19
сентябрь
2023
Өзін-өзі бағалау
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Төле би ауылы «31» тамыз 2023 жыл
Шу ауданының білім бөлімінің
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Төле би ауылы «31» тамыз 2023 жыл
- Білім беру ұйымы туралы жалпы сипаттама
| 1 | Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы): | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі №49 |
| 2 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт): | 872638-3-17-08 Sadu.shakirov@yandex.kz shakirov-shu.mektebi.kz |
| 3 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер): | Мектеп директоры: Иманкулова Кундызай Жумахановна 87771038911 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы «Еңбек Кодексінің» 41 бабының 3 тармағына сәйкес Иманкулова Кундызай Жумахановна 2015 жылдың 1 қазанынан бастап «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. («Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015 жылдың 30 қыркүйектегі №85 – ж/қ бұйрығына сәйкес.) |
| 4 | Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар: | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының әділет департаменті Шу ауданаралық Әділет басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Алғашқы тіркеу күні: 01.03.2012 жыл БСН 590740000025 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
| 5 | Рұқсат етуші құжаттар: | «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі, лицензия №KZ18LAA00023351 берілген күні 12.02.2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімінің «Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне лицензия берілді. |
1) Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәліметтер немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметтер:
2022 – 2023 оқу жылында штаттық кестеге сәйкес біліктілік талаптары бойынша жалпы білім беретін мектепте – 54 педагог, (соның ішінде қоса атқарушы – 1). Сабақты 54 педагог жүргізді. Жоғары педагогикалық білімі бар – 53 педагог, арнаулы орта білімі бар – 1 педагог жұмыс істеді. Осы жылғы жұмыс өтілі: 3 жылға дейін – 8 педагог, 3-5 жылдан бастап – 4 педагог, 6-10 жылдан бастап – 15 педагог, 10 жылдан жоғары – 27 педагог. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды ескере отырып педагогтердің біліктілігі төмендегідей: педагог зерттеуші – 15 педагог,бірінші санатты педагог-1, педагог сарапшы -6 педагог, педагог модератор – 10 педагог.
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары санаттағы педагогтердің, сарапшы, зерттеуші педагогтердің үлесі, жалпы педагогтердің жалпы санынан – 59 % құрады.
Осы оқу жылында мектепке бірнеше жас мамандардың келуі, зейнеткер ұстаздармен еңбек шартының тоқтатылуы жалпы педагогтердің біліктілігінің пайызының төмендегенін көрсетіп отыр, осы оқу жылының аяғына дейін 7 педагог біліктіліктерін көтеруге өтініш беріп, портфолиолары сараптамалық кеңес комиссияларынан өтіп, 2 кезеңге тестілеуге жіберілді. 2022-2023 оқу жылында 2 педагог педагог-зерттеуші біліктілігіне , 5 педагог педагог-модератор біліктілігіне өтініш беріп отыр.
2) Қосымша жұмыс жағдайында жұмыс істейтін педагогтер және олардың оқу жүктемелері туралы мәліметтер:
2022-2023 оқу жылында кадр мамандардың жетіспеушілігіне байланысты қоса атқарушы болып Төлеу Алмаш Иманалықызы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Жоғарғы білімді, санаты-педагог-зерттеуші, еңбек өтілі - 29 жыл. Оқу жүктемесі - 4 сағат. Диплом бойынша мамандығы "Орыс тілі мен әдебиеті".
3) Мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:
2021-2022 оқу жылында мектеп директоры Иманкулова Кундызай Жумахановна «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №429 бұйрығымен «Басшы-менеджер» біліктілік санаты берілді.
4) кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер:
2022-2023 оқу жылында 2 педагог педагог-зерттеуші біліктілігіне , 5 педагог педагог-модератор біліктілігіне өтініш беріп отыр.
Өтініш берілген білікті санаты: Педагог-зерттеуші
№ | Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) Педагог құжаттары негізінде толтырылуы қажет | Лауазымы | Міндетті/ мерзімінен бұрын | Қолда бар біліктілік санаты | Өтініш берілген деңгей |
1 | Сыдыкова Гульмира Куанышкызы | Биология | міндетті | І | Педагог-зерттеуші |
2 | Спанова Марияна Кудайбергеновна | Педагог - психолог | міндетті | І | Педагог-зерттеуші |
№ | Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) Педагог құжаттары негізінде толтырылуы қажет | Лауазымы | Міндетті/ мерзімінен бұрын | Қолда бар біліктілік санаты | Өтініш берілген деңгей |
1 | Турсынбаева Дана Аликкызы | Математика | міндетті | санатсыз | Педагог-модератор |
2 | Саиыпқызы Халима | Орыс тілі мен әдебиеті | міндетті | санатсыз | Педагог-модератор |
3 | Текебаев Медет Маратұлы | Музыка | міндетті | санатсыз | Педагог-модератор |
4 | Буйенбаева Толкын Адиловна | Педагог-психолог | міндетті | санатсыз | Педагог-модератор |
5 | Тырнакбаева Гульназ Тинадиловна | Тарих | міндетті | Педагог | Педагог-модератор |
2022-2023 оқу жылында Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің білім алушылары түрлі бағыттағы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде :
Аудан көлеміндегі жетістіктер саны -80
Облыс көлеміндегі жетістіктер саны-11
Республика көлеміндегі жетістік саны-91
Халықаралық жетістіктер саны-35
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің білім алушылары аудандық «Республикалық ғылыми жобалар жарысы», «Зерде» республикалық зерттеу жобалары», «5-10 сыныптар арасында экологиялық пирамида», «Алтын сақа», «9-11 сыныптар арасында ЖББ пәндерден республикалық олимпиадасы», «Құнды құжат», «Менің кіші Отаным», «Абай оқулары», «Бауыржан оқулары», «Аудандық көрпе фест көрме байқауы», «Сиқырлы қыс», «Аудандық эко-юрист», «Үстел теннисі», «Аудандық пікірсайыс», «Экология балалар көзімен», байқауларына қатысып, жүлделі I-II-III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Облыстық жетістіктер:
6-сынып білім алушысы Ахметбек Айша облыстық «Экологиялық пирамида» ғылыми байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
11-сынып білім алушысы Сатыбек Ақпейіл облыстық «ЖББ пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар» конкурсына қатысып, III грамотамен марапатталды.
9-сынып білім алушысы Сұлтанбек Алмас облыстық футболдан облыстық чемпианатына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мейрамбекұлы Нұрислам, Таңатар Дарын, Бердібай Қалиасқар, Мұқтарұлы Бердәулет, Таңатар Ұлжан, Чотаев Мұхтархан, Шынболат Диас «Ұлттық мектеп лигасы» облыстық үстел теннисінен II, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық жетістіктер:
Республикалық жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына 28 білім алушы қатысып, жүлделі I-II-III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Республикалық «Кенгуру –математика интеллектуалды ойын- конкурсы» байқауына мектебімізден 13 білім алушы қатысып, жүлделі I-II-III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Республикалық «Тарих ата» олимпиадасына 13 білім алушы қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипламдармен марапатталды.
Халықаралық жетістіктер:
Халықаралық «Кенгуру-Лингвист» байқауына 19 білім алушы қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипламдармен марапатталды.
Халықаралық «British Buiidig» байқауына 15 білім алушы қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипламдармен марапатталды.
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебіндегі мұғалімдердің жетістігі
2022-2023 оқу жылы
Мектеп директоры Иманкулова Кундызай аудандық педагогтер арасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Биология пәні мұғалімі Дощанова Динара аудандық педагогтер арасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша (ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер) ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Математика пәні мұғалімі Тұрсынбаева Дана «Дарынды балаға талантты ұстаз» атты аудандық педагогикалық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Үздік бастауыш сынып бірлестігі» байқауының аудандық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен С.Шәкіров орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігі марапатталды.
Химия пәні мұғалімі Айдаралиева Айнұр аудандық «Үздік бейнесабақ» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Биология пәні мұғалімі Дощанова Динара аудандық «Үздік бейнесабақ» байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
География пәні мұғалімі Ниязбекова Айнур «Үздік сабақ жоспары» атты аудандық қашықтықтан өткізілген байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Тырнакбаева Гульназ «Үздік сабақ жоспары» атты аудандық қашықтықтан өткізілген байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектеп директоры Иманкулова Кундызай облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Адамбекова Асель «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Үздік ашық сабақ» облыстық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Хакимова Мөлдір «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Үздік ашық сабақ» облыстық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Махат Жансая қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген этнос жастары арасында ұйымдастырылған «Тілдарын-2023» облыстық олимпиадасында «Жақсы» деп танылып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
6) кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
2022-2023 оқу жылында жалпы - 23 педагог біліктілігін арттырды. Соның ішінде:
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саиыпқызы Халима «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 классах» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0565502 сертификатталды. Шу қаласы 01.08-12.08.2022 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Байдовлетова Рая «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0571071 сертификатталды. Шу қаласы 31.10-11.10.2022 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Токтасынова Алма «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0571094 сертификатталды. Шу қаласы 31.10-11.10.2022 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Умирзакова Айнур «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0571097 сертификатталды. Шу қаласы 31.10-11.10.2022 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Канагат «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Бастауыш сынып (1-4-сыныптар) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0565179 сертификатталды. Шу қаласы 01.08-12.08.2022 жыл.
География пәні мұғалімі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «География пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0529849 сертификатталды. Шу қаласы 20.06-01.07.2022 жыл.
Тарих пәні мұғалімі Хакимова Мөлдір «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмері №2f911bed0 cертификатталды. Шу қаласы 04.05-04.08.2022 ж.
Тарих пәні мұғалімі Адамбекова Асель «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9-сыныптар) тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0567286 сертификатталды. Шу қаласы 26.09-07.10.2022 жыл.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтүлекова Қарлығаш «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмері №3212е6d9a cертификатталды. Шу қаласы 04.05-04.08.2022 ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жапсарбаев Габит «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмері №3212е6d9a cертификатталды. Шу қаласы 04.05-04.08.2022 ж.
Бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева Балжанат «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмері №2e6dcf6f9 cертификатталды. Шу қаласы 04.05-04.08.2022 ж.
Тарих пәні мұғалімі Тырнакбаева Гульназ «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмері №2f911bed0 cертификатталды. Шу қаласы 04.05-04.08.2022 ж.
Кәсіптік бағдарлаушы Мырзаханова Мархабат «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Жаһандық құзыреттіліктер» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0568812 сертификатталды. Шу қаласы 07.11-18.11.2022 жыл.
Химия пәні мұғалімі Айдаралиева Айнур «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9-сыныптардың қиын тақырыптары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0570214 сертификатталды. Шу қаласы 10.05-19.05.2023 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Умирзакова Айнур «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Бастауыш сынып мұғалімдерінің Математика, Қазақ тілі және Әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0570467 сертификатталды. Шу қаласы 10.05-19.05.2023 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Тлеумбетова Раушан «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Бастауыш сынып мұғалімдерінің Математика, Қазақ тілі және Әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0570462 сертификатталды. Шу қаласы 10.05-19.05.2023 жыл.
Математика пәні мұғалімі Ақпан Әлфия «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «5-9-сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0674893 сертификатталды. Шу қаласы 22.05-02.06.2023 жыл.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Мұхитқызы Бота «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0674997 сертификатталды. Шу қаласы 22.05-02.06.2023 жыл.
География пәні мұғалімі Ниязбекова Айнур «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Мектептегі жаратылыстану және география сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 160 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №024072 сертификатталды. Тараз қаласы 03.05-30.07.2023 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Майшекеева Гулнар «Педагогикалық шеберлік орталығы» «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 120 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №RACBTBCG23 сертификатталды. Шу қаласы 17.07-04.08.2023 жыл.
Физика пәні мұғалімі Саулебаева Айнур «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9-сыныптардың қиын тақырыптары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0675392 сертификатталды. Шу қаласы 05.06-16.06.2023 жыл.
Биология пәні мұғалімі Дощанова Динара «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9-сыныптағы қиын тақырыптар» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0676960 сертификатталды. Шу қаласы 21.08-01.09.2023 жыл.
Физика пәні мұғалімі Жарқынбаев Данияр «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту. 10-11-сыныптың қиын тақырыптары» тақырыбында 80 сағаттық курсын аяқтап, тіркеу нөмірі №0676941 сертификатталды. Шу қаласы 21.08-01.09.2023 жыл.
3.Білім алушылар контингенті:
1) деңгейлер бойынша, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар контингенті туралы мәліметтер:
Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 мамырдығы № 223 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы негізінде реттеледі.
Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялармен жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың өтініші, туу туралы куәліктің көшірмесі, бар болса- мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын, білім беру ұйымынан психологиялық- педагогикалық мінездеме, оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін қосымша дайындалады. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болыптабылады.
Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата- ананың өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдарымен қоса дәрігерлік- консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді. Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспары басшылыққа алынып жұмыстар жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Шу аудандының ведомство аралық психологиялық медициналық педогогикалық консультациясы" КММ - нің қорытындысының негізінде 9 оқушы үйде жеке оқиды.
Үйде жеке оқитын білім алушы туралы мәлімет:
№ | Оқушыныңаты-жөні | Туғанжылы | Сыныбы | Тіркеу номері | Диагнозы |
1 | Еркін Жәнібек | 26.09.2016 | 1 а | 31.05.2023 мерзіміне дейін жарамды. Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №169 12.09.2022ж шешімі үйден оқыту) | Симптоматическая эпилепсия и эпилептические синдромы с комплексными судорожными парциальными припадками.Энурез.Энкопрез. ЗПР на резидуально органическом фоне. ОНР II уровень |
2 | Алила Алмаз | 08.05.2016 | 1 а | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №1114 31.08.2022ж шешімі үйден оқыту) | Генерализованная идиопатическая эпилепсия. Приступный период учащения 4-5 раз в месяц.ЗПР на резидуально органическом фоне. ОНР III уровень |
3 | Бақтыбаева Толғанай | 11.01.2016 | 1 ә | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №1052 22.08.2022ж шешімі үйден оқыту) | Синдром Дауна.Нарушение функций тазовыхорганов по типунедержания мочи и кала. ЗПР на резидуально органическом фоне. ОНР I уровень |
4 | Болатқұл Абылай | 12.05.2016 | 1 а | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №1199 26.09.2022ж шешімі үйден оқыту) | Врожденная двустороняя косолапость |
5 | Қазбек Аймерей Қанатқызы | 13.04.2015 | 2 ә | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №1048 19.08.2022ж шешімі үйден оқыту) | ДЦП атоническо-астатическая форма с выраженными двигательными нарушениями. Генерализованная идиопатическая эпилепсия учащение судорог 3-4 раза в месяц ФФН. |
6 | Болат Бексұлтан | 03.09.2014 | 3 ә | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №1072 23.08.2022ж шешімі үйден оқыту) | Врожденный деффект межжелудочной перегородки Недостаточность ТК I стНКАст |
7 | Мұратхан Ләйлім | 13.12.2012 | 5 а | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №975 10.08.2022ж шешімі үйден оқыту) | сахарный диабет 1 тип лабильное течение декомпенсация. Гипертрофическая липодистрофия. |
8 | Қырғызбай Ақерке | 16.04.2008 | 8 а | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында жеке оқу бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК №830 28.06.2022ж шешімі үйден оқыту) | Умственная отсталость легкой степени с указанием на отсутствие или слабую выраженность нарушения поведения ОНР І уровень |
9 | Чотаева Дильназ | 09.02.2007 | 11 ә | Шу ауданы Толе би ауылы Сәду Шәкіров мектебінде 2022-2023 оқу жылында тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ( ДКК№1055 22.08.2022ж шеші мі 3ай үйден оқыту) | Перелом других отделов голени с разрывом |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
1 | Еркін Жәнібек | 1 "А" | Әліппе, ана тілі | 3 |
Математика | 2 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Түзету сабақтары | 2 | |||
Барлығы: | 8 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
2 | Алила Алмаз | 1 "Ә" | Әліппе, ана тілі | 3 |
Математика | 2 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Түзету сабақтары | 2 | |||
Барлығы: | 8 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
3 | Бақтыбаева Толғанай | 1 "Ә" | Әліппе, ана тілі | 3 |
Математика | 2 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Түзету сабақтары | 2 | |||
Барлығы: | 8 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
4 | Болатқұл Абылай | 1 "А" | Әліппе, ана тілі | 3 |
Математика | 3 | |||
Орыс тілі | 2 | |||
Шетел тілі | 2 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Дүниетану | 1 | |||
Цифрлық сауаттылық | 0,5 | |||
Барлығы: | 12,5 сағат | |||
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
5 | Қазбек Аймерей | 2 "Ә" | Қазақ тілі | 2 |
Әдебиет | 2 | |||
Орыс тілі | 2 | |||
Ағылшын тілі | 2 | |||
Математика | 3 | |||
Цифрлық сауаттылық | 1 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Дүниетану | 1 | |||
Барлығы: | 14 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
6 | Болат Бексұлтан | 3 "Ә" | Қазақ тілі | 2 |
Әдебиет | 2 | |||
Орыс тілі | 2 | |||
Ағылшын тілі | 2 | |||
Математика | 3 | |||
Цифрлық сауаттылық | 1 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Дүниетану | 1 | |||
Барлығы: | 14 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
7 | Мұратхан Ләйлім | 5 "А" | Қазақ тілі | 2 |
Әдебиет | 2 | |||
Орыс тілі | 2 | |||
Ағылшын тілі | 2 | |||
Математика | 3 | |||
Цифрлық сауаттылық | 1 | |||
Жаратылыстану | 1 | |||
Қазақстан тарихы | 1 | |||
Дүниежүзі тарихы | 1 | |||
Барлығы: | 15 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
8 | Қырғызбай Ақерке | 8 "А" | Оқу және тіл дамыту | 1 |
Қазақ тілі мен әдебиеті | 2 | |||
Орыс тілі | 1 | |||
Математика | 2 | |||
география | 1 | |||
Қазақстан тарихы | 1 | |||
Танымдық әрекеттерін және сөйлеу тілінің кемшіліктерін түзету | 2 | |||
Барлығы: | 10 сағат |
№ | Оқушының аты- жөні | Сыныбы | Пәні | Сағат саны |
9 | Чотаева Дильназ | 11 "Ә" | Алгебра және анализ бастамалары | 2 |
Геометрия | 1 | |||
Информатика | 1 | |||
Биология | 2 | |||
Химия | 2 | |||
Қазақ тілі | 2 | |||
Әдебиет | 1 | |||
Орыс тілі мен әдебиеті | 2 | |||
Ағылшын тілі | 2 | |||
Қазақстан тарихы | 2 | |||
Дүниежүзі тарихы | 1 | |||
Графика және жобалау | 1 | |||
Барлығы: | 19 сағат |
2022-2023 оқу жылында Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінде инклюзивті білім беру бойынша оқыған білім алушы туралы мәлімет:
№ | Оқушының аты-жөні | Туғанжылы | Сыныбы | Тіркеу номері | Диагнозы |
1 | Әуесхан Арайлым | 23.03.2007 | 9 | «Шу ауданы ведомоств.пси-хологиялық- медиц-педагогикалық консуль.» 28.08.2022 ж. №395 | Последствие ДЦП, гемипаретическая форма с левосторон-ним гемипарезом умеренно выраженной степени |
Cәду Шәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылын 345 білім алушымен бастадық, оның ішінде 1-4-сынып аралығында 8 сынып топтамасы - 143 білім алушы. 5-9-сынып аралығында 11 сынып топтамасы - 177 білім алушы. 10-11-сыныптар арасында 3 сынып топтамасы - 36 білім алушы білім алуда. Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектеп бойынша 22 сынып топтамасы, 356 білім алушы білім алуда.
3) білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер:
Cәду Шәкіров атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында төмендегідей білім алушылардың қозғалысы туралы мәлімет:
Келген оқушылар | Жаз айында | І | ІІ | ІІІ | ІҮ | Барлығы |
345 | ||||||
Район | 16 | 11 | 4 | 6 | - | 37 |
Облыс | 3 | - | - | 3 | - | 6 |
Республика | 3 | - | - | 1 | 2 | 6 |
Барлығы | 22 | 11 | 4 | 10 | 2 | 49 |
Кеткен оқушылар | Жаз айында | І | ІІ | ІІІ | ІҮ | Барлығы |
Район | 15 | 12 | - | - | - | 27 |
Облыс | 3 | - | - | - | - | 3 |
Республика | 13 | 1 | - | 1 | - | 15 |
Колледж | 10 | 1 | - | - | - | 11 |
Ауырғаны бойынша | 2 | - | - | - | - | 2 |
Барлыгы | 43 | 15 | - | 1 | - | 59 |
356 |
№ | Контигенттің құрылымы | 1-4 сыныптар | 5-9 сыныптар | 10-11 сыныптар | Мектеп бойынша барлық контингент | ||||
Жалпы сынып саны | Оқушылар саны | Жалпы сынып саны | Оқушы-лар саны | Жалпы сынып саны | Оқушы-лар саны | Жалпы сынып саны | Оқушы-лар саны | ||
1 | Жалпы білім беретін сыныптар | 8 | 143 | 11 | 177 | 3 | 36 | 22 | 356 |
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
1) білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарының, сабақ кестелерінің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының болуы және оларға сәйкестігі:
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптарда білім беру процесіне арналған оқу жұмыстық жоспары: 1-4 сыныптарға арналған жұмыстық оқу жоспары, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының,Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы №365 бұйрығының негізінде жасалды.
5-11-сыныптарға арналған жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген 6-86 қосымшаның негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы №365 бұйрығының негізінде жасалды.
1-11 сыныптар аралығындағы «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылып жасалды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы басшылыққа алынып жасалды.
2022-2023 оқу жылында 1-4-сыныптардың білім алушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқиды. Бастауыш білім берудің мазмұны «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» алты білім саласын қамтиды.
1-4-сыныптарда «Өмір кауіпсіздігі негіздері» оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6-сағаттан, 4 - сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады.«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан, сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.
Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке және жұптық, топтык, дара және саралап оқыту түрлері ұйымдастырыла отырып, белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық жүктеме есебінен 1 «А», 1 «Ә» «Математика және логика» 2 «А» , 2 «Ә» сыныбына «Математика және логика», 3 «А» 3 «Ә» сыныбына «Математика және логика», 4 «А», 4 «Ә» сыныбына «Математика және логика» 1сағаттан берілді.
Негізгі орта білім – білім алушының базистік ғылым негіздерін меңгеруші, жоғары рухани-адамгершілік және тұлға аралық этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуын, тұлғаның өмірде өз орнын табуын және өзін-өзі басқаруын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Негізгі орта білім берудің 5-9 сыныптарында білім мазмұны алты білім саласын құрайды. «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру».
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттык жылдық оқу жүктемесімен, дене шынықтыру мұғалімін оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізілген.
2022-2023 оқу жылында вариативтік компонент сағаттарының есебінен 5 «а», «ә», «б» 6 «а», «ә», 7 «а», «ә», 8 «а», «ә», 9 «а», «ә» сыныптарына жаһандық азаматтық құзіреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында 0,5 сағаттан «Жаһандық кұзіреттіліктер» курсы берілген.
Мектепте жалпы орта білім жаратылыстану - математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде оқыту жүзеге асырылады. Жалпы орта білім алушының жаратылыстану білім саласы- оқу пандерінің мазмұны дуниетанымдық сипатымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оқушылардың бойында фукционалдық сауаттылықты қалыптастыра отырып, табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы, жер, адам өмір сүретін ғаламшар ретінде, әлемнің ғылыми бейнесін астраномиалық құрамы туралы, кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарас қалыпастыру негізінде, болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қаматамасыз етеді.
10-11-сыныбында жаңартылған білім беру мазмұнындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде оқу процесіұйымдастырып ауқымды дағдыларын дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.
10 – 11-сыныпардың білім мазмұны алты білім саласын құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология» «Дене шынықтыру». Білім алушылардың жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша білімдерін жүйелі жинақтау және таңдаған кәсіпке қызығушылығын арттыру мақсатында қолданбалы курстар берілді. Білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениет аралық өзара iс қимыл мәселелерін түсінуді, әр түрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жаһандық құзіреттіліктер» есебінен 10«А», 11 «А»,11 «Ә» сыныптарына 1 сағаттан берілді. Элективті курстар бөлімінен күнделікті өмірде графикалау және жобалауды білу қажеттілігі туралы қызығушылығын арттыру және ынталандыру үшін, 11«А», 11 «Ә» сыныбына 1 сағат «Графика және жобалау» курсы берілді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 154 бұйрығының негізінде 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялыкқ дайындық» оқу пәніне вариативті бөлімнен далалық оқу жиынына « Дала жаттығулары» тақырыбында 1 сағат берілді, 2021 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызынан бастап сабақ кестесіне сәйкес, 11 сыныпта негізгі базалық 34 сағат аптасына 1 сағаттан бөлініп, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағы 1 сағат болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 3 сәуір 2013 жылғы № 115 бұйрығымен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі, 10 сыныпта, негізгі базалық 34 сағат, аптасына 2 сағат болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27 шілде 2017 жылғы № 352 бұйрығымен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіліп, қаңтар айында тоқтатылып, негізгі пәндерге бөлініп беріледі, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағының 30 сағаты мамыр айында 5 күндік дала оқу жиынында өткізіледі.«Өмір қауіпсіздік негіздері» оқу курсының мазмұны 10 сыныпқа «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір кауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11 сыныпта «Алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесі есебінен жүргізіледі. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі мемлекеттік білім мекемесінің оқу жұмыстық жоспары, білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру және мазмұнының құрастырылған моделінің негізгі ережелері тұжырымды кескінделген, педагогикалық және методикалық мәдениетін бейнелейтін нормативтік оқу құжаты болып табылады. Білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру және интеллектуалдык, рухани, дене бітімі дамуын калыптастыру, тұлғаның жан- жақты дамуына, оның ішінде білім алушылардың қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етуге бағытталған.
2) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру
2022-2023 оқу жылында бастауыш білім беру саласының мазмұны «Тіл және әдебиет» білім беру саласы Әліппе, Ана тілі, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Орыс тілі, Шетел тілі, «Математика және информатика» білім беру саласы Математика, Цифрлық сауаттылық, «Жаратылыстану» білім беру саласы Жаратылыстану, «Адам және қоғам» білім беру саласы Дүниетану, «Технология және өнер» білім беру саласы Көркем еңбек, Музыка, Бейнелеу өнері, «Дене шынықтыру» білім беру саласы Дене шынықтыру оқу пәндерінің аясында жүзеге асырылды.
Негізгі орта білім беру салалары «Тіл және әдебиет» білім беру саласы Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Шетел тілі, «Математика және информатика» білім беру саласы Математика, Алгебра, Геометрия, Информатика, «Жаратылыстану» білім беру саласы Жаратылыстану, Физика, Биология, Химия, География, «Адам және қоғам» білім беру саласы Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, «Технология және өнер» білім беру саласы Көркем еңбек, Музыка,«Дене шынықтыру» білім беру саласы Дене шынықтыру оқу пәндерінің аясында жүзеге асырылды.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны бойынша жаратылыстану -математикалық бағытты таңдап, бейінді оқытудың міндетті пәндері Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Шетел тілі, Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия, Информатика, Физика, Биология, География, Химия, Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Құқық негіздері, Дене шынықтыру, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәндерінің аясында жүзеге асырылды.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер)
Бастауыш сатыда 2-сыныптан бастап 7 оқу пәндері бойынша білім алушылар бағаланады, яғни бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық жұмыстар орындалады, сабақ барысында формативті бағалау жүргізіледі.
5 және 6-сыныптарда білім алушылар 9 оқу пәндері бойынша; 7 және 8- сыныптарда 13 оқу пәндері бойынша, 9, 10 және 11-сыныптарда 14 оқу пәндері бойынша бағаланады.
3) білім алушылардың субъективті жаңа білімді меңгеруімен таным мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру:
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі қоғамдағы өмірге қалыптасқан, кәсіптік білім бағдарламаларын меңгеруге дайын, жоғары деңгейдегі мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында «Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып , ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты, білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс атқарды.Тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін айқындай отырып, ой-өрісі кең, эстетикалық талғамы мол дамыған, талапты да талантты, рухани-адамгершілік қарым-қатынасқа дайын, өмірлік белсенділігі қалыптасқан мәдениетті жеке тұлға қалыптасады. Білім алушылардың негізгі идеясы-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар іске асырылуда.
Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жатқан және күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесінде байқалатын құндылыққа бағытталған тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Осы орайда заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болу, бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу, білімі терең, ойы озық, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруда мектепте атқарылатын іс-шаралардың маңызы зор. Осы орайда мектебіміздің тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік- құқықтық құжаттар негізінде реттелді:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»
Мақсаты:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде 2019-2024 жылдарға арналған«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыруды ұйымдастыру;
2.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;
3.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау;
4.Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
5.Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғырту
6. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесін қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаны тәрбиелеу
Міндеттері:
1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесіүшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.
6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
9.Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.
10.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
11. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде жатқан және күтілетін нәтижелердің құндылыққа бағдарланаған тәсілі арқылы іске асыру, білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру
Күтілетін нәтиже:
Ой-өрісі кең,жан-жақты тұлға қалыптасады.
Оқушылармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас орнайды.
Жеке бас гигеналарын ұстануды үйренеді.
Ата-анамен жүйелі байланыс орнап, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс нығаяды.
Өзін-өзі тануға ұмтылады, белсенділіктері артады.
Тәрбие жұмысының бағыттары:
1.Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу,құқықтық тәрбие
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
3.Ұлттық тәрбие
4.Отбасы тәрбиесі
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбие саласы бойынша жұмыстың түрлері:
Ата – аналар қоғамдық бірлестігі
Сынып жетекшілер бірлестігі
«Қыз Жібек» клубының жұмысы
Ұлдармен жұмыс
«Ата мектебі», « Әке мектебі»
«Ана» мектебі, «Әже» мектебі
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы
«Қыран» дебаттық клубы
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Діни экстремизм мен терроризимнің алдын – алу жұмыстары
Жалпыға міндетті оқумен қамту жұмыстары
Жолда жүру ережелері
Тәрбие саласы бойынша бірлескен жоспарлар
Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау жұмыстары
«Адал ұрпақ» клубы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары
Мектептегі тәрбие жұмысы жыл бойы төмендегі модульдер бойынша жүргізілді:
Қыркүйек
ҚР Конституциясына – 31 жыл;
1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары;
5 қыркүйек-Тілдер күні, апталық;
А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы;
Отбасы күні
Қазан
1 қазан – Мұғалімдер күні, Қарттар күні;
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы;
11 қазан Халықаралық қыздар күні;
25 қазан Республика күні
Қараша
Күзгі демалыс
11 қараша Балалардың құқығын қорғау күні;
15 қараша-Ұлттық валюта күні;
Мұхтар Әуезов 125 жылдығы
Желтоқсан
1желтоқсан - Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні;
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні, сынып сағаттары;
Қаз дауысты Қазыбек -355 жылдығы;
Қаңтар
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаев – 110 жаста;
Қысқы демалыс
Ақпан
15 ақпан Ауған соғысы күні
Мұқағали Мақатаев - 92 жыл
Наурыз
1 наурыз – Алғыс айту күні
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мейрамы
Сәуір
7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күні
12 сәуір-Ғарышкерлер күні
Т. Бегелдинов 100 жылдығы
Мамыр
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні
9 мамыр-Жеңіс күні
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
2022-2023 оқу жылында мектепте мынадай жобалар іске асырылуда: «Мектептің өзін-өзі басқаруы»; «Дебат» қозғалысы; «Оқуға құштар мектеп»; «Отбасы – мектеп»; «Құқықтық сана – қауымға пана»; «Дәстүр мен ғұрып»; «Еңбек – елдің мұраты»; «Үнем – қоғам қуаты»; «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»; «Қоғамға қызмет»; «Музей сабақтары»; «Театр сабақтары» жобасы.
Тәрбие процесі бойынша жұмыстар тәрбие сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, дөңгелек үстел, тренингтер, кездесулер, байқаулар, пікір сайыс түрлерінде өткізілді. Мектебіміздің тәрбие процесі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды жүзеге асырды. Мектептің тәрбие жүйесінің ұйытқысы – тәрбиелеуші ұжым, оқушылар мен оқытушылар, ата-аналар ұжымының бірлігі. 2022-2023 оқу жылында оқушылар 22 сыныпқа топтастырылып, 2 топ мектепалды даярлық тобында тәрбиеленуде.
Тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы, тәрбие тұжырымдамасын және 8 бағытын, нормативті құжаттарды негізге ала отырып жасалды. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Мектептегі тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады. «Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жас ұлан» (5-10-сыныптар), «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мектеп парламентінің мақсаты- «Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау».
2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жоспары аясында бастауыш сынып жетекшілері "Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны" атты викториналық ойындар сабағын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты- білім алушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау арқылы оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту болды.
2023 жылдың ақпан айында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тақырыпта тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты- оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, бойына адамгершілік, еңбексүйгіштік сезімдерін ұялату, Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін ұғындыру болды.
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде мектепте заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған ісшараларды өткізу жоспарланды. Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық. Осыған орай, қазан айында мектеп жарғысын орындау, мектептің, өзінің және басқаның мүлкіне ұқыптылықпен қарау, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтау және ұстаздар мен басқа қызметкерлердің еңбегіне құрметпен қарап, мектептің ішкі ережесін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова 1-11 сыныптың сынып жетекшілері арасында "Оқушылардың мектептегі тәртіп ЕРЕЖЕСІ " тақырыбында мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.
2022 жылдың қазан айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова 1-11 сыныптың сынып жетекшілері мен ата-аналарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы N235 бұйрығының әр бөлігімен таныстырды. Аталған бұйрықта білім беру ұйымдарына және олардың аумағына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекітті. Атап айтқанда,"Мектепке қару немесе соған ұқсас заттарды кіргізуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оқ дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді", - делінген.
Бұйрықта балаларға қауіпсіз және жайлы оқу орта құруға, сондай-ақ құқық бұзу деректерін уақтылы анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретінін жеткізді.Сондай-ақ, мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон, планшет, плейер пайдалануына шектеу енгізілді. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфон қажет болатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әсер етпейді. Мысалы, қант диабетінде қандағы қантты бақылау үшін. Тыйым салынған заттардың толық тізімімен төмендегі бұйрық пен слайдтта таныстырды. Мектепке тыйым салынған заттарды әкелгені үшін ата-анасы жауапты екендігін де ескертті. 2022 жылдың 26 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесі қарсаңында және оқушылардың қысқы демалыс күндері балалардың жарақат алуы оқиғаларының, кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Спанова сынып жетекшілерге "Қауіпсіз, Жаңа жыл!" атты жиналыс ұйымдастырды. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова сынып жетекшілерді жиналыс барысында, жаңа жылдық шырша өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, "Пиротехникалық заттардың зардабы" тақырыбында баяндама оқып, пікір алмасу жүргізді. Жиналыс соңында "ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ - ҚЫСҚЫ ҒАЖАЙЫП" атты жоспар аясында "Қауіпсіздік негіздері" тақырыбында алдын ала дайындалған бейнероликтер ұсынымын көрсетіп, 1-11 сыныптар арасында таратылуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
2) Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады. Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру мақсатында
1 қазан-Қарттар күні «Қарттарым асыл қазынам» «Ұстазым-ұлағатты есім». 8-наурыз мерекесі.22-наурыз «Ұлыстың Ұлы күні».«Балаларды қорғайық» сынып сағаты.Ұлы жеңіс күніне 78 жыл толуына орай сынып сағаты өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.
2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. Мектеп сайтында оқушылардың кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша «Оқуға кеңес береміз» жобасы ай сайын ақпарат ұсынуда. Мектеп кітапханасында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» пен «Оқуға құштар мектеп» бұрыштары құрылған. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды. Біздің мектебіміз үшін яғни білім алушылар үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында аса бір қиындық туғызған жоқ. Мектебімізде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Шаңырақ» қауымдастық жобасының негізінде «100 кітап» оқу жобасы 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы құрылып бекітілді. Жобаның мақсат міндеттерімен таныстыру мақсатында оқушылармен және ата-аналар жиналысы жасалып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасында бастауыштағы оқушының оқу құзыреттілігін қалыптастыру үшін әдеби кітап оқып үйрену маңызды. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Жобаның іске асырудағы бағыттарының маңыздылығы оқушы мен ата-ана арасындағы байланыс. Оқушы отбасында ата-анамен бірге кітап оқу, оны бірге талқылау. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» Айтпағым сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілігі бар отбасы-бақытты, білімді отбасы бола алады.
«5 минуттық оқу», оқушыға кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.
«20 минут оқып, 3 минут түсінік айт»
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың және түсінігін айтып өз ойын жеткізе білуі кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.
3) Ұлттық тәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылды. Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
қараша айында педагог –психолог Т.Бұйенбаеваның ұйымдастырыуымен қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамыту және ерте жүктіліктің алдын алу барысында «Ар намысыңды сақта» тақырыбында жиналыс ұйымдастырды. Жиналыс барысында елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын-алу және қыз балалар арасында ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіріп, кеңестер берілді. Сонымен қатар «Қазақ қызы қандай болу керек?» атты бейнеролик көрсетіліп, қыздармен ой бөлісілді. Жиналысқа мектеп медбикесі А.Адильбаева шақырылды. Мектеп медбикесі А.Адильбаева «Ерте жүктіліктің жасөспірім қыздардың ағзасына кері әсері қандай?» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыс жүргізді. Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болса, ұлтымыздың да іргесі беки түспек. Қыздың ары-елдің ұяты екенін жадымыздан шығармайық!
Наурыз айында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында 2022 жылдың наурыз айында тәлімгері С.Асанованың ұйымдастыруымен наурыз мерекесінің қарсаңында «Қыз сыны»-2022 байқауы өткізілді. Аруларымызды ұлттық салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеу, қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болатындығын ұғындыру көзделді.
2022 жылдың 22 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында Игі істер күніне орай "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелiк іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараның мақсаты- «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу, наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны ерекше. Оқушылар мерекеге үлкен дайындықпен келiп, ән, би, күй, салт-дәстүрлер көрiнiс тапты. Асық ойыны — қазақ халқының өте кең тараған ұлттық ойындарының бірі.
Асық ату арқылы адамның мергендігі, өзгелерден ептілігі, шыдамдылық пен табандылығы дамиды. Сонымен қатар асық ойыны ұжымдық достық пен ауызбірлікті дамытуға септігін тигізетін тәрбиелік маңызы бар ойын. Осындай спорттық шара ұлттық ойындарды дәріптелді.
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты -келесі құндылықтарды қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік. Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық ісшараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуда. Биылғы оқу жылында «Ата-ананың мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі, ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі. Халықаралық отбасы күніне орай 2022 жылдың 8 қыркүйек күні "Дені сау отбасы- ел болашағы» атты спорттық отбасылық турнир өткізілді. Балаларыңызға кибербуллинг туралы айтыңыз. Кибербуллингтің не екенін біле отырып, сіздің балаңыз оны оңай тани алады. Балаларыңызбен ашық және жиі сөйлесіңіз. Балаларыңызбен бұзақылық туралы көбірек сөйлескен сайын, олар оны көретіндерін немесе бастан кешіргендерін айту оңайырақ болады. Күнделікті балаларыңыздың мектептегі және интернеттегі уақыты туралы сұраңыз. Олардың сабақтары мен іс-әрекеттері туралы ғана емес, олардың сезімдері туралы да сұраңыз. Балаңызға кибербуллингпен күресте үлгі болуға көмектесіңіз. Кибербуллингке үш қатысушы қатысады: жәбірленуші, кибербуллинг субъекті және куәгерлер. Тіпті балалар кибербуллинг құрбаны болмаса да, олар өз құрбыларына сыйлы және мейірімді бола отырып, кибербұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқара алады. Егер бала кибербуллингтің куәгері болса, онда ол жәбірленушіге араша түсіп, қолдау көрсете алады және мұндай әрекеттерді көпшілік алдында айыптай алады. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектесіңіз. Балаңызды сүйікті іс-шараларға жазылуға, өз қоғамыңыздағы сүйікті іс-шараларға қосылуға шақырыңыз. Бұл сонымен бірге сенімділікті арттыруға, сондай-ақ мүдделері ортақ достар тобын құруға көмектеседі. Олар үшін үлгі болыңыз. Балаңызға басқа балалар мен ересектерге мейірімді және құрметпен қараудың маңыздылығын айналаңыздағы адамдармен, оның ішінде зорлық-зомбылық көрген адамға қолдау көрсету арқылы көрсетіңіз. Балалар ата-аналарына қарайды және олардың мінез-құлықтарын көбінесе өздерінің іс-әрекеттерінде болжайды.
Олардың интернеттегі тәжірибесінің бір бөлігі болыңыз. Балаңыз қолданатын онлайн-платформаларды қарап шығыңыз. Оған интернетте кездесетін түрлі тәуекелдер туралы ескертіңіз. Баланың кибербуллингпен айналысып жатқанын қалай тануға болады Мұқият бақылаңыз. Балалардың эмоционалды жағдайын мұқият қарастырыңыз, өйткені олардың кейбіреулері мазасызданып қиналуы мүмкін.
Отбасылық спорттық турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, ол неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулардың алдын-алу,отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды
Қараша айында «Бала қауіпсіздігі -басты назарда» тақырыбында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып пікіралмасу жүргізілді. 2022 жылдың ақпан айында 8-11 сыныптың ата-аналарымен "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер" атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталған жиналыстың мақсаты-оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру болды. Ақпан - психологиялық кеңес беру айлық аясында баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым-қатынас орнату мақсатында мектебіміздің педагог- психологі Т.Бүйенбаева ата-аналармен «Бала тәрбиесі- отбасынан басталады» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында "Баланың сапалы білім алу үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар" тақырып аясында ата-аналардың ой бөлісіп постер қорғаумен өрбіді. Нәтижесінде бала бақытының кепілі ата-ананың өнегелі тәрбиесі, ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы екендігі туралы ата-аналарға түрлі психологиялық-ақпараттық кеңестер берілді.
5) Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Қазан айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанованың ұйымдастыруымен «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген мектеп түлегі М.Маткаримовпен кездесу өтті. Кездесуде табысты адамдардың өмірі мен қызметі жайында таныстырылды, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді, еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтерілді. Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында мамандық таңдауына көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар жүйесін жоспарға сәйкес орындалады. 2022 жылдың қараша айында "Қазақстан балалары-күзгі интерактив" атты күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары аясында білім алушыларға кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында М.Мырзаханова 9-11 сыныптардың білім алушыларымен "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат жасады. Аталған іс-шара барысында білім алушыларымызға М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру бағдарламалары бойынша менеджері Еркебай Айя Нұрланқызы өздерінің трефлеттері мен видеоларын көрсетіп, пікіралмасу жүргізіп, мамандық таңдау бойынша бағыт бағдар берді.
«Үнем – қоғам қуаты» жобасының міндеті – ұқыптылық пен үнемділік, мінез-құлық трендтерін қалыптастыру, прагматикалық дағдыларға, таймменеджментке үйрету, қаржы және материалдық ресурстарды сақтау және үнемді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауға үйрету. Мектепте 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша сынып сағаттарын айына бір рет өткізілуде. «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында тәрбиелік ісшаралар кешенін іске асыру экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді. Қыркүйек айында білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі – жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде «Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында сынып сағаттарын өтті. Мектебімізде Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылдың 18 қыркүйекте еліміздің барлық аумағында "Word Cleanup day 2021"/ "Birge- taza Qazaqstan" бүкіләлемдік акция ұйымдастырылды. Қазақстаның Дүниежүзілік "World" aкцияға қатысуы Қазақстан жаhaндық әлемдік экологиялық акцияға қатысу ретінде "Жасыл экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсатына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік беретінін ескере отырып 5-6 сыныптың білім алушылары арасында "Табиғат сенің өз үйің!" атты экологиялық сайыс гигиеналық талаптарды сақтай отырып педагог-ұйымдастырушы Г.Сыдыкованың ұйытқы болуымен ұйымдастыруылды. Экологиялық сайысты ұтымды өткізу жастардың қоршаған орта мен табиғат аясына немқұрайлы қарамай, тазалықтың маңызын жете түсіндіру, оқушылардың бойында экологиялық мәдениеттің дағдыға айналуына жәрдемдесу, еңбек арқылы табиғатты күтіп ұстауға үйретуді мақсат етті. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылдың 18 қыркүйекте еліміздің барлық аумағында "Word Cleanup day 2021"/ "Birge- taza Qazaqstan" бүкіләлемдік акция ұйымдастырылды. Қазақстаның Дүниежүзілік "World" aкцияға қатысуы Қазақстан жаhaндық әлемдік экологиялық акцияға қатысу ретінде "Жасыл экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсатына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік беретінін ескере отырып 1-4 сыныптың білім алушылары "Аяласаң, табиғатты аяла!" атты флешмоб биін гигиеналық талаптарды сақтай отырып биледі. Аталған флешмобтың барысында кішкентай білім алушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу, табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттала отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту мәселелері көзделді.
Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында 5-7 сыныптың білім алушылары арасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова «Құстарға қамқор болайық» атты экологиялық байқау ұйымдастырды.Байқаудың мақсаты- білім алушылардың құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамыту, қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу болды. Байқауды іске асыру барысында білім алушылар құстарға арналған үйшіктерді әкелермен бірлесіп үйде яғни отбасылық шеберханада жасады, гигиеналық талаптарды сақтай отырып мектепте жұмыстары қабылданып, арнайы жасақталған комиссия тарапынан жұмыстар сараланды. Байқау нәтижесінде білім алушылардың бойында өлкемізде қыстап қалатын құстарға деген қызығушылығы артты, отбасылық шеберханада бірлесе еңбек ету кезінде әсіресе әкелермен атқарған жұмыстың ұнағаны, мектепке әкелермен бірге келгені, жұмысты бірге қорғағаны, үйшікті ағаш басына бірлесіп орнатқаны, жеңімпаз атанғаны шын қуаныш сыйлағынына куә болдық. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.Қоршаған ортаны қорғау негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету, еңбекке баулу отбасынан бастау алса мектепте жүзеге асып жалғасын табады. Еңбекке баулу арқылы жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастырамыз. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, табиғатты қорғау секілді қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы арқылы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасаймыз.Оқушыларды еңбекке баули отырып, экологиялық тәрбие беруді көздеп отырмыз. Бүгінгі күнге дейін экологиялық бағытта алған білімдерін тәжірибеде көрсетіп, қанатты достарға қамқорлық жасай отырып, жылы орынға паналату, қорғау арқылы оқушылар бойынан қоршаған ортаға, жер анаға, аң-құстарға деген сүйіспеншілігін оятып, оның қадір-қасиетін түсіндіріп, қамқор болуға шақырды. 2023 жылы наурыз айында биология пәнінің мұғалімі Д.Дощанова 9 сынып оқушыларымен «Қоқысты қайта өндеу мүмкін бе?» атты танымдық сабақ өткізді.
Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік дағдысын дамыту.
Көрсетілген бейнероликте қоқыстың зияны туралы к және қоқысты қайтадан сұрыптауға болатыны туралы толық мағлұмат берілді. Ағаштың біздің өмірімізде алар орнының ерекше екені және бір ағаштан алынатын қағаздар саны, ағаштың өсу уақыты, жыл сайын қағаз жасау үшін қанша ағаш кесілетіні, олар шірімеуге тиіс екені көрсетілді.
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғамды қалыптастыруға көмектеседі. Мектептегі көп мәдениетті тәрбие басқа мәдениеттердің, ұлттардың, діни сенім және т. б. өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
2011 жылдың 19 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясы қыздардың құқығын мойындау, олардың бүкіл әлемде кездесетін ерекше қиындықтарын атап көрсету, қыздардың жалпы адам құқықтарын сақтау соның ішінде тең білім алуды жүзеге асыруды насихаттау мақсатында қазанның 11 жұлдызын -Халықаралық қыздар күні деп жариялаған. Осыған орай, мектебімізде Халықаралық қыздар күніне арналған апталықтың іс-шаралар жоспары жасалды. Аталған апталықтың мақсаты- қоғамда қыз баланың ерекше орнының атап өту, қыздар арасында кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту болды. Апталықтың іс- шара жоспары негізінде 1-4 сынып қыздары арасында тәлімгер С.Асанованың ұйымдастыруымен "Мен қандаймын" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. 2023 жылдың 11 ақпан күні әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында педагог-психолог Т.Бүйенбаева 8-9 сынып қыздарына «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында ерте жүктіліктің зияны жайлы айтылып, қыздармен пікір алмасты және жаднама таратылып берілді.
10 наурыз күні оқушылардың репродуктивтік денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік туралы білім деңгейлерін арттыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова мен педагог-психологі Т.Бүйенбаеваның ұйымдастыруымен «Репродуктивті денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік мәселелері» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы Е.А.Оспанова және мектебіміздің медбикесі А.Адильбаева шақырылды. Кездесу барысында тақырып аясында түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, оқушыларымен пікір алмасты.
7) Зияткерлік тәрбие білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады. Мектепте «Руханият» пікірсайыс клубы мүшелері ашықтық, жүйелілік, еріктілік, ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және құрметтеу қағидаттарын басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай өткен «Тәуелсіздіктің кепілі-білімді ұрпақ» аудандық пікірсайыс турнирінде жүлделі 1-орынды иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай өткен «Тәуелсіз елдің қалыптасуы» аудандық пікірсайыс турнирінде жүлделі 1-орынды иеленді.
«Мектеп Президентін сайлау туралы» ережесінің 4 бөлімі 32 тармағына сәйкес қыркүйек айында сайлау өтті. 2022 жылғы 22 қыркүйектегі мектеп Президентін сайлаудағы дауыс беру қортындылары туралы хаттаманың негізінде өткен сайлау жарамды деп танылып, 9 «А»сынып оқушысы Еркін Аруна мектеп Президенті болып сайланды.
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады. Мектепте бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол,ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғызқұмалақ,) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен спорт секцияларын кеңейтілген. Қазан айында волейбол, баскетбол спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасын өтті. «Дене шынықтыру» пәнінің әрбір мұғалімі қосымша ақы есебінен үш спорттық секция жүргізеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері білім алушыларды республикалық балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық жарыстарға қатысуға белсенділіктері мен мүмкіндіктерін арттыруға атсалысуда. Қыркүйек, қазан айларында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында аудандық аурухананың мамандарымен және салауатты өмір салтының негіздері бойынша кездесу, семинар-тренингтер өткізілді. 2022 жылдың қараша айында «Өзін - өзі басқару» парламенті фракциясы мүшелерімен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Денсаулық сенің байлығың» атты спорттық акциясын жүргізді. Аталған акцияның мақсаты- «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру болды. Акция барысында «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатқандығы, адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқтығын, ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз екендігі, сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзалдығын, еліміздің қай азаматын болсада өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіздігі насихатталды. Сонымен қатар еліміздің болашағы- бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды екендігі ұғындырылды. 2022 жылдың қараша айында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жоғары сыныптар арасында «Мектеп лигасы» атты спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Аталған спорттық эстафеталық жарыстың мақсаты- "Өзін-өзі басқару" ұйымының спорт және салауатты өмір салты фракция мүшелерінің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу, бір ортақ мақсатқа жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Қатысушы әр топ спорттық эстафеталық жарыс барысында өз өнерлерін, ептіліктерін көрсете білді. 2022 жылдың қараша айында педагог-ұйымдастырушы Г.Сыдыкова ұстаздар мен техникалық қызметкерлер арасында "Көңілді мәре» атты спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырды.
Аталған спорттық эстафеталық жарыстың мақсаты- мектеп ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу, бір ортақ мақсатқа жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Әр топ спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екенін көрсетті. Өзара достық пен сыйластыққа негізделген спорттық шараға 12-ге жуық ұстаздар белсенді түрде қатысты. Эстафеталық ойынға мектебіміздің жас мұғалімдері мен бірге орта жастағы ұстаздары да қатысып, тартысты эстафеталық ойынның қызықты өтуіне бар күш жігерлерін салды.
2022 жылдың желтоқсан айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Спанова «Вейп- денсаулыққа өте қауіпті!» тақырыбы бойынша, 7-11 сыныптың ұлдарына апталық жоспар аясында жиналыс өткізді. Жиналыста білім алушыларға вейптің (электрондық темекі) адам денсаулығына зиян екенін, оның құрамындағы улы, химиялық заттардың қосындысымен жасалғаны туралы ақпараттар беріліп, балаларға үнемі өздерін қадағалап, жаман әдеттерге тәуелді болмауы туралы түсінік қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.
Жоғары сыныптар аралығында «Вейп- денсаулыққа өте қауіпті!» тақырыбында білім алушыларымен тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға ВЕЙПтің-денсаулыққа өте қауіпті екендігі, жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келетіндігі, әсіресе оқушылар мини кальяндарға қатты қызығатыны, өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығатыны туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, вейптің бауыр мен бүйрекке, адамның жүйке жүйесіне зиян тигізетіні, оның құрамындағы никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтыратынын атап өтті.
Жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті шарттарының бірі – сынып жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын шаралардың маңыздылығын түсінуі, тәрбие беру процесі шеңберіндегі іс-әрекеттің өзін-өзі талдай алуы. Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру қажет. Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы мен күнделікті өмірде әлеуметтік шынайылықты түсінуі. Екінші деңгей – оқушының өмірлік тәжірибе мен қоғамның негізгі құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң көзқарасы, жалпы әлеуметтік шынайылықты құндылық ретінде қабылдауы. Үшінші деңгей – оқушының әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесіне өз бетінше ие болуы.
Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылының білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру бойынша SWOT талдау кестесін ұсынамын. Жан-жақты терең талдау мектептің дамуын жүзеге асырады, ұжымның іс-әрекетінің тиімділігін көтереді. Стратегиялық жоспарлау аясындағы ішкі ортаны талдаудың белгілі әдістерінің бірі болып SWOT –талдау саналады. SWOT –жүйелі ойлауға негізделген сараптамалық әдіс.
Тәрбие жұмысы бойынша 2022-2023 оқу жылы жасалған жұмыстарға swod талдау тәрбие жұмысы бойынша жетістіктер мен кемшіліктер:
Бағыттары | S күшті жақтары | W әлсіз жақтары | O мүмкіндіктері | T қауіп қатері |
Білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізіндегі жалпыадамгершілік құндылықтарға баулуға бағыттау барысы | «Мектептің өзін-өзі басқаруы»; «Жасұлан» 5-10-сыныптар арасында іс-шаралардың үздіксіз ұйымдастырылуы «Дебат» қозғалысы; Жоспар аясында сынып жетекшілердің ата- аналармен тұрақты байланыс орнатып, мәдениетті түрде тәрбиелік жоспарлы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруы, облыстық марапаттарға қол жеткізулері. | «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 1-4-сыныптардың арасында іс-шаралардың аз ұйымдастырылуы | Балалардың белсенділіктерін патриоттық бағытта арттыру | Бастауыш сыныптың сынып жетекшілерімен жоғарғы сыныптың сынып жетекшілерінің байланысының аздығы |
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу. | Тәрбие жұмысының негізгі басымдылығы бойынша осы бағытта жалпы оқушылармен, барлық сынып жетекшілер үнемі сынып сағаттар, ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Сыныптан тыс шараларда жүйелі өткізіліп отырды. | Орта буынғы сыныптар арасында біріккен түрде мектепішілік шаралардың аз өткізілуі | 5-11 сыныпқа дейін осы бағытта мектепішілік сайыстар, байқаулар ұйымдастыру және оны бұқаралық ақпарат құралдар арқылы жариялай отырып мектептегі тәрбие жұмысын мониторинг жасап отыру қажет. | Тәрбие сағаттарында сынып жетекшілердің патриоттық іс -шараларды бір сарында ұйымдастыруы. |
Рухани-танымдық тәрбие. | Сынып жетекшілердің, пән мұғалімдерінің шығармашылық бағытының көпшілігі осы бағытта болуы, өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбиенің басым болуы. Тәрбиелік шаралардың осы бағытта көп өткізілуі. «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында сыныптан тыс шаралардың өткізілуі. | Өткізілген сынып сағаттар, сыныптан тыс шараларға ауыл ақсақалдары мен әжелер ұйымының ықпалының төмендігі. | Мұғалімдердің басым бөлігі рухани тәрбиені ең бірінші өздері сезініп, сыныптағы жұмыстарын нәтижелі көрсете білсе оқушыларымыз-дың интелектуалды тұлға ретінде қалыптасуы. | Мұғалімдердің жеке басында рухани адамгершілік құндылықтарды сезінетіндей жолдарын қарастыра отырып, семинарлар, үлгілі ұстаздар жұмысын ұжым алдында көрсететін жұмыстардың аздығы. |
Ұлттық тәрбие | Ұлттық тәрбиеге байланысты шаралардың жүйелі сапалы өткізіліп отыруы. Ұлттық тәрбиені дәріптеудегі сынып жетекшілердің ықпалының күштілігі. Уақытылы өз деңгейінде өткізілуі. Мысалы «Наурыз келді, жыл келді» сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттардың өткізілуі. | Дүйсенбі сайынғы алғашқы бірінші сабақ сынып сағаттарымен басталып, ұлттық сыныптар ашылса. Өткізілген шаралардың бөлігі ретінде ұлттық тәрбиеміз басымырақ болса. | Отбасындағы тәрбиенің өз дәрежесінде берілмеуі, ата-аналардың өз міндеттерінің басым бөлігін ұстаздарға артуы. Қоғам мәселесін үш одақ бірігіп талқыламаудың әсері. | |
Отбасылық тәрбие. | Жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналардың көп келуі, кейбір сыныпта баланы үнемі қадағалап жетекшімен байланыс жасап отыруы, ата-ананың белсенділігі. | Ата-аналар балаларының тәрбие мәселесіне көңіл бөлмеулері, жұмыс бастылықты бірінші орынға қойып, назар аудармауында. | Әкелердің рөлін арттыру, мектепішілік жиналыстардан тыс семинар, тренинг, марапаттау арқылы ата-ана ролін көтеру. Салтанатты жиындарда бірнеше ата-ананы марапаттау. Бала тәрбиесіне әкенің ықпалы зор екендігін ұғындыру. | Ата-аналардың мектеппен тығыз байланыстың жоқтығы, сынып жетекшілердің өзгеріссіз жиналыстарды өткізуі. Сынып жиналыстары-ның форматын өзгерту. |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. | Мысалы ретінде: «Түлектер» жобасының жүйелі жүргізілуі. | «Озаттар» жобасын қолға алып бір жүйеге келтіру. Еңбек тәрбиесі арқылы оқушылардың бойына еңбек сүйгіштік қасиетті қалыптастыра отырып, пән мұғалімінің жетістіктерін дәріптеу. Бітіруші түлектердің, озаттардың өз ағашым деп тал көшеттерін отырғызу. | 2-10 сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне мектеп ауласын «Озат» оқушыларға жеміс ағашын отырғызу бойынша бөліп беру арқылы көгалдандыру. | Оқушылардың экологиялық тақырыптарға байланысты нәтижелі зерттеу жұмыстарын жүргізу. Әр сыныпқа мектеп ауласын бөліп беру арқылы тиімді пайдалану және табиғи апаттардың алдын алу. |
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. | Өткізілген тіл апталықтары арқылы оқушылардың барлығы өзге ұлттың мәдениетін білуі, салт- дәстүрі мен ұлттық тағамдарына деген қызығушылықтары-ның артуы. Өзге ұлттың мәдениеті мен өз еліміздің мәдениетін салыстыруында. | Өткізілген шаралардың тәжірибе жүзінде қолданылмауы, жоспар бойынша өткізіліп қалуы. | Ата-аналарды қызықтыра отырып мерекелік шараларға тарту, жауапкершілікті ата-аналарға міндеттеу. | Әр ұлттың эстетикалық талғамға сәйкес киімдерінің, қажетті заттардың жоқтығы. Қол өнер бұйымдарының жетіспеушілігі. |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. | Зияткерлік тәрбиеге байланысты оқушылардың арасында мектепішілік және аудан, облыс, республика көлемінде сайыстарға қатысып,оқушыларымыздың жүлделі орындарды иеленуі. Мысалы: зерде, пәндік олимпиадалар, робототехника жарыстары, ғылыми жұмыстар. | Оқушылар арасында зияткерлік тәрбиеге байланысты мектепішілік пәндік сайыстардың көптеп өткізілмеуі. Сыныптар арасында кезең кезең бойынша XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуальдық сайыстың мектепішілік кезеңі дұрыс ұйымдастырылмауында. | Ақпараттық мәдениет және зияткерлік тәрбиесі бойынша оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы, көптеген мектепішілік сайыстар, жарыстар ұйымдастыру арқылы аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жету. | Жүлделі орын алған оқушылар сынып оқушыларына өз дәрежесінде таратылмауы. |
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты | Салауатты өмір салтына байланысты дене тәрбиесінің жұмысы өз деңгейінде орындалуда. Барлық сыныптарда салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. Мысалы: Денсаулық фестивалі, дала жаттығулары, мектеп лигасы, спорт апталықтары | Жоғары сынып оқушыларының спорт үйірмелеріне көптеп тартылмауы. Спорт үйірме жұмыстарының жүргізілуінің дұрыс қадағаланбауы. Жас спортшылардың стендісін жасап, насихатталуы ақпараттың аздығы. | Спорт үйірмелерін бір жүйе бойынша, уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау арқылы, үлкен жетістіктерге жету және үйірме жетекшілеріне міндеттемелері-нің тиянақты орындалуын бақылау. | Қауіпсіздік ережелері сақталмауынан жарақаттың көп болуы |
« Ұлдар» ұйымы | Ұлдар өзара тату, ынтымақтастыққа араласады. Жоспар құрылған. | Ұлдар ұйымы жетекшісі, ер мұғалімдері арасында байланыс жоқ. | Өзін-өзі басқару күндері, мектептен тыс шараларда ұлдар көшбасшылық етуді қолға алса. | Ұлдар арасында іс-шаралардың жүйелі өтпегендіктен мектепішілік есепте ер баланың болуы |
«Қыз Жібек» қыздар ұйымы | Қыз тәрбиесіне қатысты шаралардың көп өткізілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында дәрігер маманмен кездесуі. | Аналар мектебінің жұмысының жоқтығы | Қыздар ұйымының жеке бас гигиенасын, мектеп формасын, тәртібін ай сайын қадағалауды қолға алса | Қыз балалармен жеке әңгімелесулер-дің жоқтығы |
Ата-аналар ұйымы | Сыныптар арасында ата-аналар жиналыстарға қатысуы бірқалыпты. Баланың білімі мен тәртібін біле алуы, т,б ақпаратты сынып жетекші арқылы мәлімет алуы. | Ата- аналардың балаларының тәрбие мәселесіне көңіл бөлмеуі немесе жұмыс бастылық бірінші орынға қойып, назар аудармауында. | Мектептердегі «Ата-аналар үні» жобасы, «Ата-ана қызметіндегі 10 күн» жобасы, «Ашық есік күндер» табиғатқа саяхат, спорттық іс-шаралар, қайырымдылық іс-шаралар | Мектеп психологының ата- аналармен жеке жұмыс жүргізбеуі |
«Жас ұлан» ұйымы | «Жас ұлан» ұйымы жұмыс жоспары жүйелі құрылған. | Есімі аталмайтын, еленбейтін балаларды араластыру деңгейі төмен, сыныптар арасында білім сайыстарын жиі өткізу | Сыныптан тыс шаралар, байқаулар, сайыстардың көп өткізілуінен бір бала бірнеше байқауларға қатысады. | Жас ұлан ұйымының атауына сәйкес антқа адал болуы, жүрекпен сезіну деңгейін көтеру. «Жас ұлан» ұйымына сәйкес оқушылар патриоттық бағытта жұмыстардың аз жүргізілуі |
Тәрбие жұмысының сыныптар бойынша мониторингі:
Қорыта келгенде, мектептің тәрбие жұмысына талдау жасай отырып, нақты жіберген кемшіліктеріміз бен олқылықтарымызды айқын біліп отырдық, тәрбие үдерісінде орын алып жатқан проблемалардың себебін анықтадық. Мектептегі тәрбие процесі үдерісіндегі мәселелерді шешу үшін SWOT- талдау әдісі тиімді екеніне көз жеткіздік.
5) білім алушылардың жеке мүдделерімен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейлері):
2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын жаратылыстану - математикалық бағыттарда бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша оқытылды.
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндері бойынша білім мазмұнын таңдауда 10-сынып білім алушылары физика және биология оқу пәндерін, 11-сынып білім алушылары физика және география оқу пәндері бойынша таңдап, білім алуға жағдай жасалып оқытылды.
7)ҮОЖ-ға сәйкес жүзеге асырылатын вариативті компоненттің таңдау курстарымен факультативтерін іске асыру:
2022-2023 оқу жылында білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес мектепте үлілік оқу жоспарынының вариативтік компонентінен белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтарды таңдау бойынша 1- сыныптарда 1 сағаттан «Математика және логика» 2-сыныптарда 1 сағаттан «Математика және логика», 3-сыныптарда 1 сағаттан «Математика және логика», 4-сыныптарда 1 сағаттан, «Математика және логика» тақырыптарында берілді. Негізгі орта білім берудің 5,6,7,8,9-сыныптарында Жаһандық құзіреттіліктен 0,5 сағаттан, Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің 10- сыныпта « Дала жаттығулары» курсына 1 сағаттан, 11- сыныптарда вариативтік компоненттен « Графика және жобалау» курсына 1 сағаттан берілді.
2022-2023 оқу жылындағы вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары:
1-4 сыныптар | |||||
№ | Сыныбы | Таңдау бойынша сабақтар | Сағ ат саны | Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар | Сағат саны |
1 | 1 «А» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
2 | 1 «Ә» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
3 | 2 «А» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
4 | 2 «Ә» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
5 | 3 «А» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
6 | 3 «Ә» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
7 | 4 «А» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
8 | 4 «Ә» | - | - | « Математика және логика » | 1 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар | ||||
1 | 5 «А», «Ә», «Б» | Жаһандық құзыреттілік | 1,5 | |
2 | 6 «А», «Ә» | Жаһандық құзыреттілік | 1 | |
3 | 7 «А», «Ә» | Жаһандық құзыреттілік | 1 | |
4 | 8 «А», «Ә» | Жаһандық құзыреттілік | 1 | |
5 | 9 «А», «Ә» | Жаһандық құзыреттілік | 2 | |
6 | 10 | «Кәсіпкерлік және бизнес» | 1 | |
7 | 11 «А», «Ә» | «Кәсіпкерлік және бизнес» | 2 | |
Элективті курстар | ||||
1 | 10 | «Дала жаттыгулары» | 1 | |
2 | 11 | «Графика және жобалау» | 1 | |
Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.
Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандайда болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайыкәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында,ӨҚН пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып,оқушыларға терең білім беріледі.
«Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.
Сондықтан да оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс. Олай болса өмір қауіпсіздігі –өз өмірін өзі сақтап қалу емес, көрші-көлем, дос-жарандарының өмірінің қауіпсіздігіне көмектесу. Сонымен – өмір қауіпсіздігі, яғни олардың-бәріміздің өміріміздің қауіпсіздігінің қарапайым қағидалары. Ол қағидаларды барлық оқушы біліп, үйренулері керек. Балаларға үйретілген білім, өмірде төтенше жағдайдан құтқарылуға көмектеседі.
2022-2023 оқу жылында
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы негізінде «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсы міндетті түрдеоқыту қамтамасыз етілуде, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылып, Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының мазмұны 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан, 5-9 сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 15 сағаттан,
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 10-11 сыныптарда 12 сағаттық жылдық оқ жүктемесімен алғашқы әскер дайындық пәнінің оқытушысы-ұйымдастырушыларының оқытумен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар оқу уақытында жүргізіліп келді. Мектепте террористік әрекеттің алдын алу, мекеме объектісін және ондағы қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында бұйрық шығарылып, арнайы өткізу режимі бойынша объектіге кірер есікте келушілерді вахтер құжаттары арқылы журналға тіркеп, олардың кіріп шығуылары бақылауға алынды. Жамбыл облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының шешімін орындау мақсатында мектепте жоспарлы түрде 2023 жылдың 6 сәуір «Жер сілкінісі және өрт кезінде оқушылардың іс-қимылдары» сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу жоспар бойынша I-ші ауысымда сағат 11:30 - да, II ауысымда сағат 16:00-де өткізілді. Жаттығу өз деңгейінде өткізілді. 2023 жылдың 24 ақпан күні «Мұғалімдер ұжымы,кіші кызметкерлер және оқушылардың су тасқыны кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында сейсможаттығу өткізілді. 2023 жылдың 27 қаңтарында «Мұғалімдер ұжымы,кіші кызметкерлер және оқушылардың өрт шыққан кезіндегі іс-әрекеті» атты тықырыпқа сейсможаттығу өткізілді.
2023 жылдың 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күніне арналған 5-9,10-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда бейнефилімдер көрсетілді, 10-11 сыныптар арасында әскери- спорттық жарыс өткізілді. Мектепте АҚ және ТЖ құрылымдары сейсможаттығу өткізілді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жоспары бойынша мектепте айына екі рет штаб құрамымен, топ командирлерімен, мұғалімдер және техникалық қызметкерлерімен тақырыптық сабақтар және тоқсан сайын сейсможаттығулар жүргізіліп тұрады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйрық шығарылып, іс–шаралар жоспары құрылды, «Қауіпсіз мектеп» акциясы өткізілді. Жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефон линиясы көрсетілген сенім телефоны, сенім жәшіктері ілінді. «WhatsApp»желісі арқылы интернет қауіпсіздігі туралы ата–аналар, педагогтар және оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,зорлық– зомбылықтың алдын-алу мақсатында психологиялық диагностикалау нәтижелері зерделеніп, ата – аналарға құқықтық, психологиялық кеңес берілді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Ибраимов Кенжебек оқушыларға «Қысқы уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. «Терроризмге қарсы төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмдері»тақырыбындатүсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Өрт қауіпсіздігі және қажетті іс-қимылдар» атты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілген тактикалық оқу жаттығу өткізілді. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұйрыққа сәйкес оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға байланысты мектеп ұжымына лауазымдық міндеттерге сәйкес жауапкершіліктер бөлініп берілген. Осы бұйрық негізінде мектептің ішкі тәртіп ережесіне бөгде адамдарды кіргізбеу, санитарлық талаптарды сақтау, терроризмге қарсы іс-әрекеттер жасау туралы ережелер кіргізілген.
Мектепке келу, кету бағыты және көшелер, қиылыстар көрсетілген сызбалар сызылып, жинақталған.
Мектеп қызметкерлері мен оқушыларды терроризмнен қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
-қызметкерлер мен оқушыларға төтенше жағдайдағы қауіпсіздік іс- қимылдарына үйрету,
-туындаған төтенше сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру амалдары туралы,
-терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен терроризмге қарсықауіпсіздікті сақтау туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Мұғалімдер ұжымы, кіші қызметкерлер және оқушыларды өртке қарсы және апаттық жағдайда эвакуациялау" атты сейсможаттығуы өткізілді. Сейсможаттығуы кезінде оқушылар мен қызметкерлер нұсқаулық бойынша дұрыс эвакуацияланды, эвакуациялау барысында баланың жылап жатқан дауысы естілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар командасы дереу іздестіру жұмыстарына кірісті, нәтижесінде түтіннен қатты тұншығып жатқан баланы тауып далаға шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырып, керекті медициналық көмек көрсетілді. Мектеп психологы Т.Бүйенбаева балаға қажетті психологиялық көмек көрсетті. Осылайша оқу-жаттығуы арнайы топтардың дұрыс ұйымдастырылған жұмысының арқасында сейсможаттығу жоғары дәрежеде өткізілді.
9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру:
2022-2023 оқу жылында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы негізінде «Жолда жүру ережелері»оқу курсының мазмұнын 14 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады. «Жол қозғалыс ережелері» оқу курсы 5-8 сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады.
Бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысында пайдаланушылардың жеке қауiпсiздiгi мен жеке қауiпсiздiгi мәселелерiне балалардың саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру, жолдардағы қауiпсiз мiнез-құлықтың бiлiмдерi мен практикалық дағдылар жүйесiн кеңейту.
Негізгі міндеттері:
Жолдағы оқушылардың мінез-құлық мәдениетінің жалпы деңгейін арттыру. Мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде жол қозғалысы ережелерін белсенді насихаттау, балалардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу.
Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмеккөрсете білу.
Білім беру бағдарламасын іске асыру шарттары:
Жол жүрісі ережелері бойынша жабдықталған кабинет, суретті велосипед жүргізуге арналған алаң, интернет-ресурстарға үнемі қол жеткізу, балаларға арналған әдістемелік және көркем әдебиеттерді іріктеу, түрлі-түсті иллюстрациялар топтамасы, плакаттар, жол белгілерінің жиынтығы, Жол жүрісі ережесі бойынша бейнекітапхана, тақта және әдістемелік ойындар, қорғау құрылғылары бар велосипедтер, компьютерлерге қол жеткiзу, медиаойындар, жарыстарға шығуға арналған арнайы киiмдер.
Мектеп қызметкерлері қатарынан жол полициясы инспекторларымен, медицина қызметкерлерімен, ата-аналармен және басқа да мамандармен тығыз байланыс маңызды рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушылары:
Білу керек:
Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер; жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері;
бағдаршамдар мен реттегіштердің, жол белгілерінің мәндері; жол таңбаларының мақсаты;бағыт көрсеткіштері мен қолдары бар сигналдар беру, көлік құралдарын қайтақұру;
«Басып озу» және «Қарсы» белгілері;
қауіп-қатерді қалай тануға және болжауға болады;
жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шегушіге көмек көрсетудің негізгі әдістері.
Мүмкін:
көлік құралдарының реттелетін және реттелмейтін қозғалысы бар көшелер мен жолдардың қауіпсіз қиылысатын орындарын дербес анықтайды;
жолды шарлап, қауіпті жағдайларды анықтау;
ойнау және велосипедпен жүру үшін қауіпсіз орындарды анықтау;
бекітілген маршруттық көліктің аялдамаларында, одан отырғызу және түсіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау;
кішкентай оқушыларға жолдарда өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігін, бағдаршамдарға, реттегіштерге, жол белгілеріне қалай назар аудару керектігін дұрыс, анық және қызықты түсіндіру;
жараларға, қан кетулерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
Орта буын оқушылары:
Білу керек:
көлік құралдарына қойылатын негізгі ақпарат пен қауіпсіздік талаптары; жол қозғалысы ережелері — нормативтік құжат;
бағдаршамдардың түрлері және олардың сигналдары. бағдаршамды басқару әдістері мен әдістері;
Таңба топтары және олардың мақсаты велосипедші қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мен жол қозғалысы ережелерін;
көлік құралдарының жүріс бөлігіне орналасуы; қозғалыс жылдамдығы;
қиылыстардан өту;
көлік құралдарын басып озу, тұрақтау, тоқтату;
сынған, жарақаттанған шок болғаны үшін алғашқы медициналық көмек көрсету;
кардиологиялық белсенділікпен тыныс алуды кенеттен кідірту кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
Мүмкін:
қозғалыс жағдайларында бағдарлау (қауіп-қатерді тану және барабар шешімдер қабылдау)
Ата-аналар мен мектептің қоғамдық кеңесі мүшелерінің балалар жарақатының алдын алу бойынша ЖЖЕ, ЖҚН жұмысына белсенді қатысу.
Балалардың шығармашылық және ойлау дағдыларын дамыту. 2022-2023 оқу жылындағы сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін, сондай- ақ оларды оқыту деңгейін ескере отырып жоспарланды. Оқытуға ерекше назар аударылады – «үйрену, өзіңізді бақылау және басқаларды үйрету» жол қозғалысы ережелері мен практикасы бойынша медицинада «байқап көріңіздер, түсінуге тырысыңыздар және табысқа жетесіздер». Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларымен күнделікті практикалық сабақтарды қамтиды.
Бұл бағдарламаны игеріп, бала өз құрдастарымен салыстырғанда жаяу жүргінші немесе жүргізуші ретінде әрекет ете отырып, жолда қауіпсіз мінез- құлық саласында барынша хабардар болады. Ол жол-көлік оқиғасы жағдайында ғана емес, күнделікті өмірде де алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, жол-көлік жағдайында бағдарлаудың бірқатар пайдалы дағдыларын меңгереді. Қалауы болса, бала оқуын жүргізуші мектебінде жалғастырады. Болашаққа көз жүгіртсек, өз білімдері мен дағдыларын балаларына тапсыра алатын болашақ тәртіпті ата-аналарды тәрбиелеп жатырмыз деп айтуға болады.
Оқудың әр жылының бағдарламаларында мынадай бөлімдер бар:
Әрбір бөлімді зерттеуге арналған сағаттар санын талдау көрсеткендей, оқудың үшінші жылына қарай алынған білім мен практикалық тәжірибені бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, бастауыш мектепте оқуға және тіпті мектеп аумағында кезекшілікке және ауылдарда патрульдік көліктерге жас жол инспекторларын тартуға баса назар аударылды.
Болжанатын нәтижелер:
Сабақтарды неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін шағын жас топтарына бөлуге болады. Оқушылардың қызығушылығы тек бұқаралық іс-шараларға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін, әкімшілік және қылмыстық құқықты жаңа теориялық және практикалық білім алу үдерісіне де айтарлықтай ұлғаяды.
Жанама критерийлер: жауапкершілік сезімін және өзара көмек пен өзара көмекті дамыту, жол қозғалысына құзыретті пайдаланушыларды жаяу жүргінші ретінде де, жүргізуші ретінде де тәрбиелеу, өзін-өзі сақтаудың жоғары сезімін және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын дамыту болып табылады.
Бастауыш сыныптарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стендтер қолданылады, онда оқушыларға ЖКО-ға түспеу үшін көшеде өзін қалай ұстау керектігі туралы кеңестер; балалар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты аудандық және мектептегі іс-шаралар туралы есептер; жол қозғалысы ережелері бойынша жарыстардың жеңімпаздары туралы мәліметтер; ата-аналарға ұсынымдар беріледі.
1-2 қабаттарда демалу кезінде оқушыларды, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйретуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат алды.
Көшелер мен жолдарда қауiпсiз мiнез-құлық жөнiнде практикалық сабақтар өткiзу және жол қозғалысы ережелерiн бiлуде ахуалдық дағдыларды үйретуге арналған жаяу жүргiншiлер қиылысы жобаланады. Барлық сынып мұғалімдері осы қиылыста практикалық сабақтарды жоспарлап, өткізді.
Мектептен тыс уақытта жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстары бекітілген профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді, ол оқу- тәрбие жұмыстарының жоспарына енгізілді.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуда «Қиын бала болмайды» аудандық жобасы негізінде жол қозғалысы ережелерін үйретуде мектептен тыс оқушылардың атқаратын жұмыстарына үлкен мән берілді. Қозғалыс қауіпсіздігі қағидалары мен талаптарын сақтай отырып велосипедті жүргізу; алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық көмек көрсету әдістерін қолдану; оқушылармен ойындар, әңгімелер өткізу, үгіт-насихат бойынша әңгімелесу; жаднамалар таратылды.
Сынып жетекшілері балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша іс-шараларға үлкен мән беріп, өз жұмысын жол полициясының қызметкерлерімен тығыз байланыста жүргізеді, балалардың жол қозғалысы ережелерін зерделеу және оларды насихаттау нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіріп, ұлттық сипаттағы білім беру жүйесінің педагогикалық тұжырымдамасын басшылыққа алады. Мұндай жүйенің басымдығы әрбір тәрбиеленушінің тұлғасы, оның дамуы мен қорғалуы болып табылады. Жол-көлік жарақаттарының алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру балалардың жеке ерекшеліктеріне негізделеді және жас сатылары бойынша сараланады.
Барлық білім беру кезеңінде балалар жолда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дарытып, нығайтады. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелерге және көліктің түрлі түрін пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс кешенді түрде жүргізіледі: мектептегі білім беру бағдарламаларын іске асыруда, мектептен тыс іс-шараларда жүргізіледі.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мектепте жыл сайын жол қозғалысы ережелерін зерделеу және қолдану бойынша онкүндік өткізіледі. Онкүндік аясында орта мектеп оқушылары үшін әңгімелер, кіші сынып оқушыларына арналған викториналар мен ойындар, қабырға газеттері мен жол қозғалысы ережелері бойынша суреттер байқаулары өткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін зерделеу жұмыстарын анағұрлым мазмұнды әрі қызықты ету үшін дидактикалық және әдістемелік материалдар: плакаттар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар, кітапшалар және т.б. көмектеседі.
Оқушылардың жол жүрісі ережелеріне, жолдағы және қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережелеріне қатысты нұсқауларды сақтауына көп көңіл бөлінуде. Мұндай нұсқаулықты түсіндіру жұмысы әр демалыс алдында және жазғы сауықтыру науқаны кезінде тұрақты түрде өткізіледі.
Сынып жетекшілері жыл бойы жол көлігіне қатысты қауіпсіздіктің, жол апаттарының алдын – алу жөнінде тоқсан сайын ата-аналар жиналыстарында және де сынып сағаттарында ЖЖЕ туралы түсіндіру жұмыстарын өткізілді. Соңғы үш жылдың аралығында мектеп оқушыларының қатысуымен жол көлік оқиғалары тіркелмеген.
Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
10) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы
Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес белгіленген. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар, яғни әр білім беру деңгейлеріндегі соңғы төрт жылдағы білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі төмендегі кестеде көрсетілген. Сыныптар бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы көлемі сақталған.
2022-2023 оқу жылдарындағы білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі
11) инвариантты және вариативті (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) компоненттерін құрайтын білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ белгілеген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы:
2022-2023 оқу жылы | |||
Инв | вар | жалп | |
1сын.қаз | 18.5 | 1 | 19.5 |
2сын.қаз | 23 | 1 | 24 |
3сын.қаз | 25 | 1 | 26 |
4сын.қаз | 25 | 1 | 26 |
5сын.қаз | 28 | 0.5 | 28.5 |
6сын.қаз | 28 | 0.5 | 28.5 |
7сын.қаз | 31 | 0.5 | 31.5 |
8сын.қаз | 32 | 0.5 | 32.5 |
9сын.қаз | 33 | 1 | 34 |
10сын.жмб | 32 | 2 | 34 |
11сын.жмб | 32 | 2 | 34 |
Сынып комплектісі | 1-4 cынып- 8 5-9 cынып- 11 10-11 cынып- 3 Барлығы – 22 сынып | ||
Сыныптар бойынша | 2022-2023оқу жылы | ||
жалпы | апталық | жылдық | |
1-сынып | 19.5 | 39 | 1365 |
2-сынып | 24 | 48 | 1728 |
3-сынып | 26 | 52 | 1872 |
4-сынып | 26 | 52 | 1872 |
5-сынып | 28.5 | 85,5 | 3078 |
6-сынып | 28.5 | 57 | 2052 |
7-сынып | 31.5 | 63 | 2268 |
8-сынып | 32.5 | 65 | 2340 |
9-сынып | 34 | 68 | 2448 |
10-сынып | 34 | 34 | 1224 |
11-сынып | 34 | 68 | 2448 |
Сыныпты екі топқа бөлу ауылдық жер болғандықтан білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда жағдайда 2022-2023 оқу жылында негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 5-9-сыныптарда шетел тілі, көркем еңбек, информатика, сабақтарын жүргізу кезінде топтарға бөлу ұсынылды. Сыныптарда оқушы саны 20-дан кем болғандықтан топқа бөліп оқытылған сыныптар жоқ.
Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
13) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау
Мектепте оқу мерзіміне қойылатын талаптар, яғни тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптар мен сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптар сақталған. МЖМБС сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда 36 оқу аптасын құрады.
Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде берілді.
1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты берілді.
2022-2023 оқу жылдарының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрықтарытөмендегі кестеде көрсетілгені бойынша жүзеге асты.
Оқу жылдары | Бұйрық № | Мазмұны | ||||||
11 | сыныптарда | – | 34 | оқу | аптасы; | |||
2022-2023 оқу жылы | ҚР БҒМ 27.07.2022ж №437 Бұйрығына 13.01.2022ж №9 бұйрығымен енгізілген өзгерістер Мектеп директорының 31.08.2022 ж. №57 бұйрығы | 2022-2023 оқу жылының басталуы – 2022 жылғы 1 қыркүйек; оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы; оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында), қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында); 1-сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында) | ||||||
Мектепте 2022-2023 оқу жылының басталу мерзімі 2022 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.
Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда - 35 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда 36 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылсын.
Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1-11-сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қарашасы аралығында), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтары аралығында) , көктемгі – 9 күн, (2023 жылғы 18-26 наурызы аралығында) ;
1-сыныптарда: қосымша каникул -7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында)
5. Оқу-материалдық активтер:
1) Ғимарат туралы мәлімет(ғимараттипі, салынған жыл, жобалық қуаты, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарға қажеттілі кжәне т.б.):
С.Шәкіров атындағы орта мектебі 1958 жылы салынған, ыңғайластырылған ғимарат, жобалық қуаты 400 орындық. Оның ішінде мектеп асханасы бар. 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен, жылда ағымдағы жөндеу жұмыстарын білім бөлімі тарапынан бөлінген қаражатпен жүргізіледі.
2) Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі материалдық активтердің болуын емесе қолданылу мерзім ікемінде 10 жыл материалдық активтерді жалға алу туралы мәліметтер (кабинеттер, лекциялық аудиториялар, практикалық дәрістерге арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктіліктер, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және денешынықтыру залдары, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы (өткізу пункттері, санитарлық тораптар (унитаз, жуынатын раковиналар), білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейне бақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, тұру үшін жағдайлардың болуы):
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде жалпыға міндетті білім беру стандартын орындау үшін мектептің материалдық техникалық базасы талапқа сай жабдықталған.
2022-2023 оқу жылы бойынша материалдық, қаржылық мәліметтерге тоқталатын болсақ, мектепте 29 оқу кабинеті стандарт талаптарына сәйкес жабдықталған. Оның ішінде 2 - информатика кабинеті, 7 - бастауыш сынып кабинеті, асхана, медициналық кабинет, кітапхана, психолог кабинеті, химия зертханалық кабинеті, физика зертханалық кабинеті, мұғалімдер бөлмесі бар. 3 модификациялық кабинет бар, химия, биология және физика кабинеттері. Кабинеттер және басқа да зертханалар тиісті оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылған. Мектепте әр кабинет интерактивті тақта мен компьютер, магниттік тақта, киім шкафтары мен парта және орындық, су ішетін диспенсорлық құрылғымен жабдықталған. Медициналық кабинеттің лицензиясы бар. Мектепте жалпы 72 компьютер бар. 2 информатика кабинеті, 55 - оқу үдерісінде қолданылатын компьютерлер бар. Интернет жылдамдығы 40 Мбит/с. Мектеп ішкі локальдық және Wi-Fi желісімен жабдықталған.
Мектеп асхананың тамақ ішетін орын - 80 орындық.
Мектепте 12 унитаз, 1-еуі ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған. 8 жуынатын раковиналар, 16 бейне бақылау камерасы бар. Мектеп ішінде 9 бейнебақылау камерасы, сыртқа 7 камера орнатылған.
Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін оқу кабинеттерінде оқушыларға арналған қауіпсіздік ережесінің стендімен безендірілген. Көрнекілік құралдар және дидактикалық материалдар әр оқу кабинеті мен пәндерге байланысты жабдықталған.
Оқу- тәрбие үрдісін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жүргізу үшін мектептің материалдық-техникалық базасы негізгі кабинеттер және мектепалды дайындық тобы үшін жабдықталған. Кабинеттер техникалық- қауіпсіздік ережесін, өрттен қорғау ережелерін сақтау негізінде жабдықталған. Әр кабинет, мектеп залдары санитарлық нормаға сай жарықтандырылған. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мектептің барлық жиһаз-мүліктері, техникалық құрал-жабдықтары инвентарлық санаудан өткізіліп, тіркеуге алынған. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы дабыл қаққыш орнатылған.
3)Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы мәліметтер:
Мектепте медициналық кабинет - 1. Медициналық кабинетте холодильник - 1, кушетка – 1, кварц – 1, шкаф – 1.
4) edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы туралы мәліметтер:
С.Шәкіров атындағы орта мектебі 2022 жылдан ақпараттандыру саласы бойынша мектептің домендік сайтын ұзарту негізінде: shakirov-shu.mektebi.kz сайтымен жұмыс жүргізуде.
5) Жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы туралы мәліметтер:
Мектепте - 29 оқу кабинеті соның ішінде - 7 бастауыш сынып кабинеті бар. Әр бастауыш сыныптың оқу кабинетінде білім алушыларға жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтар бар.
6) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы туралы мәліметтер:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін мектепте пандус бар, шатыры орнатылған, шақыру түймесі бар, кіре берісте, дәлізде демалатын орны бар, 1- әжетхана бар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін толық жабдықталған, тактильдік жолдар жүргізілген, Браиль қарпінде жазылған тақтайша орнатылған.
7) Білім беру ұйымдарының жабдықтары мен және жиһаздарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандырылуы туралы мәліметтер:
Мектеп материалдық - техникалық жабдықтармен және жиһаздармен жалпыға міндетті стандартқа сәйкес толық жабдықталған. Мектептің іші - сырты толық жарықтандырылған. 2 - зертханалық кабинет бар, 1- химия зертханалық кабинеті, 1 – физика зертханалық кабинеті. Физика зертханалық кабинетінің жабдықтары: электроскоп-1, аспан глобусы-1, Паскаль шары-1, камертон-1, лупа-5, гір тастары-10, қозғалтқыш-1, микроскоп-1, күн жүйесі моделі, прожекторлар, оптикалық набор, амперметр-5, вольтметр-5, механикалық набор-1.
Химия зертханалық кабинеті сейф – 1, таразы – 24, холодильник – 1, құйғы – 18, шкаф – 8, сушилка – 1, тумба – 1.
8) Білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы туралы мәліметтер:
Мектеп асханасының тамақтану орын – 80 орындық. 1 – қойма бөлмелері бар, соның ішінде 1 – ыдыс жуатын бөлме, 1 - тамақ жасайтын бөлме, 1 – көкөніс сақтайтын бөлме, 1 – ет сақтайтын бөлме, 1 – холодильник цех, 1 – бұзылмайтын тағамдарды сақтайтын қойма, 1 – аспазшылардың киім ілетін бөлмесі қалғандары басқа да тағамдарды сақтайтын бөлмелер. 2 – холодильник, 36 орындық, 10 – стол, ыдыс жуатын орындар – 2 секциялы және 1 секциялы. Нан турайтын (хлеборезка) – 2, таразы – 1, көкөніс тазалайтын – 1, электрлік плита 4 комфорлық - 1, көкеніс сақтайтын жәшік – 1.
6. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор:
1) Оқу және көркем әдебиеттің кітапхана қорының болуы туралы мәліметтер:
2022-2023 оқу жылы мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры - 8614 дана, Оның ішінде: оқулықтар – 5130, көркемәдебиет -2956 дана, электронды оқулықтар – 307, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, дидактикалық материалдар – 221. Оқырман саны – 380, келушілер – 2680, кітап берілім саны – 3942. Бір балаға шаққанда 24 кітаптан айналып отыр.
Қорыта келе, мәлімдейтініміз мектеп оқушылары 100 пайыз толық оқулыктармен қамтылуда. Сонымен қатар атап айтар болсақ, 2022-2023 оқу жылы -1787 дана келіп түскен әр түрлі көркем әдебиеттер, кітапхана қорын жаңа басылымдарымен толықтырды.
Оқу және көркем әдебиеттің кітапхана қорының болуы туралы мәліметтер
Кітапханалық қор | 2022-2023жж. |
Көркем әдебиет | 2956 |
Оқулықтар | 5130 |
Әдітемелік, дидактикалық нұсқаулықтар | 221 |
Электронды оқулық | 307 |
Жалпы қор: | 8614 дана |
Мектепте 2 – компьютерлік сынып, 19 – интерактивті тақта, 113 – компьютер, соның ішінде оқу үдерісіне берілген компьютерлер саны – 39, интернет желісіне қосылған компьютерлердің саны - 39. Интернет жылдамдығы 20 Мбит/с. Мектеп ішкі локальдық және Wi-Fi желісімен жабдықталған.
7. Білім алушылардың білімін бағалау:
1) ЖП үлгілік оқу бағдарламаларына және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес тиісті білім берудің әр бір білім беру саласы (және оқу пәндері) бойынша білім алушылардың даярлық деңгейі (оқытудың күтілетін нәтижелері):
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер)
Әрбір білім беру мазмұны алты білім беру саласын құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика және информатика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Технология және өнер", "Дене шынықтыру".
"Тіл және әдебиет" білім беру саласына бастауыш сатыда әліппе, ана тілі, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі мен шетел тілі оқу пәндері, негізгі және жоғары буында қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі оқу пәндері;
"Математика және информатика" білім беру саласына математика және цифрлық сауаттылық, алгебра, геометрия, информатика оқу пәндері;
"Жаратылыстану" білім беру саласына жаратылыстану, физика, химия, биология, география оқу пәндері;
«Адам және қоғам» білім беру саласына дүниетану мен өзін-өзі тану оқу пәндері бастауыш сатыда және Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндері негізгі және жоғары буында;
" Технология және өнер" білім беру саласына көркем еңбек пен музыка пәндері;
"Дене шынықтыру" білім беру саласына дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәндері кіреді.
Бастауыш сатыда 2-сыныптан бастап 7 оқу пәндері бойынша білім алушылар бағаланады, яғни бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық жұмыстар орындалады, сабақ барысында формативті бағалау жүргізіледі.
5 және 6-сыныптарда білім алушылар 9 оқу пәндері бойынша; 7 және 8- сыныптарда 13 оқу пәндері бойынша, 9, 10 және 11-сыныптарда 14 оқу пәндері бойынша бағаланады.
Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:
тұлғалық нәтижелер;
жүйелік-әрекеттік нәтижелер;
пәндік нәтижелер.
Тұлғалық нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуінен;
белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан;
салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен;
адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке қабілеттілігінен;
үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;
әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, құқыққа қайшы және діни сипаттағы деструктивті әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады.
Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани- адамгершілік, шығармашылық және дене дамуы деңгейінің психологиялық- педагогикалық мониторингісі түрінде бағаланады.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен;
ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен;
заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді және базалық деңгейде, бейіналды жетік деңгейде (таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының негізінде) белгіленеді. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті минимум көлемін және олардың біліктілігі мен дағдыларын қамтиды. Білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесіменбағаланады.
Мектептегі білім беру жүйесінің жұмыс істеу нәтижелері білім алушылар мен түлектердің білім сапасымен, жетістік деңгейімен және әлеуметтену деңгейімен сипатталады. Педагогикалық ұжымның алдында білім беру ортасының инновациялық әлеуеті негізінде қызметтің сапалы көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету міндеті тұр.
2022-2023оқу жылы бойыншабілім сапасының көрсеткіштері:
Оқушы саны | |||
Барлығы | «4 пен «5» | ||
1-4 сыныптар | 143 | 78 | 73% |
5-9 сыныптар | 177 | 102 | 58% |
10-11 сыныптар | 36 | 20 | 56% |
Барлығы | 356 | 200 | 63% |
Биылғы 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында алдыңғы жылдармен салыстырғандағы білім сапасының төмендігі негізгі мәселе болып отыр. Бұл білім алушылардың негізгі буынға ауысу кезіндегі осы жастағы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерге, білімі төмен білім алушылардың әлсіз уәждеріне байланысты. Сондай-ақ сыныпты басқаруда және оқыту сапасында проблемалардың болуы (пән мұғалімдерінің ауысуы, мұғалімдердің инновациялық технологияларды пайдалану деңгейінің төмендігі), пән мұғалімінің мотивациясы төмен білім алушылармен жеке жұмысы және мотивациясы жоғары балалармен сараланған жұмысының жүйесіздігі.
Шешу жолдары: пән мұғалімдеріне сабаққа әдістемелік дайындықты күшейту, сабақта әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану, үлгерімі төмен білім алушылармен олқылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастыру.
Пәндер бойынша білім сапасының көрсеткіші 2-4 сыныптар 2022-2023 оқу жылы
Пәндер атауы | Сыныптар | ||||||||||||
2-сынып «А», «Ә» | 3-сынып «А», «Ә» | 4-сынып «А», «Ә» | Жалпы | ||||||||||
2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | ||||||||||
1 | Әдебиеттік оқу | 78 % | 77.% | 78% | 77.9% | ||||||||
2 | Орыс тілі | 78% | 100% | 75% | 79.2% | ||||||||
3 | Математика | 75% | 77% | 75% | 76% | ||||||||
4 | Дүниетану | 75% | 77% | 72% | 75% | ||||||||
5 | Қазақ тілі | 72.2% | 77% | 72% | 74% | ||||||||
6 | Жаратылыстану | 72% | 75.5% | 72% | 73% | ||||||||
7 | Шетел тілі | 72% | 77% | 72.2% | 75% | ||||||||
№ | Пән атауы | |||||||||||||||||
6 сыныптар | 7 сыныптар | 8 сыныптар | Жалпы | |||||||||||||||
2022-2023 оқу жылы «А» «Ә» I-жарты жылдық | 2022-2023 оқу жылы I-жарты жылдық | 2022-2023 оқу жылы I-жарты жылдық | 2022-2023 оқу жылы «А» «Ә» I-жарты жылдық | |||||||||||||||
1. | Қазақ тілі | 65 | 67 | 58.3 | 64 | |||||||||||||
2. | Қазақ әдебиеті | 65.5 | 81.4 | 64 | 79.1 | |||||||||||||
3. | Орыс тілі мен әдебиеті | 69 | 70.3 | 61 | 67 | |||||||||||||
4. | Математика | 65 | - | 65 | ||||||||||||||
5. | Алгебра | - | 63 | 61 | 62 | |||||||||||||
6. | Геометрия | - | 63 | 58 | 60 | |||||||||||||
7. | Қазақстан тарихы | 62 | 70.3 | 58 | 64 | |||||||||||||
8. | Дүниежүзі тарихы | 73 | 81 | 64 | 76 | |||||||||||||
9. | География | - | - | 74 | 74 | |||||||||||||
10. | Биология | - | - | 61.7 | 62 | |||||||||||||
11. | Химия | - | 81 | 69 | 73 | |||||||||||||
12. | Физика | - | 78 | 67. | 73.8 | |||||||||||||
13. | Информатика | 62 | 70 | 58 | 67 | |||||||||||||
14. | Ағылшын тілі | 65.5 | 81.4 | 64 | 72 | |||||||||||||
15. | Жаратылыстану | 78.3 | 77.2 | - | - | |||||||||||||
№ | Пән атауы | Сыныптар | |||||||||||
9 сыныптар | 10 сыныптар | 11 сыныптар | Жалпы | ||||||||||
2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | ||||||||||
1. | Қазақ тілі | 59 | 67 | 87.5 | 69.4 | ||||||||
2. | Қазақ әдебиеті | 59 | 67 | 87.5 | 69 | ||||||||
3. | Орыс тілі мен әдебиеті | 59 | 58 | 71 | 65 | ||||||||
4. | Математика | - | - | - | - | ||||||||
5. | Алгебра | 53 | 58 | 63. | 60 | ||||||||
6. | Геометрия | 59 | 58 | 63. | 61 | ||||||||
7. | Қазақстан тарихы | 58 | 67 | 79.2 | 71 | ||||||||
8. | Дүниежүзі тарихы | 68 | 67 | 63 | 64 | ||||||||
9. | География | 68 | 75 | 83 | 73 | ||||||||
10. | Биология | 68 | 75 | 78 | 74 | ||||||||
11. | Химия | 77 | 58 | 79 | 74.4 | ||||||||
12. | Физика | 75 | 65 | 86.6 | 74.4 | ||||||||
13. | Информатика | 62 | 58 | 79 | 65.5 | ||||||||
14. | Ағылшын тілі | 59 | 75 | 79 | 71.7 | ||||||||
15. | Жаратылыстану | - | - | - | - | ||||||||
16. | Құқық | 59 | 67 | 62.5 | 64.2 | ||||||||
2020-2023 оқу жылдарындағы бітіруші сыныптар 9, 11-сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіші
Оқу жылдары | 2022-2023о/ж | |||
Бітіруші сыныптар | Оқушы саны | Білім сапасы | Үздік аттестат алған | Алтын белгі |
9-сынып | 34 | 53% | 4 | - |
11-сынып | 24 | 54% | 2 | 3 |
11 сыныптар бойынша 2022-2023 оқу жылында 3 білім алушы Базарбай Анел, Сегізбаева Нурила, Өсерханқызы Назерке «Алтын белгі» иегерлері атанды. 2 білім алушы Арғынбай Аяулым, Сатыбек Ақпейіл «Үздік аттестат» иегері атанды.
Анықталған кемшіліктер: 1. Оқу пәндері бойынша сабақтарға қатысу кезінде пән мұғалімдерінің жаңа білімді түсіндіруде олқылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыра алмауы.
2022 – 2023 оқу жылында 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2023 жылғы 2 маусым – 13 маусым аралығында өтті.
11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 маусым – 19 маусым аралығында өтті.
9-сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
- қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, жазбаша жұмыс (эссе) – 2023 жылғы 2 маусымда өткізілді;
- математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусымда өткізілді;
- орыс тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан - 2023 жылғы 9 маусымда өткізілді;
- таңдау пәні (қазақстан тарихынан) бойынша ауызша емтихан - 2023 жылғы 13 маусымда өткізілді;
- 11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтайотырып:
- қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусымда өткізілді;
- алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусымда өткізілді;
- қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусымда өткізілді.
- таңдау пәні ( құқық негіздері) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 19 маусымда өткізілді.
Мектепте 11 - сыныптар бойынша 3 білім алушы Базарбай Анел, Сегізбаева Нурила, Өсерханқызы Назерке «Алтын белгі» иегерлері атанды. 2 білім алушы Арғынбай Аяулым, Сатыбек Ақпейіл «Үздік аттестат» иегері атанды.
Анықталған кемшіліктер: 1. Оқу пәндері бойынша сабақтарға қатысу кезінде пән мұғалімдерінің жаңа білімді түсіндіруде олқылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыра алмауы.
2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптардысақтау;
Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.
2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, яғни үй тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап ететін пәндерді бір күнге топтастырмау мүмкіндігі қарастырылған. Білім алушыларға үй тапсырмалары олардың орындау мүмкіндігін ескере отырып, мынадай шамада беріледі: 2- сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығы). Демалыс және мереке күндері, бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін үй тапсырмасын берілмейді.
Бастауыш сынып пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары пәндердің кіріктірілуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, олар «шиыршық» қағидасына негізделеді, соған сәйкес әр оқу мақсаты және белгілі бір академиялық кезеңнен кейінгі әрбір тақырып біртіндеп тереңдете отырып, күрделене түседі және білім мен дағдылардың көлемін арттырады.
Көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану пәндерінен үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беріледі. Кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеуде:
таңдалған пәндердің әрқайсысының бағдарлама материалдары мен оқу мақсаттарынан шығуы;
пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келетін тиісті тәсілдерді қолдануға және оқу мақсаттарына жетуге үлес қосуға;
сабақта орындалған тапсырмалардың қайталануын болдырмау;
саралау мүмкіндіктерін қарастыру көзделген.
Білім алушылар сабақта оқу мақсатына жетсе, үйге тапсырма берілмейді.
Әр түрлі үй тапсырмасының біріктірілуі, механикалық есте сақтаудан бас тарту, типтік жағдайларды қайталау, үлгі бойынша стандартты іс-әрекеттер, көптеген тапсырмалар мен балалардың мүдделеріне бағдарлау және олардың денсаулығын сақтау – бұл заманауи мектептің үй тапсырмасына қойылатын талаптары болып табылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдері төмендегі талаптарды орындайды:
білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейінхабардар ету;
үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
көлемі аз тапсырмалар және көлемі көп тапсырмаларды үйлестіріп беру;
сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу.
Анықталған кемшіліктер: 1.Электронды журналда кей пәндерде үй тапсырмасы графасында орындалатын тапсырмалардың нақты түрі белгіленбеген.
2) білім алушылардың білімін бағалау өлшем шарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру және формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақтау:
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін де ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады.
Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүргізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:
- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
- әр оқу жылына арналған «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты;
- Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулығы;
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;
- Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
- Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
- Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
- Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.
Жиынтық бағалауды мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданды. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау критериалды бағалау ережесіне сәйкес өткізілді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік нұсқау хат бойынша жүргізілді және әр пәннің жиынтық бағалауы бойынша спецификацияға сүйене отырып дайын үлгідегі жиынтық бағалау тапсырмаларын бастапқы оқу жылдары қолданыста. 2-4 сыныптарда аптасына 1 сағат болатын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде, 5-11 сыныптарда 1 сағат болатын информатика, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, 7-сыныпта химия пәндерінде тоқсанына бөлім бойынша жиынтық бағалау және жарты жылда 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау алынады, 2-4 сыныптарда қазақ тілі, математика, орыс тілі, шетел тілі, әдебиеттік оқу пәндерінде, 5-11 сыныптарда қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география пәндерінде тоқсанына әр бөлім сайын жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау жүргізіледі. Бөлім бойыншы жиынтық бағалау үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы қадағаланады. Алынған БЖБ және ТЖБ балдарын электронды журнал kundelik.kz-ке кіргізіледі. Қазіргі таңда пән мұғалімдері жиынтық бағалау тапсырмаларын өздері құрастырады.
Әр пән мұғалімі алынған бөлім бойынша жиынтық бағалаудың мониторингісін тоқсан сайын шығарып, салыстырмалы сипаттамаларын жүргізіп, тоқсандық жиынтық бойынша модерация хаттамалары толтырылады. Биылғы оқу жылында БЖБ мен ТЖБ сараптама жүргізу ҚР БжҒМ №130 бұйрығындағы көрсетілген үлгі бойынша жүргізілді.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес тоқсан сайын бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың жүргізілуі және уақытылы электронды күнделікке енгізілуі, күнделік бойынша әр мұғалімнің жасалынған жұмысы сарапталынып отырды.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес ТЖБ алу кестесі бойынша бір күнде бір сыныптан 3 сабақтан артық ТЖБ алынбайды.
Ата-аналар Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмаларын күнделікте көріп, бақылап отырады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізілмейді. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады: - тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді; - тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.
Жиынтық бағалау (ЖБ) | Үлес салмағы |
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ | 50% |
Тоқсандық ЖБ | 50% |
Тоқсандық баға: | 100% |
Педагогтар тарапынан формативті бағалау жүргізу барысында электронды журналға уақтылы қойылмауы немесе толықтыру мақсатында тоқсан соңындақоюы анықталды.
Педагогтар тарапынан қойылған жиынтық бағалаулар мен формативті бағалауларға өзгерістер енгізу арқылы білім алушылардың бағаларын көтермелеуі анықталды. Кей кезде интернет желісінің жылдамдығының төмендігіне байланысты кейбір қойылған ұпайлар жүктемеде тұрып қалып, ол ескі мәндегі ұпай болып белгіленіп, жаңа мәнге қайталанып түскен кемшіліктер анықталды.
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде кейбір пән мұғалімдерінің білім алушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін ескермеуі;
ТЖБ алған күні формативті баға қойып жіберген педагогтар анықталды.
Кейбір пән мұғалімдерінде БЖБ тапсырмаларының дескрипторларын дұрыс құрастырмауы;
Қателік жіберген педагогтардан дер кезінде түсініктеме алынып ескерту берілді. Күнделік жүйесін толтыру, бағалау кезінде қателіктері қайталанған педагогтарға тәртіптік шара берілді. 2022-2023 оқу жылында Kundelik.kz электронды журналын толтыру кезінде жіберген қателіктері үшін Нурмахамбет Мейржан, Жарқынбаев Данияр, Хакимова Мөлдір, Айдаралиева Айнур, Адамбекова Аселдерден түсініктеме алынып, тәртіптік шара берілді.