.Сыдыкова 6 «Ә» сынып оқушысы Көктеубай Ұлжанға 8500 тенге көлемінде мектепке қажетті құрал-жабыдықтарын берді, мектеп ұстазы Нуриева Инабат, директордың шарушылық ісі жөніндегі орынбасары Б.Құрманғалиева 4 «А» сынып оқушысы Ахмет Ардаққа, 4 «Ә» Ниетбек Жандосқа 16500 тенге көлемінде киім-кешек алып берді. Барлығы 25000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
6-10 сынып оқушылар арасында алғыс айту күніне арналған айтулы тақырыптар бойынша шығарма, эссе жазу байқаулары ұйымдастырылып, үздіктері жүлделі орындарды иеленіп, марапатталды.
9-10 сынып оқушылары «Отаныма мың тағзым», «Ұстазыма мың рахмет!» тақырыптарында ЭССЕ жазды. 10-сынып оқушылары Әбдіманап А. мен Тұрғынбай А. эсселері өте әсерлі жазылған.
6-8 сынып оқушылары «Қайырымды көршіге рахмет!» , «Алғысым шексіз анама!» тақырыптарында ой-толғаныс шағын шығарма жазды. Көршілерден көрген кішкентай жақсылығын бағалай білген балалар ойлары тартымды шыққан. Ана туралы ойлары тіпті құнды.
11сыныпта «Алғыс айту» күніне орай бөлмеге қорапша қойылды. Оған оқушылардың ұстазына, ата-анасына, Отанға, достарына, көршілеріне деген алғыстары шексіз. «Алғыс айту » күніне орай мектеп мұғалімдері көпбалалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасы балаларына өздерінің қайырымдылық қолын созып, мектепке қажетті оқу құралдарын және киім-кешектерін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Атап айтқанда: мектеп ұжымы 14000тенге көлемінде 3 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабыдықтарын алып берді, мектеп тәлімгері Бүйенбаева Т. 7ә сынып оқушысы Мамбеткулов Елнұрға 16000 тенге көлемінде аяқ киім алып берді. Барлығы 30 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мектепте 1-11 сыныптар арасында өтетін әр түрлі мәдени іс-шараларға «Білім күні», «Наурыз» мерекесі тағы сол сияқты іс-шараларға оқушылар ат салысып отырады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив