11
январь
2019
"Жол ережесі" айлығы
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде «Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу» айлығында жүргізілген жұмыс мәліметі
Мектепте учаскелік полиция қызметкері Пирматов Азат, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулегенова Л, мектеп психологы Спанова М, мектеп медбикесі Нарбекова Р,мектеп педұйымдастырушысы Сыдыкованың қатысуымен айлық өткізілді. «Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу» айлығының іс-шара жоспары таныстырылды. Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу үшін оқушылар ақпараттық оқу құралдарын таратып, үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Барлық сыныптарда «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды, сынып бөлмелерінде жол ережелері ілінді. «Бағдаршам әлемі», «Жол ережесін білейік - аман есен жүрейік», «Жол ережесін білу – бәріне міндет» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 5-8 сыныптардан «Жолда абай бол» тақырыбында оқушылардан диктант алынды. Айлық соңында «Жол ережесін білу – бәріне міндет» тақырыбында 5 «А» сынып оқушылары флешмоб көрсетті.