Білім беру қызметінің сараптамасы » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Білім беру қызметінің сараптамасы
28
февраль
2019

Білім беру қызметінің сараптамасы



Жалпыға бірдей міндетті білім беру қызметінің сараптамасы


Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанда орта білім беру жүйесін құрудың екі маңызды қағидатын: мемлекеттік оқу орындарында орта білімнің қолжетімділігін және білім саласындағы мемлекеттік бақылауды постулаттайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сәйкес «азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегiн орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Орта білім алу мiндеттi».
2017-2018 оқу жылында сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болып, сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайын зерттеу арқылы көп балалы отбасы оқушыларының, толық емес отбасы оқушыларының, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тізімі құрылып, оқушылар әлеуметтік іс-шараларға қатыстырылды.

С.Шәкіров атындағы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында 20 сынып комплектісі оқыды:
Жалпы оқушы саны: 312
Оның ішінде:
Қыздар – 163
Ұлдар – 149
І. Жалпы отбасы саны – 142
ІІ. Бала тәрбиесі үшін маңызды жайдың бірі – кіммен тұратындығы.
1. Толық отбасы (ата-анасымен) – 148
2. Толық емес отбасы – 25
ІІІ. Бала тәрбиесі үшін маңызды бір жай – отбасы құрамы.
1. Жалғыз балалы отбасынан – 34 оқушы
2. Көп балалы отбасынан – 74 оқушы

Еліміздегі демографиялық ахуалдың төмен екендігі ақпарат құралдарында жиі айтылып жүр. Жалпы алғанда, бір отбасында 2 немесе 3 баладан аспайды.
ІV. Ата-ана білімі:
1. Жоғары білімді – 36
2. Орта білімді – 33
3. Кәсіптік орта білімді – 67
Ата-аналардың жасы 30-дан асқан. Олардың басым көпшілігі жоғары білімді мамандар.
V Тұрмыс деңгейі:
1. Тұрмыс-жағдайы төмен – 19
2. Тұрмыс-жағдайы орта – 80
3. Тұрмыс-жағдайы жақсы – 36

Мүгедек балалар- 2
Оралман балалар-жоқ


2017-2018 оқу жылында жүргізілген оқу-әдістемелік
жұмыстардың талдауы

2017-2018 оқу жылында мектебімізде 1-11 сыныптар құрамы – 20, оқушылар саны –312 оқушы құрады.
2017 - 2018 оқу жылында оқушылардың сыныптар бойынша құрамына тоқталатын болсақ:
- 1 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны –34 оқушы;
- 2 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны –28 оқушы;
- 3 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 37 оқушы;
- 4 сыныптар құрамы – 2, оқушылар саны –29 оқушы;
- 5 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 28 оқушы;
- 6 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 40оқушы;
- 7 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 28 оқушы;
- 8 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны – 35 оқушы;
- 9 сыныптар құрамы - 2, оқушылар саны –26 оқушы;
- 10 сыныптар құрамы - 1, оқушылар саны – 18 оқушы;
- 11 сыныптар құрамы - 1, оқушылар саны –9 оқушы құрады.

Білім сапасы
Сынып Тоқсан Жылдық Өсу/кему

І ІІ ІІІ ІV
1 62 74 74 +12%
2 61 64 72 75 75 +3%
3 47 69 73 78 78 +5%
4 67 76 72 72 72 0%
5 43 61 61 61 61 0%
6 41 60 55 68 68 +13%
7 54 61 68 79 79 +11%
8 43 47 61 66 66 +5%
9 29 46 54 58 58 +4%
10 33 44 50 67 67 +17%
11 50 63 67 67 67 0%
Барлығы 47 60 63 70 70 +7%



Білім беру қызметінің сараптамасы


Үш жылдық білім сапасының көрсеткіші
Сыныптар Оқу жылы Өсу/
Кему
2015-2016 2016-2017 2017-2018
1 65 82 74 +%
2 79 67 75 +%
3 60 74 78 +%
4 61 50 72 +%
5 53 48 61 +%
6 48 55 68 +%
7 65 44 79 +%
8 50 40 66 +%
9 35 48 58 +%
10 35 50 67 +%
11 62 86 67 -%
Барлығы 58 57 70 +%

Барлық сыныптарда оқу жылының басындағы көрсеткішпен салыстырғанда білім сапасының артуы байқалады. Жыл бойы үлгерімі төмен оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп педагогикалық кеңес пен педагогикалық консилиумда қаралды.
Директорлық бақылау кесіндісінің жылдық кестесі және айына екі рет бақылауға алынатын 4,9,11 сыныптарға айлық кестесі қосымша жасалынған. Директорлық бақылау кесіндісінің тест алу кестесі құрылып, мұғалімдер тарапынан алынған бақылау жұмыстарымен (0-дік,І,ІІ,ІІІ тоқсан) салыстырылып мониторинг шығарылып, өзгеріс динамикасы қаралды.
2017-2018 оқу жылында негізгі пәндер бойынша оқушы білімін нақты бағалап, бақылап отыру үшін күнтізбелік жоспарға тақырыптық бақылау жұмыстары енгізіліп, әрбір өтілген тақырыптан соң бақылау жұмысы алынды.
Әдістемелік тақырыбы:
«Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа үлгілерін жетілдіре отырып, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру»
Мақсаты:
Мектептің әдістемелік бағыттағы жұмысын модернизациялау, ғылыми-ізденгіштік жұмыстарға басшылық жасау.
2017-2018 оқу жылында қойылған міндеттері:
1. Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету;
3. Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату барысындағы жұмыстарды өткізу;
4. Бірлестіктің жұмыс жүйесіне бағыт-бағдар беру;
5. Бағдаралды, бағдарлы дайындық сыныптарының жұмысын ұйымдастыру.
Күтілген нәтижелер:
- педагогтардың әдістемелік дағдыларының жетілуі және мектептегі кадрлық әлеуеттің артуы;
- педагог қызметкерлерінің және мектептегі ғылыми-әдістемелік қызметтің сапалы көрсеткіштері динамикасының өсуі;
- жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуы мен табысты қызметі;
- мектеп мұғалімдерінің «педагог-сабақ беруші» ұстанымынан әдіскер педагог, зерттеуші педагог, менеджер педагог және тәжірибе жасаушы педагог мәртебесіне ауысуы;
- ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын толыққанды меңгеруі;
- білім сапасының артуы.
Әдістемелік қызмет жұмысының түрлері:
- ғылыми-әдістемелік кеңес;
- педагог қызметкерлерді аттестаттау;
- ӘБ мұғалімдерінің жұмыстары;
- тақырыптық педагогикалық кеңес;
- мониторинг мектебі;
- шеберлік класстар;
- ашық сабақтар мен іс-шаралар;
- педагогикалық ұжым қызметін диагностикалау;
- басылымдарды дайындау;
- «Үздік педагог», «Үздік бірлестік», «Үздік кабинет», «Жас маман» кәсіптік байқаулары;
- ғылыми-әдістемелік жаңа әдебиетпен танысу және оны зерделеу;
- кітапхана қорымен жұмыс істеу.
Ғылыми-әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары:
1. Педагогикалық кадрлармен жұмыс
1.1. Кәсіби біліктілігін арттыру
1.2. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибе: менторинг мектебі
1.3. Жас мамандар мектебі
1.4. Кәсіби және желілік қауымдастық
1.5. Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысы
2. Кафедралар және әдістемелік бірлестіктер жұмысына басшылық жасау, бақылау, мониторингтеу
3. Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысы
4. Дарынды оқушылармен жұмыс
5. Инновацияны енгізу, жинақтау және тарату жұмыстары
6. Ғылыми –әдістемелік кеңестің іс-әрекеті/ құрамы, атқарылған жұмыстың сараптамасы, эксперттік, шығармашылық топтардың жұмыс.
1.Әдістемелік қызметтің жұмысының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі /локалды актілер/
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын жүзеге асыруда келесідегідей мектеп деңгейіндегі құжаттарға /нормативтік –құқықтық базаға/ негізделеді.
- Білім беру мекемесінің Жарғысы;
- Мектептің даму бағдарламасы;
- Мектептегі ғылыми-әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары;
- ӘБ тағайындау туралы мектеп директорының бұйрығы;
- Мектептің әдістемелік кеңес туралы ережесі;
- Мектептің тәлімгерлік туралы ережесі;
- Мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері туралы ережесі;
- Әдістемелік бірлестік меңгерушілерін, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын құру туралы бұйрықтар;
- Әдістемелік бірлестіктер мен кәсіби қауымдастық, менторинг үдерісінің жоспарлары;
- Педагог қызметкерлерді аттестаттау мен біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары;
2. Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамының сараптамасы/ білімі, магистранттар, еңбек өтілі, санаты, білімін жетілдіру курстары, біліктілік аттестациясы, ғылыми атағы, жас мамандар және т.б./

Мектептің штаты 43 педагогты құрайды, оның ішінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер
-жоғары білімді – 41 мұғалім
- орта білімді - 2 мұғалім
Мектеп мұғалімдерінің біліктілік мінездемесі.
Әкімшілік:
Мектеп директоры – жоғары санатты
Директордың орынбасарлары:
2 – жоғары санатты
Мұғалімдер:
15– жоғары санатты
7 – 1 санатты
2 – 2 санатты
16 – санатсыз
Мектеп педагогикалық кадрлармен жинақталған: осы оқу жылында мектепте жұмыс істеді
Бастауыш сынып мұғалімдері – 10 (6 – жоғары санат, 2 – І санат, 1-ІІ санат, 1-санатсыз)
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – 3 (1 – жоғары санатты) (1- ІІ санат) (1-санатсыз)
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері – 3 (2 – жоғары сан., 1 – с/з.)
Ағылшын тілі мұғалімдері – 2 ( 2-санатсыз.)
Математика, физика және информатика мұғалімдері– 5(1– жоғары сан.,2 – 1сан., 2 – с/з.)
Химия мұғалімдері – 1 (1-жоғары санатты)
Биология мұғалімдері – 1(1- жоғары санатты)
География мұғалімдері – 1(жоғары санат)
Технология мұғалімдері– 1 (І-сан.)
Дене шынықтыру және АӘД мұғалімдері – 4 (1 – жоғары сан.,3-с/з)
Бейнелеу өнері мұғалімдері – 1 (жоғары санат)
Психолог – 1 (І санатты)
Соц.педагог – 1 (ІІ- санатты)
Сапалы білім алудың басты рөлі білім үрдісін ақпараттандыру болып табылады. Қазіргі таңда мектепте қызмет істейді:
- информатика кабинеті-1;
- химия, биология, физика кабинеттері жабдықталған және жұмыс істейді, онда оқушылар олимпиадаға, ғылыми жобаларға дайындалады;
- мектепте интерактивтік тақтамен 10 кабинет бар
Әдістемелік қызмет
Әдістемелік кеңесінің тақырыбы: «Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру».
Мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда, жеке тұлғаның қабілетін ашуда, білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми – әдістемелік көмек көрсету.
Мектептің әдістемелік жұмыстарының негізгі міндеттері:
1. Мектептің педагогикалық ұжымы іс – әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;
2. Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық даярлық деңгейін көтеру;
3. Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту, диагностикасы;
4. Мұғалімдерге педагогикалық білімні өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, ақпараттандыру;
5. Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
6. Педагог қызметін ғылыми – әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету;
7. Психологиялық қызмет көрсету.
Мектептің әдістемелік жұмысының басым бағыттары:
1. Білім беру мен тәрбиені ізгілендіру мен гуманитарландыру;
2. Білім сапасын көтеру жолдарын жетілдіру немесе оқу – тәрбие үрдісін технологияландыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Мектеп оқушылары оқытудың мемлекеттік білім стандарттарын сапалы игереді;
2. Тәрбие білім жүйесінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалана отырып, білім сапасын артады;
3. Оқушылардың жоғары деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық қабілеттері артады;
4. Оқушы мен педагог арасындағы өзара қарым – қатынас, өзара түсінушілік пен бірлесе жұмыс жасау қалыптасады;
5. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін құру мәселесіндегі педагогтардың құзреттілік деңгейі артады;
6. Педагогтар дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, оларды зерттейді, іздену – жобалау жұмысына ынталандырады;
7. Педагогтардың шығармашылық потенциалы және кәсіби құзоеттілігі көтеріледі;
8. Тәрбие жұмысының негізгі қазығы мәдени құндылықтарды оқушы бойына сіңіреді;
9. Мектепте жоғары рухани қасиеттері мен шығармашылық белсенді, ізденімпаз зияткер, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптасады;
10. Адамгершілігі жоғары, ізгі, ұлтжанды, инабатты, іскер, мәдениетті, халық салтын сүйетін, тілін, дінін құрметтейтін, ойлау қабілеті жоғары саналы тұлғалар тәрбиеленеді.
Білім беру үрдісінде педагогикалық кеңес негізгі сұрақтарды шешу үшін мектепте үнемі басқарушы орын болып табылады. Әрбір педкеңесте күн тәртібінде көрсетілген сұрақтар бойынша жұмыс талдаулары оқылады, кемшіліктер айқындалады және жұмысты жақсарту үшін міндеттер анықталады, өткен педкеңес шешімдерін орындау туралы ақпараттар тыңдалады.
Педагогикалық кеңесті өткізу тәсілдері алуан түрлі болды. Дәстүрлі түрмен қатар іскер ойындар, шығармашылық микротоптар жұмысы, талдау, сауалнама нәтижелерін талқылау, проблемалар бойынша диагностика қолданылды.

Похожие публикации:

28 февраль 2019 Нормативтік құжат
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив