13
декабрь
2018
«Кемелді келшекке – кемеңгер Елбасымен!» атты жасұландықтар форумы өткізілгендігі туралы мәлімет
Мерзімі : қазан айы
Мақсаты : Оқушыларды патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, «Жас қыран» қатарына үздік оқушылар қабылдау.
Форумға мектебіміздің ардагер ұстаздары Сатыбалдиева Ләйла Қалмашқызы, Дүйсенбаева Замзагүл Байраковна, Дауренбекова Майдагүл Жолдасбековна қатысты .
Форумда Жасұландықтар сапқа тұрғызылып, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының Туы кіргізілді. Мемлекеттік Әнұран айтылды. Мектебіміздің бастауыш сыныптарынан үздік оқушылар «Жас Қыран» қатарына қабылданып ант айтылды. Қабылдау рәсіміне ардагер ұстаздар : Л.Қ.Сатыбалдиева, З.Б.Дүйсенбаева, М.Ж.Дауренбекова қатысып, оқушыларға «Жас Қыран» төсбелігілері тағылып, ардагер ұстаздарға сөз берілді. Мектеп директоры Қ.Ж.Иманқұлова «Жас Қыран» қатарына қабылданған оқушыларды құттықтады.
Мектептің педагог - психологы М.Қ.Спанова жасұландықтармен «Сергіту» тренингін өткізді.
Форумға қатысушы ардагер ұстаздарға жасұландықтар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Форум соңында «Ән көңілдің ажары» демекші концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Атап айтсақ, Саметұлы Елібайдың «Нұр аға» әні, Асимханов Санжардың орындауында «Жетекшіміз Нұр Отан» әні, Ұлан басы Ибраимова Меруерттің көркем сөзді мәнерлеп оқуы және «Жас Ұлан» биі орындалды. «Жас Ұлан» мүшелері өз шығармашылығынан мәнерлеп өлең жолдары оқылды.
Қорытындылай келе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.А Тулегенова сөз сөйлеп, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» мүшелеріне тілегін білдірді.