Құрметті түлектер! » Средняя школа им.Шакирова. Шу ауданы. Шуский район
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
01
июнь
2023

Құрметті түлектер!


Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар!


Баршаңызды бүгінгі 1 маусым «Балаларды қорғау күнімен» сәйкес келген  «Соңғы қоңырау»  мерекесімен және Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.

Құрметті түлектер!

Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.

Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік.

Сіздер еліміздің ертеңін құратын жалынды жастарысыздар. 

Мектебімізде биылғы оқу жылында оқушыларымыздың  оқу еңбектерінің толағай жетістіктері бізді қуантады, мектеп қабырғасында алған білімдерінің сапасын әтүрлі деңгейлерде өткен пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт, көркемөнерпаз жарыстарында көрсетіп отырды: Мен үлкен мақтанышпен оларды атап өткім келеді.

  1. Республикалық ғылыми жобалар байқауында Сатыбек Ақпейіл ІІ дәрежелі , Мұратбекқызы Аяжан, Таңатар Ұлжан  ІІІ дәрежелі орын
  2. «Зерде» республикалық зеттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінен Советхан Ақниет, Бахытбай Балауса ІІ дәрежелі, Ахметбек Айша ІІІ дәрежелі орын.
  3. «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен Демеуов Темирлан ІІІ дәрежелі орын.
  4. Аудандық «Абай оқулары» байқауынан  Сатыбек Ақерке,         Еркін Аруна  ІІІ дәрежелі орын
  5. Аудандық «Бауыржан оқулары» байқауынан  Айтқан Гүлім ІІІ дәрежелі орын


  1. Үстел теннисінен кіші жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында Мұқтарұлы Бердаулет, Мейрамбекұлы Нұрислам, Таңатар Дарын, Бердібай Қалиасқар III дәрежелі орын.
  2. . «Ұлттық мектеп лигасы» 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисі спорт түрінен облыстық кезеңінде Таңатар Ұлжан, Шынболат Диас, Чотаев Мұхтархан III дәрежелі орын
  3. 5-6 сынып ЖББ пәндер республ. олимпиаданың аудандық кезеңінен Бекталы Асылай ІІ дәрежелі, Алмабек Алуа ІІІ дәрежелі орын.
  4. 9-11 сынып ЖББ пәндер республ. олимпиаданың аудандық кезеңінен Орынтай Құралай,  Нүпбай Азамат ІІ дәрежелі, Оразова Айсұлу, Базарбай Анел, Өсерханқызы Назерке ІІІ дәрежелі орын.
  5. Аудандық көрпе фест көрме байқауынан Сатыбек Ақерке І дәрежелі орын.

Сонымен қатар мектебіміздің ұлағатты ұстаздарының да жеткен жетістіктерін атап өткім келеді:

  1. "Дарынды балаға талантты ұстаз" атты аудандық педагогикалық олимпиадада Турсынбаева Д.А. ІІІ дәрежелі орын
  2. "Үздік бейнесабақ" (химия, биология мұғалімдері) аудандық байқауында Дощанова Д.М. ІІІ дәрежелі, Айдаралиева А.М І дәрежелі орын
  3. "Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсынан Дощанова Д.М.

ІІ дәрежелі, Иманкулова К.Ж. Ідәрежелі және облыс деңгейінен ІІІ дәрежелі орынды  иеленуде.

Құрметті 1983жылы бітірген 40жылдық түлектер,  2003жылы бітірген 20жылдық түлектер,  2013жылы бітірген 10 жылдық түлектер! 

Бүгінгі мерекеде сіздерді көргенімізге өте қуаныштымын.


Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі мерекеде Түлектерге сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін директор орынбасарларына, мектеп ұстаздарына ерекше алғысымды айтамын.

Сіздер Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу мақсатында жүргізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде жаңа талаптарға сай болуға бағытталған үлкен қызмет атқарып жатырсыздар. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен табыс, мол күш-қуат, білім шыңына жетелеген зерек оқушыларыңыздың көбейе беруін тілеймін !

Құрметті ата - аналар!

Бүгін Сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, бізбен бірге болған талай талай кездеріңіз, қолдауларыңыз үшін рахмет айтамын.

Сіздер күрделі кезең алдында тұрсыздар. Балаларыңыз университет пен пен мамандық таңдау секілді маңызды қадам жасау алдында тұр. Бүгінгі Әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріс үстінде. Көп мамандықтар өзектілігін жоғалтып, артта қалуда, алдыңғы қатарлы технологиялар дамып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Сондықтан балаларыңызға дұрыс қолдау көрсетіп, болашақта қажет болатын мамандықты тізгіндеулеріңізге тілектеспіз.

Құрметті түлектер!

Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенемін.

Алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, ҰБТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз.

Қадам басып отырған жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын.

Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін.


Ал бүгінгі кіп-кішкентай болып тұрған 1-ші сынып оқушылары, ата-аналары! Сіздерді 1 –ші сыныпты бітірулеріңмен құттықтаймын. Сендер осы ағаларың мен апаларыңның жолдарын қуып, білімпаз, талантты, іздемпаз болып өсулеріңе тілектеспіз.


Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив