Педагог ұйымдастырушының атқарған жұмысы » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » Педагог ұйымдастырушының атқарған жұмысы
09
февраль
2019

Педагог ұйымдастырушының атқарған жұмысы

2017-2018 оқу жылында педагог-ұйымдастырушының атқарған жұмысының талдауы


2017-2018 оқу жылында педагог-ұйымдастырушының жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, 1 қыркүйек -Білім күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының белсене қатыстырылуы қамтылды. Жиыннан кейін әр сынып жетекші өз сынып оқушыларымен «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өткізілді. Денсаулық күніне орай мектеп оқушылары мен мұғалімдер орталық С.Хасенов атындағы стадионында өткізілген акцияға мектеп оқушылары мен ұстаздары аудандық спорттық жарыстар мен флешмоб байқауларына қатысты.
Өткізілу мақсаты: салауатты өмір салтына баулу. Дені сау ұрпақтықалыптастыру. Акцияға қатысушылар белсенділікпен қатысып, спорттың әр түрінен өткізілген байқаулардан жүлде алып, марапатталды. Қазақстан Республикасында өткізілген «Отбасы күніне» орай «Толағай» эстафеталық жарысы өткізілді.
Өткізілу мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру. Бұл эстафеталық жарысқа Бұралқиевтер отбасы қатыстырылып, жүлделі бас жүлдені иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аудан көлемінде «Тазалықтың екі айлығы» жариялануына байланысты мектеп ұжымы сенбіліктерге үнемі қатысып отырды. Қазақстан Республикасы тілдер күніне орай қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Жапсарбаев, Н.Жұмақұлованың ұйымдастыруымен сынып сағаттары мен мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді. Қарттар күніне орай, «Қарттарым аман-саумысың?» тақырыбында «Мирас» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен акция өткізіліп, Төле би ауылы Сәрсенбі көшесі № 8 үйдің тұрғыны, 1936 жылы туылған еңбек ардагері Омарқұлов Мамырқұл Сейдуалыұлы және оның жұбайы 1937 жылы туылған ІІ топтағы мүгедек Омарқұлова Әйгүл Несібеліқызының үйіне барып ауласын тазалап, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызып, қарттардың алғысына бөленді.
Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздар – асыл жандар» тақырыбындағы іс-шараны 11-сынып оқушылары ұйымдастырып, әр сыныптың оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. 5-7 сыныптар аралығынан «Күз ханзадасы» атағын иеленген 6 «Ә» сынып оқушысы Хасенұлы Сабыралы; «Күз ханшайымы» атағын иеленген 7 «Ә» сынып оқушысы Орынтай Алтынай
8-10 сыныптар аралығында бас жүлдені иеленген 10 сыныбы, сынып жетекшісі Г.Байсултанова; жүлделі І орынды иеленген 9 «А» сыныбы, сынып жетекшісі А.Ниязбекова; жүлделі ІІ орынды иеленген 8 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Г.Жақыбаева; жүлделі ІІІ орынды иеленген 8 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Ғ.Жапсарбаев
«Өнерлі сынып» номинациясын иеленген 9 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Г.Сыдыкова;
Мектепішілік іс-шараларды белсене қатысып ат салысқаны үшін 10 сынып оқушысы Тұрғынбай Аида марапатталды.
8-10 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы» атағын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Ерғали Спандияр; «Күз ханшайымы» атағын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Әбітай Әсел марапатталды.
«1 желтоқсан-Президент» күніне орай әр сыныпта тақырыптық сынып
сағаттар өткізіліп, мектептің фойесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмі көрсетіліп, әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді.
1-Желтоқсан дүниежүзілік «СПИД» күніне байланысты СӨСО
қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Өткізілу мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына видеоролик көрсете отырып СПИД-тің адам өміріне қауіп төндіретін дерт екендігін, оның алдын алу және жұғу жолдарынан сақтануды , қорғана білуді түсіндірді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына байланысты әр сыныпта мектепішілік іс-шаралар өткізіліп, аудандық іс-шараларға да қатыстырылды. «Желтоқсан-тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында Г.Ибраемжанова жетекшілік ететін 7-сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатын өткізді. Өткізілген іс-шараға аудандық «Қайрат» қорының жетекшісі Мәкен Уақтегі, «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалы кеңесшісі Әсел Досжанова қатысты. Өткен іс -шара туралы аудандық «Шу өңірі» баспасөз газетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Байтүлекованың «Ұрпақ санасын жаңғырта түскен игі шара» тақырыбында жазылған мақаласы жіберілді.
Өткізілген іс-шараны қорытындылау сөзі және мектеп директорының «Жаңа жылдық көгілдір от» мектепалды даярлық тобының оқушыларынан бастап 11 сынып оқушылар аралығында өтті.
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты АӘД жетекшісі К.Ибраимов кездесу өткізілді.
Өткізілу мақсаты: оқушыларды патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке баулу.
Кездесуге аудандық ауған соғысы ардагерлері Жансейітов Әсет Тұрғанұлы, Рысжанов Қали қатысып, оқушыларға естелік әңгімелерін айтты.
Мектепішілік 5-7, 8-10 сыныптар аралығында «Инабатты ару» байқауы
өткізілді.
Өткізілу мақсаты: қыз балаларды инабаттылыққа, адамгершілікке,
жауапкершілікке баулу. Өткізілген байқаудың бас жүлдесін Арғынбай Аяулым иеленіп, марапатталды.
«8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күніне» байланысты мерекелік кешті
10-сынып оқушылары ұйымдастырды. 22 наурыз мейрамына байланысты әр сынып оқушылары дәстүрлі қойылымдар қойып, мектепте наурыз көже таратылды.
1-Мамыр «Бірлік күніне» байланысты сынып сағаттары өткізілді.
7-Мамыр «Отан Қорғаушылар» күніне орай мектептің АӘД жетекшісі
К.Н. Ибраимовтың жетекшілік етуімен мектепішілік саптық байқау өткізілді.
ҰОС 73-жылдығы қарсаңындағы мектептегі, аудандағы іс-шараларға
оқушылар қатыстырылды. «Туған ауылымыздың батырлары» тақырыбындағы 10 сынып оқушылары Шоманова Арай, Тілеубаева Айдананың шығармалары аудандық байқауға жіберілді.
2017-2018 оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау»
мерекесі өткізіліп, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Үздік оқушылар мен оқу екпінділері Мақтау қағаздарымен марапатталып, оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспар бекітілді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив