04
март
2021
Ашық сабақ
C.Шәкіров атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаратылыстану пәні бірлестігінің
«Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбындағы
Айдаралиева Айнур Маданиятқызының өткізілген ашық сабағына
«Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбындағы
Айдаралиева Айнур Маданиятқызының өткізілген ашық сабағына
Анықтама
2020-2021 оқу жылы
Ақпан айының 22-сі күні химия пәні мұғалімі Айдаралиева Айнур Маданиятқызы 9 «А» сыныбында «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Жапсарбаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурлыкасимова, бірлестік жетекшісі Г.Байсултанова қатысты.
Пікір. Мұғалім сабақты өз дәрежесінде өтіп шықты. Сабақ мақсатына жетті. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы өте жақсы . Оқушылар тапсырмалар орындауда өте белсенді.
Жетістігі: Сабақ өте жақсы ұйымдастырылған. Сабақ барысында мұғалім үй тапсырмасын сұрауда «Quizizz» және сабақты бекіту кезеңінде «Kahoot» платформаларын тиімді қолданып, оқушының сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді. Оқулықпен, дәптермен жұмыс жасады, есептер шығарды. Сабақ соңындағы керібайланыс түрінің «Нысана» әдісі тиімді таңдалған.

