Қамқоршылық кеңес есебі » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
16
апрель
2021

Қамқоршылық кеңес есебі

«Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№2 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 16.04.2021 жыл
Қатысқаны: 7
Қатыспағаны:2 (себепті)
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының II жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.

ТЫҢДАЛДЫ:
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын қайта бекіту туралы №114 бұйрығымен С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес құрамы бекітілгендігін және бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселемен мектеп директоры К.Ж.Иманкулова таныстырып өтті.
«Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, дамыған елдің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Мектептің ІII тоқсан бойынша білім сапасы 70%. Үлгерімі-100%. Мектепте 49 мұғалім қызмет атқарады. Ұжымда жоғарғы санатты –3 мұғалім, І санатты-3мұғалім, ІІсанатты-3мұғалім, санаты жоқ-15мұғалім. Педагог шебер-жоқ, Педагог зерттеуші -15, педагог сарапшы -5, педагог модератор-5мұғалім. Инновациялық бағытта жұмыс істейтін мұғалімдердің саны 60%-ды құрайды.
Мұғалімдер жетістігі: Ұжымда мұғалімдер олимпиада, байқауларға қатысып жетістікке қол жеткізуде. Халықаралық «Пони» байқауына оқушылар дайындап, 10 мұғалім дипломмен марапатталды және ҚР білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Р.Сауранбаева, К.Алибаева «Алаш ұстазы» медалін, ұлттық интернет олимпиадасына 23 мұғалім қатысып, 9 мұғалім І дәрежелі дипломға, 3 мұғалім ІІ дәрежелі дипломға, 2 мұғалім алғыс хатпен, республикалық «Сананың ашықтығы» олимпиадасына 6 мұғалім дипломмен, республикалық қашықтық олимпиадасына 16 мұғалім қатысып, 9 мұғалім ІІІ дәрежелі дипломмен, 7 мұғалім І, ІІ, ІІІ орынға ие болып, мадақтамамен марапатталды.
Республикалық интеллектуалды олимпиадалық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен пәндер олимпиадасына қатысып, К.Жақыбаева, Г.Байсұлтанова, Н.Асанбаева, К.Алибаева, А.Умирзакова І дәрежелі дипломмен, Астана қаласының 20 жылдығына орай білім беру ұйымдарының педагогтар арасында өткен «Үздік биология пәні мұғалімі 2018» атты республикалық байқауына Г.Ибраемжанова қатысып, дипломмен, Республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» редакциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың үздік 100 мұғалімі» атты жобасына қатысып, А.Ниязбекова грамотамен, төсбелгімен, С.Бұралқиев Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас маман» байқауына қатысып, грамотаға және төсбелгіге ие болғанын атап айтты.
І Республикалық «Үздік педагог» байқауына 40 мұғалім қатысып, 25 мұғалім І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді және мақтау қағазбен, Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысының «Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері» үшін А.Ниязбекова, Н.Асанбаева, К.Жақыбаева алғыс хаттармен марапатталды. Мектепте мұғалімдердің шығармашылық тобында 20 мұғалім шығармашылықтарын дамытып, тәжірибелермен алмасып келеді.
Республикалық «Ақ бота» марафонына 40 оқушы қатысып, 21 оқушы ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Золотое руно» байқауына 22 оқушы қатысып, 6 оқушы дипломға қол жеткізсе, республикалық «Кенгуру» математик для всех» байқауына 28 оқушы қатысып, 6 оқушы ІІІ орынды иеленді. Облыстық ХІХ Абай оқуларына 4 оқушы қатысып, М.Ибраимова ІІ орынды жеңіп алды. Облыстық Таэквондо, еркін күрестен жарыстарға оқушылар қатысып, 4 оқушы І орынды, 2 оқушы ІІІ орынға қол жеткізсе, «Зерде» зерттеу жұмысына 12 оқушы қатысып, 4 оқушы ІІ,ІІІ орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар жетістігі: Nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты АӘД пәнінен қашықтық олимпиадасынан 7 оқушы-І дәрежелі, 3 оқушы- ІІ дәрежелі дипломмен, IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен ағылшын тілінен эссе жазудан 3 оқушы- ІІ дәрежелі дипломмен, орыс тілінен эссе жазудан -1 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, қазақ тілінен эссе жазудан-10 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясының ұймдастыруымен «1желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» орай өткізілген эссе, сурет салу байқауларына 3 оқушы қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Қазіргі кезде елімізде COVID-19 пандемиясы қиындық тудырғаны бірімізге белгілі, сондықтан халықтың басым көпшілігі жұмыссыз емес, отбасының қарым-қатынасы мен әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың білім иен тәрбие алуына өзмықпалын тигізді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер ата-анамен бірлесіп жұмыс жүргізді. Оқушылардың ата-аналары туралы толыө мағлұмат жинап, баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста болатын жандар, жолдастары, сыныптастары туралы мәліметтер жинақталды. Мектеп бойынша қамқорлыққа алынған 11 сыныптың оқушысы Шаңбай Нұрғиса және қорғаншылыққа алынған 2а сынып оқушысы Тұрсынқұл Алижан. Аталған оқушыларға 29-шы қазан «Қамқоршылық күніне» орай мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырып қайтты.
Қашықтықтан оқытуға байланысты «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына көмек «Атамекен» порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Мектепте жыл басында азқамтылған және көпбалалы 20 отбасынан шыққан 40 оқушының отбасылық жағдайы зерделеніп, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына жататын тегін ыстық тамақпен қамту туралы тізімге алынды. Алайда пандемияға байланысты тегін ыстық тамақпен қамту уақытша тоқтатылды.
IIIтоқсанның басында «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорынан 2021оқу жылының сәуір айының басынан азқамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 49оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Мектеп бойынша жалпы аз қамтылған және көпбалалы 20 отбасынан шыққан 40 білім алушы тізімге алынған, оның ішінде: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан – 22бала;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан – 3бала;
-білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын тәрбиеленушілердің басқа санаттарына жататын отбасынан шыққан –15 бала, Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің 31.03.2020 жылғы №121 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, карантиндік режимді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген санаттағы балалары үшін мектептің жалпыға міндетті оқу қорындағы қаражаттан қыстық киім және аяқ киім орнына қаржылай ата-аналар шотына 25теңге көлемінде көмек берілді. «Аудан әкімі шыршасына» аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 4а сынып оқушысы Жанатұлы А., 2а сынып оқушысы Сансызбай М. ұсынып аудан әкімінің атынан екі оқушыға сертификат 15000теңге көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар онлайн режиіміндегі шыршаға азқамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 40 оқушыға 2000теңге көлемінде «Жаңа жылдық» сыйлықтар (тәттілер) таратылды.
Мектеп бойынша жылдың басында оқушылардың отбасылық жағдайы зерделеніп, АКТ толтырылды. Тұл жетім-1оқушы, жартылай жетім-9оқушы(8отбасынан), толық емес отбасынан шыққан-26оқушы (16отбасынан), өгей әке-шешемен тұратын 6 оқушы (4отбасынан), жайсыз (сәтсіз) отбасы ретінде есепке алынған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мектепішілік тізіміне 4оқушы есепке алынды. Атап айтсақ, 3ә сыныпта Тулебаев А., 8ә сыныпта Тулебаева Д., 4а сыныпта Дүйсебаева А., 5а сыныпта ДуйсебаевБ. Бұл балаларға жоспарлы түрде материалдық және рухани көмек ұйымдастыру қарастырылуда.
Тәрбие бойынша жыл басында Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы №227 бұйрығымен бекітілген. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін алып сол бойынша жұмыс жасаймыз. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас процестің өзегі бола отыра, тәрбие педагогикалық жұмысының 8 бағыттары арқылы өтеді.
Желтоқсанның бас каһарманы, әрі құрбаны Қ.Рысқұлбеков біздің мектебіміздің түлегі болғандықтан, Қазақстан Республикасының 27 жылдығына орай 14 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған митинг, барлық сыныптарда «Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында сынып сағаттар, 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша іс-шаралар өтетіндігі айтылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізілетіндігі, аудандық ішкі істер қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен бірлесе отырып, мереке қарсаңында және әр айда рейдке шығу жоспарлы түрде жүргізілетіндігі туралы айтылды.
Мектеп директорының есебін тыңдай келе, қамқоршылық кеңестің төрағасы Б.А.Малдыбаев сөз алды:
- мектептегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелілігі, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерге жету жолындағы еңбегін бағалай келе, кеңес мүшелеріне бір кісідей жұмыла жұмыс атқаратындығын айтып өтті.

ШЕШІМІ:
1.Мектеп директоры К.Ж.Иманкулованың ағымдағы оқу жылының II жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.

Кеңес төрағасы: ____________Б.А.Малдыбаев
Хатшы:____________Л.Қ.Сатыбалдиева
Кеңес мүшесі:____________А.Ж.Пирматов
Кеңес мүшесі:____________Д.Т.Мамбеткулов
Кеңес мүшесі:____________А.Т.Жандабаева
Кеңес мүшесі : ____________Қ.Қ.Файзуллина
Кеңес мүшесі:____________С.А.Бастаубаева
Кеңес мүшесі:____________Б.О.Билалова
Кеңес мүшесі :____________Д.Бейсенбаева
Кеңес мүшесі:____________А.Б.Иманқұлова






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив