1. Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының II жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі. » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » 1. Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының II жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.
20
апрель
2019

1. Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының II жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.

«Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№2 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 20.04.2019 жыл
Қатысқаны: 7
Қатыспағаны:2 (себепті)
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының II жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.

ТЫҢДАЛДЫ:
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын қайта бекіту туралы №114 бұйрығымен С.Шәкіров атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес құрамы бекітілгендігін және бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселемен мектеп директоры К.Ж.Иманкулова таныстырып өтті.
«Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, дамыған елдің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Мектептің ІII тоқсан бойынша білім сапасы 64%. Үлгерімі-100%. Мектепте 45 мұғалім қызмет атқарады. Ұжымда жоғарғы санатты – 18 мұғалім, І санатта-5 мұғалім, ІІ санатта-5, санатсыз-17 мұғалім. Инновациялық бағытта жұмыс істейтін мұғалімдердің саны 60%-ды құрайды.
Мұғалімдер жетістігі: Ұжымда мұғалімдер олимпиада, байқауларға қатысып жетістікке қол жеткізуде. Халықаралық «Пони» байқауына оқушылар дайындап, 10 мұғалім дипломмен марапатталды және ҚР білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Р.Сауранбаева, К.Алибаева «Алаш ұстазы» медалін, ұлттық интернет олимпиадасына 23 мұғалім қатысып, 9 мұғалім І дәрежелі дипломға, 3 мұғалім ІІ дәрежелі дипломға, 2 мұғалім алғыс хатпен, республикалық «Сананың ашықтығы» олимпиадасына 6 мұғалім дипломмен, республикалық қашықтық олимпиадасына 16 мұғалім қатысып, 9 мұғалім ІІІ дәрежелі дипломмен, 7 мұғалім І, ІІ, ІІІ орынға ие болып, мадақтамамен марапатталды.
Республикалық интеллектуалды олимпиадалық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен пәндер олимпиадасына қатысып, К.Жақыбаева, Г.Байсұлтанова, Н.Асанбаева, К.Алибаева, А.Умирзакова І дәрежелі дипломмен, Астана қаласының 20 жылдығына орай білім беру ұйымдарының педагогтар арасында өткен «Үздік биология пәні мұғалімі 2018» атты республикалық байқауына Г.Ибраемжанова қатысып, дипломмен, Республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» редакциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың үздік 100 мұғалімі» атты жобасына қатысып, А.Ниязбекова грамотамен, төсбелгімен, С.Бұралқиев Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас маман» байқауына қатысып, грамотаға және төсбелгіге ие болғанын атап айтты.
І Республикалық «Үздік педагог» байқауына 40 мұғалім қатысып, 25 мұғалім І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді және мақтау қағазбен, Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысының «Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері» үшін А.Ниязбекова, Н.Асанбаева, К.Жақыбаева алғыс хаттармен марапатталды. Мектепте мұғалімдердің шығармашылық тобында 20 мұғалім шығармашылықтарын дамытып, тәжірибелермен алмасып келеді.
Республикалық «Ақ бота» марафонына 40 оқушы қатысып, 21 оқушы ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Золотое руно» байқауына 22 оқушы қатысып, 6 оқушы дипломға қол жеткізсе, республикалық «Кенгуру» математик для всех» байқауына 28 оқушы қатысып, 6 оқушы ІІІ орынды иеленді. Облыстық ХІХ Абай оқуларына 4 оқушы қатысып, М.Ибраимова ІІ орынды жеңіп алды. Облыстық Таэквондо, еркін күрестен жарыстарға оқушылар қатысып, 4 оқушы І орынды, 2 оқушы ІІІ орынға қол жеткізсе, «Зерде» зерттеу жұмысына 12 оқушы қатысып, 4 оқушы ІІ,ІІІ орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар жетістігі: Nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты АӘД пәнінен қашықтық олимпиадасынан 7 оқушы-І дәрежелі, 3 оқушы- ІІ дәрежелі дипломмен, IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен ағылшын тілінен эссе жазудан 3 оқушы- ІІ дәрежелі дипломмен, орыс тілінен эссе жазудан -1 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, қазақ тілінен эссе жазудан-10 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясының ұймдастыруымен «1желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» орай өткізілген эссе, сурет салу байқауларына 3 оқушы қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Отбасының әлеуметтік жағдайын анықтауда мектепте тұл жетім 1оқушы. Ол: Шаңбай Нұрғиса қазан айынан есепке алынған, қорғаншысы Шаңбай Нұржауған Бақытұлы. Жартылай жетім-12оқушы. Мектеп бойынша көп балалы 38 отбасынан шыққан -87оқушы, оның ішінде: аз қамтылған 4 отбасынан шыққан 6 оқушы, көп балалы 9 отбасынан шыққан 15 оқушы.Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны-21 оқушы. Аудандық бюджет есебінен мектеп асханасынан 1сыныптың 42 оқушысы бір мезгіл тегін ыстық тамақ ішеді.
Тәрбие бойынша жыл басында Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы №227 бұйрығымен бекітілген. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін алып сол бойынша жұмыс жасаймыз. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас процестің өзегі бола отыра, тәрбие педагогикалық жұмысының 8 бағыттары арқылы өтеді.
Желтоқсанның бас каһарманы, әрі құрбаны Қ.Рысқұлбеков біздің мектебіміздің түлегі болғандықтан, Қазақстан Республикасының 27 жылдығына орай 14 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған митинг, барлық сыныптарда «Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында сынып сағаттар, 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша іс-шаралар өтетіндігі айтылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізілетіндігі, аудандық ішкі істер қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен бірлесе отырып, мереке қарсаңында және әр айда рейдке шығу жоспарлы түрде жүргізілетіндігі туралы айтылды.
Мектеп директорының есебін тыңдай келе, қамқоршылық кеңестің төрағасы Б.А.Малдыбаев сөз алды:
- мектептегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелілігі, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерге жету жолындағы еңбегін бағалай келе, кеңес мүшелеріне бір кісідей жұмыла жұмыс атқаратындығын айтып өтті.

ШЕШІМІ:
1.Мектеп директоры К.Ж.Иманкулованың ағымдағы оқу жылының II жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив