Мектеп психологының жүргізген жұмысы » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Мектеп психологының жүргізген жұмысы
09
февраль
2019

Мектеп психологының жүргізген жұмысы

2017-2018 оқу жылында мектеп психологының жүргізген жұмысының талдауы

М
ақсаты : Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау,мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, мұғалімдер ұжымында психологиялық қызмет ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында арнаулы бағдарламалар жасау.
- Балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау.
- Оқушылардың дамуындағы”дағдарыс”, “өтпелі”, “қиын” кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу
- Үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар
- Кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру;
Мектептегі қызметтің методологиясы негізінен жеке тұлғаны дамыту теориясына негізделеді. Оның өзі іс әрекет теориясынан, таным теориясынан дамыту теориясына жол ашады. Бұның өзі негізгі құндылық қарым қатынасты құрайды. Бұл қарым қатынас мектеп әкімшілігі, мұғалім, ата-ана, оқушы арқылы жүзеге асады.
Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары:
• Психологиялық диагностика
• Психологиялық профилактика
• Психологиялық түзету, дамыту
• Психологиялық консультация

С.Шәкіров атындағы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында қыркүйек айында сынып жетекшілерге оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйренуге психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беру мақсатында 1-11 ші сынып оқушыларының психологиялық картасы толтырылып анықтамасы жасалды.Мектепалды даярлық топтарының мектепке даярлықтарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп анықтамасы жасалды. 5 -ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты сауалнама жұмысы жүргізіліп және жас мамандармен кеңес жұмыстары жүргізіліп анықтамасы жасалды. Қазан айында дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды анықтау мақсатында сынып жетекшілермен бірлесе отырып жұмыстар жүргізіліп жоспары жасалды.«Ерекше бақылауды қажет ететін»оқушыларды анықтау мақсатында жұмыс жүргізіліп жоспар құрылды. 9-10 сынып оқушыларымен «Доссыз өмір бос» тақырыбында тренинг жұмысы жүргізілді. 6-8 ші сыныптар арасында «Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу мақсатында » кеңес жұмыстары жүргізілді. 11 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдауға кеңес беру мақсатында » тренинг жұмысы жүргізілді.Қараша айында 5 ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделу проблемаларының алдын - алу мақсатында ата-аналар жиналысынада кеңес жұмыстары жүргізілді. «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында 6-7 сыныптар аралығында тренинг жұмыстары жүргізілді және мектепалды даярлық топтарымен «Көп және біреу», «Талдап қорыту» тақырыбында ойын жұмыстары жүргізілді. 5-7 сыныптар аралығында «Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг жұмыстары жүргізілді. 9-11 сыныптар аралығында «Мен және менің таңдаған мамандығым» тақырыбында тренингі және сынып жетекшілері үшін сыныптарында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында сауалнама жұмысы жүргізіліп анықтамасы жасалды. Желтоқсан айында 1-4 ші сынып оқушыларымен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету мақсатында «Мен және жанұям»тренинг жұмысы жүргізілді және әр девиантты мінез-құлықты балаға сыныптан,сынып жетекшісінен мінездеме алу жұмысы жүргізілді.Жоғары сынып оқушыларынан «Тұлғаның күйзеліске өзіндік тұрақтылығын бақылау» мақсатында тест жұмысы жүргізілді және дарынды оқушылардың зейінін анықтауға бағытталған Мюнстенберг әдістемесі бойынша жұмыс жүргізілді. Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында 9 сынып оқушыларына «Мен таңдаған жол» тақырыбында тренинг ,кеңес жұмыстары жүргізілді. Қаңтар айында 11 сынып оқушыларының бойындағы қобалжу,мазасыздану,қорқыныш сезімдерін жою,өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру мақсатында психологиялық көмек және педагог ұжыммен «Сіз қандай екенсіз?»сауалнамасы жүргізіліп қорытынды анықтамасы жасалынды. Өтпелі кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп,кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың алдын алу мақсатында «Қарым –қатынаста мен қандаймын?» тесті алынып қорытынды анықтамасы жасалынды.

1 Мұғалім өз оқушыларының жетістіктерін алдын - ала анықтай алады
Иә 100 % Жоқ 0 %
2 Маған мұғаліммен татуласу қиын
Иә 24 % Жоқ 76 %
3 Мұғалім- әділ адам
Иә 100 % Жоқ 0 %
4 Мұғалім мені ебін тауып бақылу емтихандарына дайындайды
Иә 100 % Жоқ 0 %
6 Мұғалім сөзі мен үшін заң
Иә 76% Жоқ 24%
7 Мұғалім менімен жүргізілетін жұмысын мұқият жоспарлайды
Иә 88% Жоқ 12%
8 Мен мұғалімге толығымен ризамын
Иә 100% Жоқ 0%
10 Мұғалім үнемі жан жақты кенес бере алады
Иә 100% Жоқ 0%
11 Мен мұғалімге толығымен сенемін
Иә 84% Жоқ 16%
12 Мұғалім бағасы мен үшін әрқашанда заң
Иә 80% Жоқ 20%
14 Мұғаліммен жұмыс жасау мен үшін үлкен ғанибет
Иә 84% Жоқ 16%
15 Мұғалім маған аз назар аударады
Иә 8% Жоқ 92%
Наурыз айында ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан даярлау мақсатында «Сенім-менің серігім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі бағалау»тақырыбында сауалнама жүргізіліп қорытынды анықтамасы шығарылды.Орта буын оқушылары және бастауыш сынып оқушылары арасында психоконсультациялық ойын,тренинг жұмыстары жүргізілді.







Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив