Қамқоршылық кеңес есебі » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » Қамқоршылық кеңес есебі
14
декабрь
2018

Қамқоршылық кеңес есебі

С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанынан құрылған 2018-2019 оқу жылы бойынша қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстарының ЕСЕБІ

«Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, дамыған елдің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өз сөзін мектеп директоры қазіргі уақытта білім ордасында -334 оқушы білім алды, 21 сынып комплектісі бар. Оқушылардың І тоқсан бойынша көрсеткен білім сапасы 57 пайыз. Өздеріңізге белгілі 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшіп,5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда.
Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарда критериалды бағалау жүйесі енгізіліп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде. I тоқсан қорытындысы бойынша үздіктер -71, екпінділер-93, орташа оқитындар-124 оқушы, яғни біз межелеген мақсатқа жету үшін әлі де біраз бірлескен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалуда.
Мектеп оқушылары І, II– тоқсанда түрлі байқауларға , жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді.
Атап айтсам:
1. 2018-2019 оқу жылы Республикалық олимпиаданың мектепішілік I кезеңге 45 оқушы қатыстырып, аудандық олимпиаданың II кезеңіне 12 оқушы жіберілді. Аудандық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы пәнінен I орынды 9 сынып оқушысы Тұтқышбай Алтынай иеленіп, облысқа жолдама алды. Құқық пәнінен II орынды Қасенқызы Ұлпан, биология пәнінен III орынды Тилеубаева Айдана мен география пәнінен Болатбек Диана алды.
2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы аясында өткен аудандық ЭССЕ жазу байқауында «Туған жерге тағзым» тақырыбында 11 сынып оқушысы Тұрғынбай Аида ІІ орын иеленді.
3. 2017-2018 оқу жылы «Ақбота» интеллектуалдық ойынға 20 оқушы, математикадан «Кенгуру» лингвистикалық олимпиадаға 2 оқушы қатысып, II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушылар өз өлкесінің тарихымен тереңірек тану мақсатында Шу қаласының мұражайларына, кітапханаларға сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар киелі орындарын аралап келді.
Биылғы 2018-2019 оқу жылында да бұл үрдіс жалғасын тауып оқушылар «Баласағұн» қалашығына барып, тарихи жәдігерлерімен танысып келсе, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы «Баспа үйіне» барып, қызу қайнап жатқан газет және кітап басылымдарымен танысып, рухани азық алды.
Биылғы оқу жылында мектепте білім алып жүрген оқушыларға демеушілер тарабынан қандай көмек көрсетілгені туралы айтып өтті.
Әлеуметтік санатқа ие оқушыларға тамыз, қыркүйек айларында «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары барысында мектеп ұжымы мен аудандық маслихат депутаты С.Бастаубаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Файзуллина мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетті. Атап айтсақ, аз қамтылған отбасы балаларына, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мектеп формалары мен керекті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Жалпы көрсетілген материалдық көмек сомасы шамамен 88000 теңгені құрады.
Мектепте аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны - 14 бала сегіз отбасынан, жартылай жетім оқушылар саны -12 отбасы, көп балалы отбасынан шыққан балалар саны - 78. Мектеп асханасынан оқушылар бір мезгіл тамақтанады. Ата-аналар есебінен 332 бала тамақтанса, мемлекет тарабынан бөлінетін тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны-14, үйден оқитын оқушы саны - 2. Оқымайтын және мектеп жасына жетпеген балаларды анықтап тізімі жасалды. Мектепте акция туралы көрнекі құралдары жасалынып, банерлер ілінді. Мектепте акция барысында әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар анықталып, оларға материалдық көмек көрсетілді. Акция барысында ауыл тұрғындары, ауылдан шыққан кәсіпкерлер және мектеп ұжымы өз үлестерін қосты. Аз қамтылған 14 оқушы жергілікті бюджет есебінен толық қамтамасыз етілді. Акция өз дәрежесінде, ұйымдастырылып, жоғарғы дәрежеде өткізілді. Сонымен қатар «Қауіпсіз мектеп » акциясы да өз деңгейінде өткізілді.«Жолда абайлап жүр!» атты біріңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, жалпы ата-аналар жиналысында мереке күндері оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстарына арналған жадынамалар таратылып, ақпараттандырылды. Мектепте апаттық жағдайдан шығу бойынша эвакуациялық жатығулар өткізілді. Оқушыларға жаттығу ережелері түсіндіріліп, жағдайдан шығу жолдары ескертілді.
Мектеп инспекторы А. Пирматов - С.Шәкіров атындағы орта мектебінде «Құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты іс-шара жоспары қыркүйек айында мектеппен бірлесе отырып жасалып, бекітілді. Іс шара жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылғандығын, яғни мектеп мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып бопсалау, әлімжеттік көрсетіп, ақша талап ететін, жасөспірімдерді анықтау мақсатында 7-11 сыныптар аралағында кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты сауалнама алынып, сырттай бақылау жасалынып, қорытындысы бойынша ешқандай фактілер анықталмағанын, сонымен қатар ЖӨИ (Жас өспірімдер инспекциясы) есебінде тұратын оқушылар да анықталмағанын айтып өтті..
Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған немесе оған қатысқан оқушылар болған жоқ. Діни ұйымдарға баратын оқушы жоқ. Жетім балалар қазан айының басында тіркелген -1. Әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған 14 оқушы -8 отбасы балалары анықталып, аз қамтылған отбасы балалары тізіміне алынғанын айтты.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шаралар саны:8. Соның ішінде дөңгелек үстел-2, тренингтер-1, дебаттар-2, кездесулер- 5.
Мектепшілік есепте тұрған оқушылар және қолайсыз отбасылардың тізімі анықталған жоқ.
«Жол қауіпсіздігін сақтау» мақсатында «Жол ережесін біліп жүр» түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Баланың құқығы мен заңды мүдделерін бұзғаны» туралы 7-11 сыныптар арасынан анонимді сауалнама алынғанын, барлығы 105 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша мектеп қабырғасында оқушылар арасында зорлық-зомбылық фактілер көрсетілмейтіндігі анықталғанын айтты.
Бала еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын атады.. Кезекшілік кестесі құрылып, кестеге сәйкес әр ай сайын бала еңбегі пайдаланатын жұмыс берушілер бақылауға алынып, жұмыс жүргізілгенін айтты.
I-тоқсан бойынша 2 рейдтік іс-шара, II –тоқсанда 1 рейдтік іс-шара атқарылды. Рейдтік іс-шара кезінде тіркелген бұзақылық жасалған жайттар анықталмағанын баяндады.
2018-2019 оқу жылында жаңа 4 тоқсандық бірлескен жоспар жасалынып, бекітіліп жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылатындығын атап өтті.




Похожие публикации:

14 декабрь 2018 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив