07
октябрь
2019
"Экосағат" бойынша тәрбие сағаттар
9 «а,ә»сынып жетекшілерінің Г.Ибраемжанованың, Хакимованың ұйымдастыруымен «Экосағат» бойынша «Мұхиттар қауіпті жағдайда» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды әлемдегі көмірқышқыл газ шығаруларының өсуі проблемаларымен таныстыру. Оның ішіндегі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейінің көтерілуі. Экосағатта Дүниежүзілік мұхит жағдайы туралы айтылып, құрлықты су басып, мұхит суының деңгейінің көтерілуі, жылу эффектіне байланысты екендігі айтылды. Соған байланысты, мектеп ауласына тал егу керек екендігі, табиғатты аялап, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтындығына көз жеткізді. Табиғатты сүйе білмеген, Туған жерін, елін де сүйе алмайды.