Құқықтық тәрбие бағыты бойынша жылдық талдау » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Құқықтық тәрбие бағыты бойынша жылдық талдау
09
февраль
2019

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша жылдық талдау

2017-2018 оқу жылында құқықтық тәрбие
бағыты бойынша жылдық талдауы

2017-2018 оқу жылында құқықтық тәрбие бағыты бойынша жылдық жоспар құрылып, бекітілді. Өткізілген іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Құқықтық тәрбие бағыты бойынша мынадай бағыттар негізге алынды.
- Тәртібі төмен, қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар
- Қылмыстың алдын алу
- Зиянды заттарды пайдалануға қарсы күрес бойынша жүргізілетін жұмыстар
- Мектептегі есірткіге қарсы күрес жұмысы
- Ішімдік пен темекі шегуге қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы
- Жолда жүру ережелері
- Жол транспорттық жарақаттың алдын алу бағыты
Мектепте құқықтық тәрбие бағыты бойынша кәмелетке толмағандар арасында заң бұзушылық пен қылмысты болдырмаудың ай сайын мектептегі ата-аналармен, оқушылармен, сынып жетекшілермен жиналыстар, түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы тұру проблемаларын зерттеу бағытында оқушылар арасында әлімжеттік бопсалау, қаржы жинау мәселелері туралы бірнеше сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнама нәтижесінде оқушылар арасында келеңсіз жайттар анықталмады. Мектеп мұғалімдері Төле би ауылының орталығындағы кафе, мейрамхана, интернет клубтары, саябақтарды аралап кезекшілік атқарады. Оқу жылының басында кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілік кезінде жасөспірімдер арасында ешқандай тәртіп бұзушылық болмады.
Қыркүйек айында 7-11 сыныптар арасында мектеп директорының ТІЖО м.а А.Адамбекова, педагог-ұйымдастырушысы Г.Сыдыкова, мектеп психологы М.Спанова, мейірбекесі М.Жұмайдың ұйымдастыруымен «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу жұмыстары: жыныстық жолмен болатын инфекциялар, жыныс гигиенасы», «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында дәріс пен баяндама оқылды.
Қазан айында 7-11 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ИДН инспекторымен кездесу ұйымдастырылды.
Қараша айында мектеп психологы М.Спанованың ұйымдастыруымен 7-11 сыныптар арасында «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді, сондай-ақ, «Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?» тақырыбында сауалнама алынды.
Желтоқсан айында 8-11 сыныптар арасында «Құқық бұзушылық неден басталады?» тақырыбында ЮПТ инспекторлары сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қаңтар айында 8-11 сыныптар арасында мектеп психологы М.Спанованың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы сауалнама алынды.
Ақпан айында 8-11 сыныптар арасында «Ұл бала тәрбиесі- жауапты іс» тақырыбында арасында мектеп директорының ТІЖО м.а А.Адамбекова, педагог-ұйымдастырушысы Г.Сыдыкова, мектеп психологы М.Спанова, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ұлдар жиналысы өтті.
8-11 сынып қыздары арасында мектеп директорының ТІЖО м.а А.Адамбекова, педагог-ұйымдастырушысы Г.Сыдыкова, мектеп психологы М.Спанованың ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді.
Наурыз айында 8-10 сыныптар арасында ЮПТ инспекторлары, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды білесің бе?»тақырыбында жарыс сабақ өтілді.
Сәуір айында 7-10 сыныптар арасында ЮПТ инспекторлары, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында пікір алмасу өтілді.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары жүргізілді. Мектептегі атқарылған жұмыстар бойынша қорыты жасалынды.

Похожие публикации:

09 февраль 2019 Тәрбие жұмыстары
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
JavierBrife
8 мая 2021 12:39
tider , tinder website
tindr
DavidWom
22 мая 2021 09:16
free dating with phone number
free dating no credit card ever