Қамқоршылық кеңес алдындағы Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А.Ж.Пирм » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылық кеңес алдындағы Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А.Ж.Пирм
18
март
2019

Қамқоршылық кеңес алдындағы Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А.Ж.Пирм

Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі жанынан құрылған қамқоршылық кеңес отырысының

№1 ХАТТАМАСЫ


Төле би ауылы 18.03.2019 жыл
Қатысқаны: 10 адам
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын
ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен кеңес мүшелерін таныстыру және өз араларында ашық дауыс беру тәртібімен қамқоршылық кеңес төрағасын (төрайымын) және хатшысын сайлау туралы.
1.С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанынан құрылған қамқоршылық
кеңестің жылдық (тоқсандық) жоспары жөнінде талқылау және бекіту туралы.
2.Қамқоршылық кеңес алдындағы Шу аудандық полиция бөлімінің
жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А.Ж.Пирматовтың есеп беру туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы №114 бұйрығымен С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес құрамы бекітілгендігін және бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп директоры К.Ж.Иманкулова таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Малдыбаев: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда аудандағы білім беру ұйымдары жанынан аудандық білім бөлімінің бұйрығымен қамқоршылық кеңестер құрылып, кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары аясында жұмыс жүргізіуді қолға алуды міндеттіміз. Алдымен өз арамыздан қамқоршылық кеңес төрағасын (төрайымын) және хатшысын ашық дауыс беру тәртібімен сайлап алу қажет.
Дауыс беруге қамқоршылық кеңес мүшелері Б.Малдыбаев, Л.Сатыбалдиева, А.Пирматов, Д.Мамбеткулов, А.Жандабаева, Қ.Қ.Файзуллина, С.А.Бастаубаева, Б.Билалова, Д.Бейсенбаева, А.Иманқұлова қатысып, басым дауыспен Малдыбаев Бақытжан Арғынбайұлы Төле би ауылының С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрағасы болып, кеңес хатшысы Сатыбалдиева Ләйла Қалмашқызы сайланды.
Екінші мәселе бойынша С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің жылдық (тоқсандық) жоспары жөнінде кеңес мүшелері талқылап оны бекітті.
Үшінші мәселе бойынша Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны А.Ж. Пирматов - С.Шәкіров атындағы орта мектебінде «Құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу» жоспары бойынша іс-шара жоспары қыркүйек айында мектеппен бірлесе отырып жасалып, бекітуге ұсынылды.
 Іс -шара жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылғандығын, яғни мектеп мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып бопсалау, әлімжеттік көрсетіп, ақша талап ететін, жасөспірімдерді анықтау мақсатында 7-11 сыныптар аралағында кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты дәріс өткізді. Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылық болмағандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар діни ұйымдарға баратын оқушылар анықталған жоқ.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шаралар саны-8, оның ішінде:дөңгелек үстел-2, тренингтер-1, кездесулер- 5.
Мектепшілік есепте тұрған оқушылар 2 оқушы. Жайсыз отбасылардың тізімі анықталған жоқ. «Жол қауіпсіздігін сақтау» мақсатында, «Жол ережесін біліп жүр» түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп психологымен бірлесе отырып «Баланың құқығы мен заңды мүдделерін бұзғаны» туралы 7-11 сыныптар арасынан анонимді сауалнама алынғанын, барлығы 105 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша мектеп қабырғасында оқушылар арасында, зорлық-зомбылық фактілер көрсетілмейтіндігі анықталғанын айтты.
Бала еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын атады. Кезекшілік кестесі құрылып, кестеге сәйкес әр ай сайын бала еңбегі пайдаланатын жұмыс берушілер бақылауға алынып, жұмыс жүргізілгенін айтып өтті.
I-тоқсан бойынша 2 рейдтік іс-шара, II –тоқсанда 1 рейдтік іс-шара атқарылды. Рейдтік іс-шара кезінде тіркелген бұзақылық жасалған жайттар анықталмағанын баяндады.
2018-2019 оқу жылында жаңа 4 тоқсандық бірлескен жоспар жасалынып, бекітіліп жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылады деп сөзін аяқтады.
С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрағасы болып көпшілік дауыспен Малдыбаев Бақытжан Арғынбайұлы, кеңес хатшысы болып Сатыбалдиева Ләйла Қалмашқызы сайлансын.
2.С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің жылдық (тоқсандық) жоспары бекітілсін.
3.Мектеп инспекторының жұмысы қанағаттанарлық деп табылсын.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив