Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының жарты жылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі. » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының жарты жылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.
28
май
2020

Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының жарты жылдықтағы атқарған жұмыстарының есебі.

«Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№3 ХАТТАМАСЫ 
Төле би ауылы                                                                         28.05.2020жыл               
Қатысқаны: 7 
Қатыспағаны:2 (себепті)
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
  1. Мектеп директоры К.Ж.Иманкулованың II-ші жарты жылдық есебі.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры К.Ж.Иманкулова сөз алды, білім беру мен тәрбиелеудегі  проблемалар мен оларды шешу жолдарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, ЖБ және РБ қаржысы есебінен қаржыландыру нәтижесінде жаңартылған білім мазмұнына көшкен сыныптарға арналған оқу бөлмелерінің интерактивті тақталармен, мектеп кітапханасының модернизациясы туралы, мектеп оқушыларының білім сапасы 70% құрағандығын, сонымен қатар оқушылардың спорт, өнер, қашықтық олимпиадаларында  жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Мектептің педагогикалық ұжымы білім беру мәселелері бойынша ата-аналар және үкіметтік емес жұртшылық арасындағы өзара әрекеттесулер орнатқан. 
Мектепте аз қамтылған отбасы балалары, жетім, көпбалалы отбасынан шыққан 31 оқушыға берілетін асханадағы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 4 апталық ас мәзірі қайта қаралды. Наурыз айынан бастап ЖББ қорынан тегін тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыға 500 теңге қаражат бөлінеді.
2020 жылдың 20қаңтары мен 30қаңтары аралығында «Қамқорлық» онкүндігі өтті. Онкүндік аясында отбасыларында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-тұрмыстық жағдайлары мен олардың күтімі, тәрбиесі және білім алу жағдайлары зерделенді. 
Отбасының әлеуметтік жағдайын анықтауда мектепте тұл жетім 1оқушы. Ол: Шаңбай Нұрғиса қазан айынан   есепке алынған, қорғаншысы  Шаңбай Нұржауған Бақытұлы. 
Мектеп бойынша  жартылай жетім-12, көп балалы 38 отбасынан шыққан -87оқушы, оның ішінде:  аз қамтылған 4 отбасынан шыққан 6 оқушы, көп балалы 9 отбасынан шыққан 15 оқушы.
Тегін ыстық тамақпен   қамтылған оқушы саны-31 оқушы.    Аудандық бюджет есебінен мектеп асханасынан 1сыныптың 42 оқушысы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. 
Тәрбие бойынша  жыл   басында  Қ.Р Білім және  ғылым   министрлігінің  2015 жылғы  №227 бұйрығымен  бекітілген. Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері бойынша жұмыс жасалды. Жалпы адамзаттық  және   ұлттық құндылықтар тұтас процестің өзегі бола отыра, тәрбие  педагогикалық   жұмысының  8 бағыттары  арқылы   өтеді.  Желтоқсанның  бас каһарманы,  әрі   құрбаны  Қ.Рысқұлбеков   біздің   мектебіміздің түлегі болғандықтан, Қазақстан Республикасының 28 жылдығына орай 14 желтоқсанда  Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған митинг, барлық сыныптарда «Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында сынып сағаттар, 1 Желтоқсан – Тұңғыш  Президент    күні аталып өтті. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша іс-шаралар өтетіндігі айтылды. 
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізілетіндігі, аудандық ішкі істер қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен бірлесе отырып, мереке қарсаңында және әр айда рейдке шығу жоспарлы түрде жүргізілетіндігі туралы айтылды.
Мектеп директорының есебін тыңдай келе, қамқоршылық кеңестің төрағасы Б.А.Малдыбаев сөз алды: 
- мектептегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелілігі, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерге жету жолындағы еңбегін бағалай келе, кеңес мүшелеріне бір кісідей жұмыла жұмыс атқаратындығын айтып өтті.
ШЕШІМІ:         
  1. Мектеп директоры К.Ж.Иманкулованың ағымдағы оқу жылының II  жартыжылдығында  атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Кеңес төрағасы:        ____________    Б.А.Малдыбаев 
Хатшы:                        ____________    Л.Қ.Сатыбалдиева
Кеңес мүшесі:              ____________    А.Ж.Пирматов                   
Кеңес мүшесі:              ____________    Д.Т.Мамбеткулов    
Кеңес мүшесі:              ____________    А.Т.Жандабаева
Кеңес мүшесі :             ____________    Қ.  Файзуллина 
Кеңес мүшесі:              ____________    С.А.Бастаубаева 
Кеңес мүшесі:              ____________    Б.О.Билалова             
Кеңес мүшесі :             ____________    Д.Бейсенбаева   
Кеңес мүшесі:              ____________    А.Б.Иманқұлова 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив