Алғашқы қоңырау
1-қыркүйек- Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиынның өткізілгендігі туралы мәлімет
Мерзімі: Қыркүйек айы
Мақсаты: 2019-2020 жаңа оқу жылында оқушыларды қарсы алу, жаңа оқу жылында жаңартылған білім мазмұнымен өткізілетіндігі туралы және оқушыларды жаңа оқу жылында қабылдау бұйрықтарымен таныстыру.
Мектеп оқушылары 2019-2020 оқу жылына арналған «Армысың, алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиынға сапқа тұрғызылып, Әнұран орындалды.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Иманкулова Құндызай Жұмаханқызы ашып берді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Нурлыкасимова Гулнар Мейрамбайқызы жаңа оқу жылының бұйрықтарымен таныстырды. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер ортаға шақырылып, өздерінің өлең жолдарын тарту етті.
1 сынып мұғалімдері жоғары білімді, жоғары санатты, педагог- зерттеуші
А.Ж.Тоқтасынова, жоғары білімді, жоғары санатты Д.Т.Балқыбекова. Мектебіміздің оқушылары «Ұстазым», «Қазақстан» әнін шырқады.
Әр сынып оқушылары «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» атты сабаққа шақырылды. Сабақтың өткізілу мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриоттылыққа баулу.






