Жаратылыстану пән бірлестігінің қарастыратын тақырыбы: » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Жаратылыстану пән бірлестігінің қарастыратын тақырыбы:
09
февраль
2019

Жаратылыстану пән бірлестігінің қарастыратын тақырыбы:

Жаратылыстану пән бірлестігінің қарастыратын тақырыбы:
« Оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқу процесі барысында олардың дамуын қамтамасыз ету арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру».
Мақсаты: Жаңашыл рухани бай, интеллектуалды дамыған, өздігінен іздене білетін, терең білімді, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру
Міндеті:
- Әр баланың қабілетіне қарай білім беруді қалыптастыру, дамыту;
- Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, ойлануына мүмкіндік жасауды қамтамасыз ету;
- Оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын анық жеткізуге дағдыландыру;
- Оқыту деңгейін ескере отырып,оқушыларға сапалы білім беруге кепіл болу;
- Нақты құбылыстарды жалпылауға, қоршаған ортаны танып-білуге дағдыландыру;
- Оқытудың жаңа технологиясын кеңінен қолдану;
- Озат ,жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін үйреніп,сабақта тиімді пайдалану.
Әдістемелік бірлестіктің проблемасы:Әр оқушыға қабілетіне қарай білім беру, жеке бас тұлғасын қалыптастыру.
Мектептегі оқу жаратылыстану-математикалық бағытта жүргізіледі.
Бірлестік мүшелері компьютерлік оқыту, тірек сигналдарыарқылы оқыту, Блум таксомониясы арқылы оқытуды, проблемалық оқыту, жаңа ақпараттық коммуникациялық оқыту, 12 жылдық оқытуға көшуге байланысты мұғалім мен оқушының құзіреттілігін арттыруды, 2017-2018 оқу жылында оқытудың бұл технологияларына қоса ҮӘЖ (үшөлшемді әдістемелік жүйе) технологиясын оқып-тануды негізге алды.
Мектепте оқушыларды ҰБТ-ға ОЖСБ-ға дайындау жұмыстары жоспар бойынша жүргізіледі.
Бірлестікте қабілетті баланың шығармашылық ізденісін дамытуға көбірек көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, пәндік олимпиадаларға, байқауларға, ғылыми жоба жұмыстарына, пікір-сайыс ойындарына қатыстырылады. Осының нәтижесінде ойы ұшқыр, қиялы жүйрік оқушы анықталады
2017- 2018 оқу жылының сәуір айында жаратылыстану пәндерінен дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыс барысы зерделенді . Әр пән мұғалімдерінің сынып бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жоспары тексерілді.
Пәндер бойынша аудандық «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысында 7сынып оқушысы Қ.Тоқтағұл I орынды иеленіп, арнайы мадақтамамен марапатталды.
Биология пәнінің мұғалімі Г. Ибраемжанова сабақ беретін 7 сынып оқушысы Тоқтағұл Қарақат аудандық « Ғылыми жоба» байқауына қатысып 3орынды иеленді. Осы пән бойынша 11сынып оқушысы Б. Көктеубай аудандық пәндік олимпиададан 3орынды иеленді.
Биология пәнінен NIO- республикалық ұлттық интернет олимпиадаға 7сынып оқушылары А.Амантай, Ж.Жақыпбай, Ш.Жолшыбай, Н.Сейталы, Қ.Тоқтағұл, 6 сынып оқушылары Д.Ахаева, С.Исмайл, 8сынып оқушысы Д.Мельсова қатысып I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары дұрыс құрылған. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтап олимпиадаларға қатыстырып. Дарынды балалардың күнделікті алған білімдері мен іскерліктерін үнемі назарда ұстайды.Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына ең қызықты тапсырмалар беріп отырады.
География пәнінің мұғалімі А.Ниазбекова сабақ беретін 7сынып оқушылары А.Орынтай, Ж.Ермекова, Қ .Тоқтағұл, 9сынып оқушысы Д.Жумабек NIO- республикалық ұлттық интернет олимпиадаға қатысып I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Мұғалім сабақта оқушының көңіл-күйін бақылап логикалық ойлауға қолдау көрсетіп өз ойын ашып айтуға бейімдейді.
М.Дәуренбекова математика пәнінен сабақ беретін сыныптарында оқушылардың дарындылығын дамытуға қажетті тапсырмаларды түрлендіріп береді. Баланың білімі мен ой өрісін дамытуда, мақсатқа жету үшін еңбектене білетін ойлау жүйесі дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп отырады.
Математика пәнінің мұғалімі Г.Байсултанова сабақ беретін 6сынып оқушылары А.Сатыбек, Н.Абдрахманқызы, Н.Сегізбаева, Д.Ахаева, С.Тойшыбай NIO- республикалық ұлттық интернет олимпиадаға қатысып I,II,III дәрежелі дипломдарды иеленді.
КИО-республикалық қашықтықтан өткен олимпиадаға математика пәнінен 8сынып оқушылары Ә.Тоқашева, М.Ибраимова, Ұ.Қасенқызы, А.Ахметбек, Т.Махамбетова қатысып арнайы сертификатқа ие болды. Мұғалім сабақ барысында мақсатқа жету үшін еңбектенуде оқушыларға түрлі қосымша тапсырмалар, деңдейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілетін арттыруда жұмыс жүргізіп отырады.
Математика пәнінің мұғалімі М.Нұрмаханбетов сабақ беретін сыныптарында оқушыларға қосымша тапсырма түрлерін беріп өз бетінше жұмыс жасауға ықпал жасайды. Балалардың пәнге қызығушылығын анықтауда жұмысты тереңдете жүргізу керектігі айтылды.
Физика пәнінің мұғалімі М.Қайрамбай оқушы дарындылығын дамытуда сабақ үстінде ұжым болып логикалық ойлауға жағдай туғызып отырады. Оқушыларға түрлі тапсырмалар беріп, ой-өрісін дамытуда жұмыс жүргізеді.
Бірлестікке енетін пәндер бойынша үлгермеуші оқушы жоқ, алайда қосымша жұмысты қажет ететін үлгерімі төмен оқушылар бар. Пән мұғалімдері олармен жеке жұмыстар жүргізеді.
Жаратылыстану пәндер бірлестігінде қоғам қажетін қанағаттандыру барысында ақпараттық мәдениетті игеру, яғни электронды оқулықтарды пайдалану, интерактивті тақтамен жұмыс жолға қойылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив