"Экосағат" бойынша тәрбие сағаты
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Осыған орай Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінде 1 «а,ә» сыныптарда «Табиғатты қорғау керек» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлу керек екендігін, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатынын балалар санасына жеткізу.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу мұғалімдер міндеті. Тәрбие сағатында табиғатқа жанашырлық және жауапкершілікпен қарау сезімдері қалыптастырылып, оқушылар санасына табиғатты аялап, қорғау керек екендігі түсіндіріліп, жеткізілді.