Тәрбие жұмыстары » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
09
февраль
2019

Тәрбие жұмыстары

2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық талдауы


Мақсаты: Тәрбие берудің кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының салауатты, мәдениетті, ұлтжанды, тілін, дінін құрметтейтін, ойлау қабілеті жоғары саналы азаматтарды тәрбиелеу
Тәрбие жүйесінің бағыттары:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие,
2. Рухани-адамгершілік тәрбие;
3. Ұлттық тәрбие;
4. Отбасы тәрбиесі;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі.
2 қыркүйек білім күніне орай «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Алғашқы қоңырауға Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, Желтоқсан зерттеушісі Мәкен Уақтегі, Төле би ауылдық округінің әкімінің орынбасары Б.Асатов қатысты. Мерекелік іс-шарадан кейін «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Денсаулық күніне орай мектеп оқушылары мен мұғалімдер орталық С.Хасенов атындағы стадионында өткізілген акцияға мектеп оқушылары мен ұстаздары аудандық спорттық жарыстар мен флешмоб байқауларына қатысты.
Өткізілу мақсаты: салауатты өмір салтына баулу. Дені сау ұрпақтықалыптастыру. Акцияға қатысушылар белсенділікпен қатысып, спорттың әр түрінен өткізілген байқаулардан жүлде алып, марапатталды. Қазақстан Республикасында өткізілген «Отбасы күніне» орай «Толағай» эстафеталық жарысы өткізілді.
Өткізілу мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру. Бұл эстафеталық жарысқа Бұралқиевтер отбасы қатыстырылып, жүлделі бас жүлдені иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы тілдер күніне орай «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты апталықты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Жапсарбаев, Н.Жұмақұлованың ұйымдастыруымен сынып сағаттары мен мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді.
Кеңес Одағының батыры С.Шәкіров-95 жылдығына орай «Батыр ерлігі- ұрпаққа үлгі» атты апталықта 8 «а» сыныбының жетекшісі Г.Жақыбаеваның ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізіліп, Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіровтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
9-10 сынып оқушылары арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Латын әліпбиге көшу» атты дебат өтілді. Отбасы күні мерекесіне орай :«Отбасы-бақыт мекені» атты апталық болып өтті.
Ұстаздар мерекесі күніне орай «Ұстаз-мектептің жүрегі» мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын 11 сынып оқушыларының ұйымдастырылып, слайд көрсетіліп, мерекелік концертке ұласты. «Мейірімді жүрек» қорғаншылар күніне орай дөңгелек үстел болып өтті. Қарттар күніне орай, «Қарттарым аман-саумысың?» тақырыбында «Мирас» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен акция өткізіліп, Төле би ауылы Сәрсенбі көшесі № 8 үйдің тұрғыны, 1936 жылы туылған еңбек ардагері Омарқұлов Мамырқұл Сейдуалыұлы және оның жұбайы 1937 жылы туылған ІІ топтағы мүгедек Омарқұлова Әйгүл Несібеліқызының үйіне барып ауласын тазалап, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызып, қарттардың алғысына бөленді.
5-7 сыныптар аралығынан «Күз ханзадасы» атағын иеленген 6 «Ә» сынып оқушысы Хасенұлы Сабыралы; «Күз ханшайымы» атағын иеленген 7 «Ә» сынып оқушысы Орынтай Алтынай
8-10 сыныптар аралығында бас жүлдені иеленген 10 сыныбы, сынып жетекшісі Г.Байсултанова; жүлделі І орынды иеленген 9 «А» сыныбы, сынып жетекшісі А.Ниязбекова; жүлделі ІІ орынды иеленген 8 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Г.Жақыбаева; жүлделі ІІІ орынды иеленген 8 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Ғ.Жапсарбаев
«Өнерлі сынып» номинациясын иеленген 9 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Г.Сыдыкова;
Мектепішілік іс-шараларды белсене қатысып ат салысқаны үшін 10 сынып оқушысы Тұрғынбай Аида марапатталды.
8-10 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы» атағын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Ерғали Спандияр; «Күз ханшайымы» атағын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Әбітай Әсел марапатталды.
9-11 сыныптар СӨС орталығы қызметкерлерімен кездесу өтіліп, бейнероликтер көрсетіліп, оқушылармен тренинг жүргізілді.
Қараша айында 9-11 сыныптар арасында «Болашақ мамандығым-менің тағдырым» атты дәріс өткізіліп, мамандықтар бойынша слайдтар көрсетіліп, оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауға бағыт берілді.
«1 желтоқсан-Президент» күніне орай әр сыныпта тақырыптық сынып
сағаттар өткізіліп, мектептің фойесінде тарих пәнінің мұғалімі М.Хакимованың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмі көрсетіліп, Елбасының геохронологиялық еңбек жолдарымен таныстырылды.
1-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне арналған апталық болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына желтоқсан оқиғасының 31 жылдығына орай халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған салтанатты жиын митинг өтті. Салтанатты жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалы кеңесшісі Әсел Досжанова қатысты. Жиында алдымен Қайрат Рысқұлбековтың тақта тасына гүл себеттері қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды . Рәсім аяқталғаннан кейін қонақтар мектеп 7 сыныптың жетекшісі К.Ибраемжанованың ұйымдастыруымен «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында ашық сабаққа қатысып, Қайрат Рысқұлбековтың музейін тамашалады .Өткен іс шара туралы аудандық «Шу өңірі» баспасөз газетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Байтүлекованың «Ұрпақ санасын жаңғырта түскен игі шара» тақырыбында жазылған мақаласы жіберілді.
9-11 сынып оқушылары арасында 1 желтоқсан – СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты СӨС қызметкерлерімен кездесу, тренинг, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай 1-4 сыныптар арасында «Жасыл шырша жанында», 5-7 сыныптар арасында «Қош келдің жаңа жыл!», 8-11 сыныптар арасында «Көгілдір от» атты жаңа жылдық іс-шаралар өтілді.
9-11 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Г.Жақыбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстан- тәуелсіздік жолында» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылар өздерінің Тәуелсіз егеменді еліміздің жетістіктерімен мақтана өз ойларын ортаға салды.
Мектептің әлеуметтік-педагогы К.Егешевтің ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушылары арасында «Жетім көрсең, жебей жүр» қайырымдылық акциясы өткізіліп, мектеп мұғалімдері көпбалалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасы балаларына өздерінің қайырымдылық қолын созып, мектепке қажетті оқу құралдарын және киім-кешектерін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Атап айтқанда: мектептің педагог-ұйымдастырушысы Г.Сыдыкова 6 «Ә» сынып оқушысы Көктеубай Ұлжанға 8500 тенге көлемінде мектепке қажетті құрал-жабыдықтарын берді, мектеп ұстазы Нуриева Инабат,директордың шарушылық ісі жөніндегі орынбасары Б.Құрманғалиева 4 «А» сынып оқушысы Ахмет Ардаққа, 4 «Ә» Ниетбек Жандосқа 16500 тенге көлемінде киім-кешек алып берді.
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты АӘД жетекшісі К.Ибраимов кездесу өткізіп, кездесуге аудандық ауған соғысы ардагерлері Жансейітов Әсет Тұрғанұлы, Рысжанов Қали қатысып, оқушыларға естелік әңгімелерін айтты. А.Ә.Д жетекшісі К.Ибраимовтың «Біздің ардақты жауынгерлер» атты мақаласы «Шу өңірі» аудандық баспада жарияланды.
1наурыз- «Алғыс айту» күніне орай мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып, мектеп оқушылары ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.
8 наурыз-халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Әрбір ана -періште» атты аналармен кездесу болып, әжесі мен немересі арасында ««Әжелер-көңілдің ажары, немере-өмірдің базары» атты байқау өткізіліп, байқау нәтижесінде ардақты әже Л.Сатыбалдиева немересімен жүлделі ІІІ орынды иеленді.
1-11 сынып оқушылары арасында 13 наурыз- халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туылған күніне орай «Қайрат- сен мәңгі жүрегіміздесің» атты апталық болып өтіп, мектеп оқушылары мектепішілік мұражайда Қайрат Рысқұлбековтың хаттары мен өлең жолдарын оқыды.
Наурыз мерекесіне арналған апталық бағдарлама жасалып, ашық тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары өтілді. Салт дәстүрге байланысты түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, сахналық көріністер қойылып, әр сыныпта наурыз көже таратылды.
7-11 сыныптар арасында К.Ибраимовтың ұйымдастыруымен «Сап түзе, сарбаздар!» сапта жүріп ән айту байқауы өтілді.
Мектеп тәлімгері Т.Бүйенбаеваның ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет байқауы өтілді.
Мектеп психологы М.Спанованың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау қажет пе?» атты тренинг өтіліп, оқушыларға әр-түрлі мамандықтың қыр-сырымен таныстырылып, болашақта өздеріне ұнаған мамандықтарын дұрыс таңдай білуге жол сілтеді.
1-11 сынып оқушылары арасында 7 сәуір- денсаулық күніне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Бұралқиев, Ғ.Жапсарбайдың ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өтілді. Аудандық С.Хасенов атындағы стадионда спорттың әр түрінен және флешмобтан байқау өткізілді. Мектебіміз жүлделі ІІІ орынды иеленді.
1-11 сыныптар арасында «1 мамыр- Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күніне» арналған апталық болып өтті. Сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізіліп, аудан орталығында мерекелік концертке 7 сынып оқушысы Сәметұлы Елібай, Н.Шаңбай және асфальтқа сурет салудан мектебіміздің 3 сынып оқушысы Ержан Сауран, 6 сынып оқушысы Мұсақұл Қарақат алғыс хаттармен марапатталды.
1-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс күнінің 73 жылдығына арналған апталық өтіп, тақырыпқа байланысты қабырға газеттері шығарылды, патриоттық әндер байқауын музыка пәнінің мұғалімі М.Текебаев ұйымдастырып, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды.
9-11 сынып оқушылары арасында ЖОО-нан, колледждерден келген оқытушылармен кездесу болып өтті. Ауданымыздағы № 10 Шу колледжінде «Ашық есік күніне» орай оқушылар оқу орнындағы мамандықтармен жете танысып, мағлұматтар алды.
1-11 сыныптар арасында «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынға байланысты іс-шара өтілді. Өткізілген соңғы қоңырауға аудан әкімінің орынбасары Жақсыбаев Нұрлан Сегізбайұлы, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тілшісі Чикаев Жұмахан Төлеуұлы, аудандық «Шу өңірі» газетінің тілшісі, суретші (фотограф) Ю.Норкин мектебіміздің ата-аналар алқасының төрағасы Б.Малдыбаев қатысты.
«31 мамыр- қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай, іс-шаралар өтіліп, аудандық қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
1-7 сыныптар арасында «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай апталық өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетуде белсенділік танытты. Аудандық жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға мектебіміздің «Балапан» бишілер тобы қатысты.
5-10 сыныптар арасында 4 маусым- Рәміздер күні «Рәміздерім - мақтанышым» атты іс-шаралар өтілді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктемелер беріліп, слайдтар көрсетіліп және патриоттық өлең әндер орындалды.







































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
JavierBrife
9 мая 2021 01:02
tider , how to use tinder
tinder app
DavidWom
22 мая 2021 15:04
dating games free online
senior dating site free
MichaelWem
26 июня 2021 09:57
personal ads free
dating my daughter