«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»
9 «а,ә» сыныптарында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»
атты тәрбие сағатының өтілгендігі туралы мәлімет
Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының ролінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасын қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты 6 бөлімнен тұратын сайыс түрінде өткізіліп, сынып жетекшісінің төмендегі қорытынды сөзімен аяқталды. «Ата-ана алдындағы әдептілік баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс.Ата-анасын сыйлау, елді сыйлау.Ата-анасын құрметтеу- өмірді құрметтеу.Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп бақытқа кенелтем десе алдымен әдепті болулары керек»
Сабақта АКТ пайдаланылып (слайд), бейнеролик көрсетілді.


